Берілген үзіндіден көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз.
Сонар
Оқу тоқталып, Әбіш он бе күн демалысқа келді. Бір күні мен Әбіштікіне барып қондым.
Әбіштің әкесі аң аулайтын. Тазысы, бүркіті болатын. Таң сәрінен тысқа шығып келді де: Қатын, тұр! От жақ! Құрт жылыт! Бүгін сонар екен,- деді. Әбіштің әжесі де тұрып, құрт жылытты. Құрт ішкенше, таң да әбден атып қалды.
Мен де тұрдым. Тысқа шықсам, түнде қар жауған екен. Жаңа қар ұлпаланып, аппақ болып жатыр екен. Әбіштің әкесі бүркітін қолына қондырып, тазысын ертіп аңға шығып барады екен.
Үйге келсем, Әбіш әлі ұйықтап жатыр екен. Әжесі әрең оятты.
Ахмет Байтұрсынұлы
Достарыңызбен бөлісу: |