Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ



бет7/7
Дата31.12.2019
өлшемі468 Kb.
#54327
1   2   3   4   5   6   7

ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
1.Ұлт- азаттық қозғалыстар тарихын зерттеудегі теориялық-методологиялық проблемалар. Қозғалыс, көтеріліс, наразылық- толқу, т.б ұғым-түсініктер.

2.ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ ұлт-азаттық қозғалыстар туралы Қазақстандық тарихнама.

3.ХVІІІ ғ. ІІ-жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің кейбір мәселелері ресейлік және кеңестік тарихнамада.

4. ХVІІІ ғасырдағы азаттық күрес идеясы. Жаңа аспектіде қарау.

5.ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихнамасы.

6.Кіші жүз және Орта жүздегі Ресей отарлаушылдығына қарсы азаттық қозғалыс (18ғ. 30-70 ж.ж)

7.Қазақ халқының 18ғ. 30-70 ж.ж сыртқы басқыншыларға қарсы азаттық күресі.

8.Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы және Ресей патшалығы билігінің күшеюіне қарсы азаттық қозғалыстар.

9.Е.Пугачев бастаған көтеріліске Кіші және Орта жүз қазақтарының қатысуы.

10.Шаруалар соғысының жаңғырығы – Көктемір, «көзге көрінбес» қозғалысы.

11.С.Датұлы бастаған Кіші жүздегі 1783-1797 ж.ж ұлт-азаттық қозғалыстың басталу себептері. 80-жылдардағы қозғалыс барысы.

12.Сырым Датов көтерілісі тұсындағы патша әкімшілігінің ұстанған саясаты.

13. Сырым Датов көтерілісі тұсындағы Игельстром реформасы.

14. Сырым Датов бастаған қозғалыстың 90-жылдардағы барысы, аяқталуы.

15.Кіші жүздегі азаттық күрес басшылары. Сырым-батыр, шешен.

16.18ғ.соңы- 19ғ. басындағы Кіші жүздегі азаттық күрес тұсындағы Хиуа хандығымен байланыс мәселесі.

17.Кіші жүздегі 18ғ.соңы- 19ғ. басындағы халық азаттық қозғалыс, билік үшін саяси күрес мәселесіне жаңа көзқарас.

18.Шерғазы Айшуақұлы, Жантөре Айшуақұлы және көтерілісшілер арасындағы саяси билік үшін тартыс.

19.Арынғазы Әбілғазыұлы, Қаратай Нұралыұлы қозғалыстары (1816-1821 жж.)

20.Старшын Жоламан Тіленшіұлы бастаған 1822-1836 жылдардағы азаттық күресі.

21.Оңтүстік қазақтарының ХІХғ. 10-20 ж.ж жаулап алушыларға қарсы азаттық күресі.

22.Патшалықтың қазақ даласында хандық билікті жоюға бағытталған ХІХғ. 20-40 ж.ж ережелері және оған қарсы оппозиция.

23.Орта жүз жеріндегі Ғұбайдолла, Қасым, Есенгелді, Саржан сұлтандар көтерілісі.

24.Исатай Тайманұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы көтерілістің сипаты мен маңызы.

25.Бөкей хандығындағы отарлық және әлеуметтік-экономикалық саясатқа қарсы халық наразылығы. Күрестің бірінші кезеңі (1833-1836 ж.ж)

26. 18ғ.соңы- 19ғ. басындағы азаттық күрес басшыларының қызметіндегі Хиуамен байланыс және ислам мәселесі.

27.1837-1838 ж.ж көктемдегі, жазғы көтерілістер. Көтеріліс басшылары тағдыры.

28.Исатай Тайманұлы: қоғамдағы әлеуметтік теңдік мәселесінің қойылуы.

29.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1838 ж.ж): себептері мен алдыға қойған мақсаты.

30. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің басталуы.1838-1841 ж.ж қозғалыстар.

31.Жанқожа батырдың Хиуа хандығына қарсы күресң.

32.Жанқожа батыр жасақтарының Қоқан хандығы қысымына қарсы күресі, Қоқан бекіністерін қоршау.

33.Ж.Нұрмұхамедұлының Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күресінің сипаты мен мотивтері.

34.Жанқожа батыр бастаған 1855-1857 жылдардағы көтеріліс. Күрестің шешуші кезеңі.

35.Есет батыр бастаған көтеріліс: себептері, сипаты, маңызы.

36.Сыр, Арал қазақтарының көтерілісіне қарсы жазалаушы отряд әрекеттері.

37. Кенесары Қасымұлы: жалпыұлттық майдан құру әрекеті.

38.Кенесарының соңғы жорығы және өлімі. Жаңа көзқарастар.

39.Кенесары хандығы. Күрестің шешуші кезеңі.

