Көркем сөз оқушы: Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып: “Оқитын кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: “Маса” дейтін бірді айтып бірге кететін бір қиссамыз бар”,- деп, қолына Ахаңның кітабын беріпті. Соған назаланған Сұлтанмахмұт “Тұтқындағы Байтұрсынның “Масасына” деген өлеңін жазған екен /1914 ж/. Онда мынадай жолдар бар: …Бағың жоқ көр соқырдың көзі алдында, Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма: Аузына керек тас деп бір алды ма? Өткірсің наркескеннің алмасындай, Жүйріксің “полный ходтың” арбасындай. Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас, Өзінің болмады деп қарғасындай… Сұлтанмахмұттың осындай бағасынан кейін “Маса” жинағына қандай да болмасын пікір айтудың өзі артық болардай! Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық- зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып- тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |