Зерттеу әдістері: философтардың, психологтардың, педагогтардың, өнертанушылардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың еңбектеріндегі ғылыми ой тұжырымдарын теория жүзінде талдау, салыстыру арқылы қоғамның әлеуметтік даму жағдайында көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігін анықтау; оқушылармен тестік-сауалнамалық және тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмыстарын жүргізу; көркемдік-эстетикалық тәрбие беруге байланысты тәжірибелерді жинақтау, салыстыру, талдау, саралау, қорытындылау әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері, яғни қолданбалы қолөнерінің педагогикалық мәні мен маңыздылығы, «болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі» түсінігі айқындалды;
ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық моделі ұсынылды;
болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің критерийлері мен көрсеткіштер жиынтығы анықталды;
қазақтың айшықты ши тоқу өнерін ұлттық қолданбалы қолөнерінің бір түрі ретінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда пайдалану әдістемесі жасалынды.
Достарыңызбен бөлісу: |