40.Кенесары ханның жеке тұлғасы. Кенесары Қасымұлы туралы әдеби деректер.

41.Кенесары көтерілісі тұсындағы діни фактор. Хиуа және Бұхар хандықтарымен байланыс.

42.Ресейдің Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы экспанциялық саясаты. Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы.

43.Ресей қысымына қарсы оңтүстік қазақтарының күресі (1860-1873 жж)

44.Патша әскерінің Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы әскери әрекеттеріне қарсылықтың ұйымдасуы.

45.Сыздық сұлтан Орта Азиядағы көтерілістің басында.Сыздық сұлтан тағдыры.

46.Патшалық Ресейдің Қазақстандағы ХІХғ. 60-90 жж. Саяси реформасына оппозиция

47.1867-1868 ж.ж реформалар және олардың отарлық сипаты.

48.Отарлық басқару жүйесін нығайту және патшалық езгінің күшеюі.

49.ХІХғ. 60-90 жж. реформалардағы жер мәселесі. Салық салу жүйесіндегі өзгеріс.

50.1867-1869 ж.ж Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 жылы Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілісі. Себептері мен сипаты.

51.ХІХғ. соңы мен ХХғ басындағы Қазақстанда ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуы.

52.Ресей империясына қарсылықтың күшеюі. Азаттық сананың оянуы.

53.Қазақ қоғамындағы отарлық езгіге қарсы қоғамдық ой-пікір.

54.ХХғ. басында ұлттық азаттық қозғалысы идеясының қалыптасуы.

55.ХХғ басындағы Қазақстанда әртүрлі саяси ағымдардың қалыптасуы. Қазақ зиялыларының түрлі саяси ұйым, партиялардағы қызметі.

56.1905-1907 ж.ж Бүкілресейлік революциялық қозғалыс тұсындағы қазақ зиялыларының саяси қызметі.

57.ХХғ басында Қазақстандағы ұлттық-демократиялық қозғалыстың өсуі және әлеуметтік қарсылықтың шиеленісуі.

58.Мемлекеттік Дума депутаттары – қазақ зиялыларының ұлттық мүддені қорғау жолындағы қызметі.

59.1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс:себептері, барысы.

60. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс ошақтары, көтеріліс басшылары тұлғасы.

61.Қазақстандағы 1916 ж. көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.

62.Қазақ сьездері және онда көтерілген ұлт мүддесі мәселелері.

63. «Алаш» партиясының құрылуы, оның бағдарламасының негізгі бағыттары.

64. «Үш жүз» партиясы және оның саяси бағыты.

65.1916-1918 жж. Қазақстанда түрлі саяси қоғамдар мен ұйымдардың қалыптасуы және олардың қызметі.

66.Ұлт зиялыларының ұлттық қайта жаңғыру бағдарламасы.

67.Мұстафа Шоқай және тұтас Түркістан идеясы.

68.Өлкедегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі әлеуметтік-саяси ахуал.

69.Азаматтық қарама-қарсы тұрудың басталуы. Ұлттық азаттық күрес.

70.Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы.

71.Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының даму эволюциясы.

72.Қазақ зиялыларының болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарастар.

73.КСРО-да орныққан тоталитарлық суперэтникалық держава қысымына қарсылық.

74.Ауылдағы кеңестік «таптық» реформалар және оған қарсылық.

75.Қазақтардың мал-мүлікті тәркілеу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатындағы бұрмалаушылықтарға қарсы халықтың наразылығы.

76.1929-1932 ж.ж көтерілістер:негізгі ошақтары, басшылары.

77.Кеңестік билік: «ұлтшылдықпен» күрес науқаны.

78.ХХғ. 40-50 жж. ұлттық сананың өсуі: еркіндік, тәуелсіздік жолындағы күрес.

79.ХХғ. ІІ-жартысында қайта өрлеген ұлттық сананың елдік санаға ұласуы.

80.Қайта құру саясаты және тәуелсіздік жолындағы Қазақстан.

81.1986 ж. желтоқсан қозғалысы – қоғамдағы демократиялық өзгерістер бастауы.

82.Желтоқсан қозғалысы:тарихтағы орны мен сабақтары.

83.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа берілген баға.

84.Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар ерекшелігі.

85.ХІХғ І-жартысындағы азаттық идеясы.

86. ХVІІІғ. саяси элита және ұлттық бірігу идеясы.

87. «Зар заман» ақындарының қоғамдағы қайшылықтар мен әділетсіздікті сынауы.

88.ХІХғ. соңы- ХХғ. басындағы мұсылмандық –демократиялық қозғалыс.



89.Ұлттық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі. «Қарқаралы петициясы».

90.ХІХғ. ІІ-жарт. қазақ қоғамында патшалық әкімшілік пен төземдік басқару аппаратты сынға алу, қоғамдық ой-сананың дамуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет