М. Б. Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп «Көңілді сөре» эстафеталық жарыс Өткізген: Жангалиев М. С. Орал 2016 жыл



бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі58 Kb.
#195951
1   2   3   4
Байланысты:
«Көңілді сөре» эстафеталық жарысы. 5 сынып (1)

5 «а» сыныбы
5 «б» сыныбы –
5 «в» сыныбы –

Сіздердің қошеметтеріңізбен мектебіміздің сіздерге арнаған Флешмобын қабыл алыңыздар.


Ендігі кезекте жарыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!

  1. Топтарды ортаға шақыру

  2. Жарыс 3 бөлімнен тұрады.

І бөлім. Таныстыру. Сыныптар өз топтарын таныстырады.
ІІ бөлім. «Жарысайық бәріміз». Бұл сайыста сыныптар топтасып жарысады.
ІІІ бөлім. Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.

Жарысымызды бастамас бұрын спорт заңы бойынша жарысқа қатысушыларымызды бағалайтын әділ – қазыларымызбен таныс болайық.




І бөлім. Таныстыру. Жарысқа қатысушылар топтың аты, ұранымен топ мүшелерімен таныстырады.
ІІ бөлім. «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлім VІ турдан тұрады.
І тур. «Тепе – теңдік сақтау»
ІІ тур. «Көңілді шарлар»
ІІІ тур. «Кім шапшаң?!»
IV тур. «Нысананы көздеу»
V тур. «Боулинг»
VI тур. «Біз тәуелсізбіз»

Ендеше жарысқа қатысушы топтарымыз дайын болса, біз жарысымызды бастаймыз.


І тур. «Тепе – теңдік сақтау»
Бұл кезеңде топ мүшелері инағашты желкеге қою арқылы гимнастикалық орындықтан жүріп, алдарында орналасқан құдықтан инағаштағы 2 кіші шелекке су толтырып мәреге келеді де, өздеріне берілген үлкен шелекке суды құйып, инағашты келесі ойыншыға беруі керек. Бірінші болып жеткен командаға 5 ұпай, екінші және үшінші болып келген командаға 4, 3 ұпайлары беріледі. Сонымен қатар, әр команданың үлкен шелектеріндегі судың көлеміне қарай, командаға қосымша 5, 4, 3 ұпайлары беріледі
ІІ тур. «Көңілді шарлар»
Жарысымыздың бұл кезеңінде топ мүшелері кедергілер арасымен теннис ракеткасын пайдаланып, кішігірім шарды соғып барады да, жарда ілініп тұрған тапсырманы орындап, шарды теннис ракеткасымен соғып мәреге қайтады.
Жарыс солай жалғасын табады. Бірінші болып мәреге жеткен командаға 5 ұпай, екінші келген командаға 4 ұпай, және үшінші болып келген командаға 3 ұпай беріледі. Дұрыс орындалған әр тапсырмаға 1 ұпайдан беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет