Ұлт-Азаттық Қозғалыс



Дата18.04.2022
өлшемі36 Kb.
#139904
Байланысты:
Қазақстанның қазіргі заман тарихы





  1. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары

Ұлт-Азаттық Қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес. Бұл қозғалыстар орта ғасырлардан бастау алады. Орта ғасырларда халықтар мен ұлттық топтар жат жерлік езгіге қарсы күресіп, өздерінің өмір сүріп, даму құқықтарын қорғады (мысалы, оңтүстік славяндардың түрік үстемдігіне, чех халқының неміс отаршыларына қарсы күресі, т.б.).
16 — 19 ғ-ларда ұлттық сананың өсуі шетелдік құлданушылар мен езгіге ұшыраған халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың шұғыл шиеленісуіне себеп болып, жат жерлік үстемдікке қарсы күреске шаруалар мен қала халқының қалың топтары тартылды. Оған капит. қатынастардың дамуы нәтижесінде жалпы ұлттық рыноктың құрылуы себеп болды. Мемлекеттілігі жоқ немесе одан айрылған халықтардың ұлт-тық мемлекеттер құруға ұмтылысы үстем ұлттардың қарама-қарсылығына ұшырады. Мысалы, патшалы РесейГермания мен Австрия-Венгрия езгісіне түскен поляк халқы, Австрия-Венгрия империясы құрамындағы чехтар, словактар, словендер, хорваттар, т.б. Осының нәтижесінде халықтардың өзін-өзі билеуге қол жеткізуіне ұмтылған ұлттық қозғалыстар пайда болды. Бұл қозғалыстар демокр. сипат алып, оны ұлттық буржуазия өкілдері басқарды. 16 — 18 ғ-лар Батыс Еуропа, Солт. Америка елдері үшін ұлттық қозғалыстардың даму және ұлттық мемлекеттердің қалыптасу дәуірі болды (Нидерланд бурж. революциясы, Солт. Америкадағы Тәуелсіздік үшін соғыс, т.б.). 19 ғ-дың 2-жартысында Германия мен Италияның бірігуі аяқталып, болгар, румын, серб ұлттық мемлекеттері өмірге келді. Чехполякфин халықтарының тәуелсіздік үшін күресі өріс алды. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) жылдары Еуропа халықтарының гитлеризмге қарсы күресі де белгілі бір мөлшерде ұлт-азаттық сипат алды.
19 — 20 ғасырларда Ұлт-Азаттық Қозғалыснегізінен Азияда, Африка мен Латын Америкасында күшейді. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде ірі державалардың экспансиясы бұрын-соңды болмаған құлаш жайып, отарлық жүйе пайда болды. АзияАфрика мен Латын Америкасы елдері монополистік капитал тарапынан ұлттық езгі мен қанаудың нысандарына айналды. Бұл елдердегі Ұлт-Азаттық Қозғалысметрополия мен езілген халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың ерекше шиеленісуінің көрінісі болды. Осы елдердегі Ұлт-Азаттық Қозғалыстың нәтижесінде 1945 — 73 ж. 1,5 млрд-тан астам адам отарлық және жартылай отарлық езгіден құтылып, 70-тен аса жаңа ұлттық мемлекет пайда болды (қ. Отаршылдық, Отаршылық соғыс). Халықтардың ұлттық мемлекеттілікті құруы тарихи жеңіс болып табылса да, Ұлт-Азаттық Қозғалысміндеттерін толығынан шеше алмайды. Оның жаңа кезеңі-метрополиядан толық экон. тәуелсіздікке ие болу үшін күресу. Сондықтан әлеум.-экон. прогресс мәселесі — Ұлт-Азаттық Қозғалыс процесінің негізгі буыны болып табылады. 18 — 20 ғ-ларда қазақ даласында Ресей отаршыларына қарсы бірнеше ірі-ірі Ұлт-Азаттық Қозғалысболып өтті.Ұлт-Азаттық Қозғалыскөсемдері:

  • Сырым

  • Исатай

  • Махамбет

  • Кенесары

  • Жанқожа

  • Амангелді

Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы; Он алтыншы жылғы көтеріліс. Қазақстан, Балтық бойы, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі Ұлт-Азаттық ҚозғалысКеңес Одағының ыдырап, ТМД-ның құрылуына негіз болды.





