Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022
2022 жылы ҰБТ форматында қандай өзгерістер болады деп күтілуде?
1) Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша өткізіледі (бұған дейін бір камера). Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді;
2) Тестілеу кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, тестілеуді тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасалады;
3) Мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі;
4) Тестілеу өткізу кезеңінде 1-30 маусым аралығында түсушілер ҰБТ-ны 1 (бір) рет тапсырады (2021 жылы 2 (екі) рет тапсыруға мүмкіндік болды);
5) Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекс мәндегі тест тапсырмалар енгізілді (2021 жылы олар тек бейіндік пәндерде болды);
6) Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы өзгертілді, тестілеу уақыты - 70 минут (бұрын 65 минут);
Достарыңызбен бөлісу: |