Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды, басылым көрген мақалаларда, бағдарламаларда, әдістемелік нұсқауларда, оқу-әдістемелік құралдарда, электронды оқулықтарда көрініс тапты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық қағидалары;
ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық моделі;
қазақтың айшықты ши тоқу өнерін ұлттық қолданбалы қолөнерінің бір түрі ретінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда пайдалану әдістемесі;
қазақтың ұлттық ши тоқу өнерін болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда пайдалану әдістемесінің пәрменділігін эксперимент арқылы тексерудің нәтижелері.
Достарыңызбен бөлісу: |