  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып алуға тырысқан агрессиялық пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты. Автро-Герман блогының құрамында Германия,Австрия-Венгрия,Түркия және Италия болды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басты себебі: империалистік державалар арасында, ең алдымен Германия мен Англия арасындағы отарлар мен ықпал ету аймағы үшін күрес болды. Соғысты бастаған герман империалистері, ал соғысқа кінәлі барлық елдің империалистері болатын. Негізі соғыс екі жақтан да басқыншылық сипатта болды. Ресей соғысқа 1914 жылы 19 шілдеде (1 тамыз) кірісті. Австро –Герман блогының ойлаған жоспары - Францияға соққы беріп, Париж арқылы Англияны, содан кейін бар күшті Ресейге жұмсау еді. Бірақ Ресей соғысқа өте қызу араласты.
Осы кезде Ресей империасының жалпы жағдайы мүшкіл еді. Соғыс күн сайын өрши түсті, аса ауыр қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек, азық-түлік беруді талап етті.1915 жылы армияны жабдықтауда қиыншылық, дағдарыс басталды. Әскери бөлімдерде мылтық пен оқ жетіспеді.1915 жылы өнеркесіптер армияны жабдықтауды біршама жақсартты. Дегенмен, бұл оң өзгерістер майдан қажеттіліктеріне бұрынғысынша ілесе алмады. Ресейде болаттың, шойынның нашар өндірілуінен қажетті мөлшерде өнімін бере алмады. Отын мен электор қуатының тапшылығынан көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. Мұнай мен көмірдің өндірілуі мүлде нашар еді. Азық-түлік азайып, 5-8 есе қымбаттады. Елді аштық жайлай бастады. Тек Петроградта 50 кәсіпорын тоқтап, істен шықты. Әсіресе, Петроград пен Москвада жағдай өте ауыр еді. Дүкендерде таңертеннен-ақ: <Нан жоқ, болмайды>деген жарнамалар жиі-жиі ілулі тұратын.
Міне, осындай қиын жағдай және соғыс елді тығырыққа тіреп қойды. І Дүние жүзілік соғыс елді тығырыққа тіреп қойды. І Дүние жүзілік соғыс тек Петроградпен Ресейде ғана ауыр болған жоқ, Ресей империясының құрамындағы отарланып отырған барлық елдердің жағдайы қиын еді. Соғыс Қазақстанды да жалмап жатты. Сонымен қоймай, бай-феодалдар, шенеуніктер қазақтарды ұрып-соғып, жерлерін тартып алып, шөл, таулы жерлерге тықсырды. Өйткені, олар патшаның сойылын соғып, отаршылдармен ауыз жаласып, бірігіп басқыншылық қимылдар көрсетті және патшаның отарлау, тонау саясатын қолдады.
Қазақ елі І Дүние жүзілік соғыс қарсанында Ресейдің азық-түлік, шикізат, киім-кешек көзі болды. Осыған дәлел 1916 жылы Түркістан өлкесінен осыншама азық-түлік әкетілді. Жергілікті халыққа салынатын салык 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15есе өсті. Жергілікті әкімшілік әрбір үйден әскери салықты, земостволық, жолдық және болыстар алатын, тағы басқа салықтарды қадағалап отырды. Осы Қазақстаннан қанша түйе, ет, балық, киім-кешек, оқ-дәрі, шикізат алып жатса да, көрсе көзі тоймайтын үстем тап өкілдері салықты да жинады. Салықты төлемеу былай тұрсын, егер сәл ғана кешеуілдесе дүре соғып, салықты алатын еді. І Дүниежүзілік соғыс жылдарында старшиналар, шенеуніктер, байлар қазынаны тонап, үйлеріне барлық керек заттарды тасыды. Жұмысшы, шаруа халық қанша рет арыз жазса да ешқандай пайда тимеді. Керісінше, ұрып-соғып, салықтар салды. Халықтан тым ауыр салықтар ғана жинап қоймай, түрлі «ерікті қаржы жинау» дейтіндерді де жинап отырды. Міндетті салықты төлей алмай отырған халық енді не істерін білмеді. Бірақ, шенеуніктер халықтың бар малын, үй-жиһазын алып кетіп отырды. Бұл жағдай сонау XVIII ғасырдағы жоңғарлардан қашып, ит-құсқа жем болған халықтың тағдырымен тұспа-тұс келеді

3. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.
Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.
Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.
1917 жылғы сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер:
− Халықты азық-түлікпен жабдықтау;
− Өзін-өзі басқару;
− Сот ісін жүргізу;
− Салық салу;
− Білім беру жəне ағарту ісі;
− Аграрлық мəселе;
− Босқындарды Қытайдан қайтару;
− Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:
− Мемлекеттік басқару формасы;
− Қазақ облыстары автономиясын құру;
− Жер мəселесі;
− Халық милициясын құру;
− Білім беру;
− Сот ісі;
− Рухани-діни мəселе;
− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;
− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы.
”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.
1917 жылы мамырдағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер:
− Көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық.
− 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу.
− Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу.
250 молданың қарсылығына қарамастан “Мұсылман əйелдері саяси жəне азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең болуға тиіс” деген қарар қабылданды.
1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы − Түркістан федералистер партиясы құрылды. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə.Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты.
1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер − бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.


2. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
2. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. (1)
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өзіндік сана сезімі биік деңгейде көрініс тапты. Ұлт мүддесі жолында қазақтың оқыған, ұлтжанды патриоттары алға шықты. ХХ ғасырдағы ұлы реформаторлар Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы ұлтты азатт...
Жаңа кезеңде қазақ ұлттық интеллигенция өкілдері отаршылдыққа қарсы күресті басқарды. 1902 жылдардан бастап-ақ патша өкіметі күзетшілері қазақ халқы арасына таратыла басталған, астыртын өкіметке қарсы панисламдық рухтағы үндеулерді ұстай бастады. 1905...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет