ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТ ҚОРЫНДАҒЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ Қазіргі кезде ақпараттарды сақтау үшін мұрағаттардың атқаратын рөлі қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп жатудың өзі артық. Мұрағаттық құжаттарда сақталған ақпарат жылдар бойы ғылыми, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени басқару ісі мақсаттарына пайдаланылады.
Мұрағаттардың міндеті – мемлекет пен оның институттарын ретроспективалық деректі ақпарттармен қамтамсыз ету, тарих үшін маңызды құжаттарды сақтау, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Құжаттарды сақтау мәселесі мұрағат қоймасынан басталады деп есептейміз. Шын мәнінде құжаттың сақталу ұзақтығы қағаз фабрикасынан, жазу құралдарын шығаратын зауыттардан, баспаханалардан басталады. Яғни, оның негізгі бастапқы материалдардың, атап айтқанда қағаздың, сияның, бояудың сапасында жатыр.
Екінші фактор құжаттардың қалай сақталуына: температуралық ылғалдылық режиміне, ауаны және бөлмені шщаңнан, эиянды микроогранизмдерден тазартып отыруға, қойманы өрттен, судан қорғауға байланысты.
Барлық сақтаулы құжаттар, соның ішінде істер тізімдемесіне енгізілмеген, бұл салаға жатпайтын құжаттар да, аса құнды құжаттардың сақтық көшірмелері мен пайдалану қорынан алынған көшірмелер де есепке алынуы керек.
Жалпы мұрағат қорындағы құжаттардың дұрыс сақталуы мен тізімге алынуы жағдайларын анықтау, қазіргі заман технологиясы бойынша пайдалануды қамтамасыз ету.
Мұрағат дегеніміз – тарихи деректік құжаттар сақталатын алтын қазына. Онда ата-бабамыздың әулеттік шежіресі сақталып, өткен өмірдің айнасына айналуда. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, дипломатиялық қарым қатынастар, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталады. Сондықтан да мекемелер мен кәсіпорындарында, оқу орындарында іс қағаздарын жазғанда бекітілген номенклатура негізінде ұқыпты, нақтылы, дәлелді, мазмұнды жазып, болған іс-шараны ешқандай қоспасыз көрсете жазу шарт. Әр жыл соңында мекемелердегі іс қағаздар бекітілген сараптау комиссиясының шешімімен құжаттарды сараптау, жүйелеу негізінде сол мекеменің ведомствалық мұрағатына өткізіледі. Ал жарамсыз деп есептелінген құжаттар сараптау комиссиясының шешімі бойынша тізбе негізінде жойылады. Мұрағат құжаттары тарихи дерек ретінде Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол. Өйткені өткен тарихи кезеңдерді зерттеп білу үшін мұрағат құжаттарына сүйенеміз. Мұрағат құжаттарын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерін ашуға мүмкіндік туады. Тарихи зерттеулер мұрағат құжаттары негізінде жинақталып жазылатындықтан бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту және насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле және радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурция өткізіп және мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап, түрлі құжаттық көрме ұйымдастыру болып табылады. Көрме құжаттарды насихаттау үшін жасалады. Көрмеде арнайы таңдалып алынған құнды, әрі қызық (хаттар, естеліктер, фотосуреттер, брошюралар, плакаттар т.б.) құжаттар қойылады. Көрменің тақырыбы елдің қоғамдық – саяси өміріне белгілі мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлерге, республика тарихына арналуы мүмкін. Мұрағат құжаттарының көрмелері уақытша және тұрақты болып келеді. Мұрағат құжаттарын пайдаланудың дәстүрлі түрі оқырман залдары арқылы зерттеушілерге құжаттар және ақпаратпен қамтамасыз ету. Зерттеушілердің құжаттарды толық және жан-жақты жақсы пайдалануы үшін оқырман залдарында ғылыми анықтамалық ақпараттар бар. Олар: жол нұсқағыштар, шолулар, каталогтар т.б. Мұрағат құжаттарын ғылыми мақсатта пайдалануда құжаттық жинақтар шығарудың ролі зор. Құжаттық басылымдар тақырыптық, қораралық, жеке адамдардың құжаттары болып келеді. Қораралық басылымдар ғылыми типке ғана жатады. Олар тек бір қордың немесе бір коллекцияның құжаттарын өзіне қосады, ал тақырыптық басылымдарға белгілі тақырыппен әртүрлі қордан алынған деректер жатады. Жеке адамдардың басылымдарына осы адамның өзінің творчествалық өмірі барысында жинаған құжаттары енгізіледі. Құжаттық жинақтардың түрі: ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқулық болып үшке бөлінеді. Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізі жасалынды. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22-желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы және «Мұрағат» жөніндегі түсінік бекітілді. Онда мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері айқындалды. Мемлекеттік мұрағаттардың түрлері анықталды. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар жүйесі құрылды. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары, қалалық, аудандық, ведомствалық арнайы мемлекеттік жеке мұрағаттар тиісті ережелерге, талаптарға сәйкес өз жұмыстарын атқаруда.
Мұрағат жинақтау көздері – мекемелерден мемлекеттік сақтауға құжаттарды қағаз негізінде толық құрамында әрі реттелген күйінде істер жабылғаннан кейін, сондай-ақ электронды құжаттарды (дискілер, дискеттер, кристалдар) бағдарламалық қамтамасыз етілуімен және тиісті электронды-есептеу жабдықтарымен 15 жылдан кешіктірмей қабылдайды. Дыбыс-бейнежазба құжаттамасы сақтауға жазылған немесе түсірілген сәтінен кейін 3 жылдан кешіктірілмей толық жиынтығымен келіп түседі.
Құжаттарға, соның ішінде мемлекеттік, қызметтік құпиясы барына қол жеткізу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі. Қоғамдық пайдалану үшін шектеулі құжаттар қор құрушы мекемелер басшыларының рұқсатымен ерекше тәртіппен беріледі.
Мұрағаттағы құжаттар мен өзге де материалдар белгіленген тәртіппен Мұрағаттың қорларынан Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының қорларына берілуі мүмкін.
Мұрағатта зерттелушілердің құжаттармен және ғылыми-анықтамалық аппаратпен жұмыс істеу тәртібі мұрағат директоры бекітетін Оқу залында жұмыс істеу ережелерімен айқындалады.
Мұрағат республикалық бюджеттен қаржыландырылады, банкте тиісті шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, сондай-ақ белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Мұрағат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Мұрағат жұмысының басым бағыттары:
– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметі барысында түзілетін құжаттарын жинақтау және сақтау;
– Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша Мұрағатта сақтаулы Ұлттық мұрағат қорының басы бүтіндігін қамтамасыз ету;
– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ретроспективалық құжаттық ақпарат табыс ету, ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.
Мұрағаттың негізгі міндеттері:
Мұрағатта сақталатын Президент Әкімшілігінің қызметі барысында түзілетін құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың басы бүтіндігі мен мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету; жинақтау көздері – мекемелердегі уақытша ведомостволық сақтаудағы мұрағат құжаттарына мемлекеттік бақылау жасау;
– Мұрағатты Президент Әкімшілігі мен басқа да қор түзуші-мемлекеттік мекемелердің қызметі барысында түзілетін құжаттармен жасақтау;
– мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты әзірлеп, дамыту;
– мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалану мен ғылыми жариялауды ұйымдастыру;
– құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жай-күйін бақылау;
– мемлекеттік және ведомостволық мұрағаттарға, Мұрағатты жинақтау көздері – мекемелердің құжаттамалық қызметтеріне ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
– мұрағаттану, құжаттану, археография, қосалқы тарихи пәндер саласында ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс жүргізу; ғылыми-теориялық конференциялар өткізу; Қазақстанның қазіргі заман тарихының проблемалары жөніндегі зерттеулерге, сондай-ақ қазіргі саясаттану мәселелерін талдауға қатысу;
– мемлекеттік және қызметтік құпиясы бар құжаттармен жұмыста құпиялық режимін сақтау болып табылады.
Мұрағат мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
– әр түрлі ақпарат иелерінде құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау; оларды сақтау мен қалпына келтірудің оңтайлы технологияларын қамтамасыз ету; айрықша құнды құжаттардың көшірмелерін жасап, сақтандыру қорының арнайы қоймасында сақтау;
– Мұрағатта істердің бар-жоғына тексеру жүргізу, тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді анықтау, жинақтау көздері – мекемелердің ведомостволық мұрағаттарын паспорттау, есепке алу құжаттамасын жүргізу;
– Мұрағатты жинақтау көздері – мекемелер тізбесін айқындау; ол Қазақстан Республикасының мұрағат істері басқармасының уәкілетті органдарымен келісіліп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді;
– Мұрағатқа сақтауға беру үшін Президенттің қызметі барысында түзілетін, Президент Кеңсесінің және Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушілері бекітетін құжат түрлерінің тізбесін айқындау;
– құжаттарды іріктеу нәтижелерін бекіту, жинақтау көздері – мекемелер құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдау;
– іс номенклатураларын, құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі нұсқаулықтарды, жинақтау көздері – мекемелердің сақтау мерзімі бар құжаттар тізбелерін келісу;
– мұрағат құжаттарының құжаттамалық жай-күйіне және ведомостволық сақталуына тексерулер жүргізу;
– ұйымдық-өкімдік құжаттама нысандарын әзірлеуде көмек көрсету;
– семинарлар жүргізу, ведомостволық құжаттама қызметтері мен мұрағаттардың қызметкерлерін даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысу;
Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың көздері:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шет елдегілердің де ведомстволық мұрағаттары;
2) жеке мұрағаттар болып табылады.
Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады.
Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды.
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы деректер есебiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi және осы деректердi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берілетін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік мұрағаттары мен олардың филиалдарына беріледі.
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тұрақты сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдары желісін Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар бекітеді.
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау мен пайдалану үшін жеке және заңды тұлғаларведомстволық және жеке мұрағаттар құрады.
Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері мен уәкілетті орган қол қоятын шарттарда көрсетіледі.
Мемлекет меншігі болып табылатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының ресми түпнұсқаларымен жеке мұрағаттарды толықтыруға тыйым салынады.
Пайдаланылған дереккөздер: https://stud.kz/referat/show/49469