М. Әділов 1, Ш. Құрманбайұлы



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата15.08.2023
өлшемі0,71 Mb.
#179851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тілтанымда мақала Абай русизмдер

Материал және әдістер 
Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сҿздерді талдаған кезде негізгі қайнар кҿз 
ретінде Мҥрсейіттің 1907 жылғы ҿлеңдер жҽне қара сҿздер қолжазбасы басшылыққа алынды. 
Қолжазбалардың қазіргі тілдегі оқылуы мен жазылуы, индексі мен факсимилесі тҥрік зерттеушісі 
Ержан Петектің дайындаған (М.Ҽділов қазақ тіліне аударып, Ш. Қҧрманбайҧлы баспаға ҧсынған) 
«Ғақлия кітабы» жҽне «Абай ҿлеңдері қолжазбасы» атты кітаптардан пайдаланылды. 1907 жылғы 
тҥпнҧсқа қолжазбадағы деректер 1909 жылғы Петербор баспасынан шыққан алғашқы жинақпен 
салыстырылды. Кеңес дҽуірінде шыққан Абай шығармалары жинақтары ішінен 1961 жҽне 1977 
жылғы академиялық басылымдар басшылыққа алынды. Мақалада қолжазба деректері мен қазіргі 
басылымдардағы сҿз нҧсқалары салыстырыла зерттелді. Сондықтан негізінен салыстыру, 
салыстыра талдау, деректерді сҧрыптау, топтау, тҥзету, фонетикалық талдау ҽдістері қолданылды. 
Сонымен бірге, зерттеу мҽселесі бойынша Абайтану, мҽтінтану ғылым саласындағы арнайы 
ҽдебиеттерін теориялық талдау, практикалық материалдарды саралау; ғылыми тҧжырымдарды 


ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
66
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
тҥйіндеп қорыту, автор шығармаларындағы ҿзіндік стиліне тҽн қолданыстарды жинақтау
топтастыру жҧмыстары жасалды. 
 
Әдебиетке шолу
Қазақтың ҧлы ақыны Абай поэзиясының тілі, шығармалары тілінің лексикалық қҧрамы, 
грамматикалық қҧрылысы белгілі филолог ғалымдар тарапынан едҽуір жақсы зерттелді. Ҽсіресе, 
Абай шығармаларының тілі, ондағы кірме сҿздердің қолданысы жайындағы алғашқы кҿлемді 
еңбекті Қажым Жҧмалиев жазды. Қ. Жҧмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы жҽне Абай 
поэзиясының тілі» атты кітабы 1948 жылы жарық кҿрді. 1960 жылы «Қазақ ҽдебиеті тарихының 
мҽселелері жҽне Абай поэзиясының тілі» деген атаумен екінші рет басылды. Қайым 
Мҧхаметқановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» (1959) атты еңбегі – 
мҽтінтану саласындағы ілгері жҧмыстардың бірі. Кітап мҽтінтану саласына арналғанымен, мҧнда 
кейбір кірме элементтердің дҧрыс оқылуы да қарастырылған. «Абай тілі сҿздігін» (1968) 
қҧрастырушы ғалымдар Абай қолданған тҿл сҿздік қорымен бірге кірме атауларды осы кҿлемді 
сҿздікке енгізді. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметҧлының «Абай лҧғаты» (2015) атты 
кітапшасында ақын қолданған мағынасы кҥңгірт негізінен араб-парсы кірмелеріне тҥсіндірме 
берілген. Ал Абайдағы орыс тілінен енген сҿздердің стилистикалық қолданысын терең зерттеген
академик Рабиға Сыздықова ҿзінің «Абай шығармаларының тілі» (1968), «Абай ҿлеңдерінің 
синтаксистік қҧрылысы» (1971) жҽне «Абайдың сҿз ҿрнегі» (2004) атты сҥбелі 
монографияларында бҧл тақырыпты егжей-тегжейлі ашып кҿрсетеді. Тіл тарихын, тарихи 
лексикологияны, қазақ ҽдеби тілінің тарихын зерттеген ҿзге де лингвист ғалымдар орыс сҿздерінің 
қазақ даласындағы қолданыс тарихын жазғанда Абайдың русимдерді жҧмсауындағы 
жаңалықтарын атап ҿтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет