оқытушыларға арналған «Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері» атты арнайы семинардың бағдарламасы жасалып оқу жүйесіне енгізілді;
кәсіби-көркемдік құзіреттілікті қалыптастыруға ықпалын тигізетін пәндер бағдарламаларына қосымшалар енгізілді;
студенттерге арналған «Айшықты ши тоқу өнері және оның педагогикалық маңызы» атты арнайы курс құрастырылып, оқу процесіне ендірілді;
қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу өнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық қағидалары практикалық сабақтар мен дипломдық жұмыстарда пайдаланды.
Сонымен қатар, зерттеудің нәтижелерін жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептердің тәрбие жұмыстарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде пайдалануға болады.