М. Әділов 1, Ш. Құрманбайұлы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата15.08.2023
өлшемі0,71 Mb.
#179851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тілтанымда мақала Абай русизмдер

старшын, болыс, сияз, шар, партия, ояз, шен, майыр, орыс, 
солдат, расход, закон, сот
(мҥмкін, содия), 
шіркеу, кірес, барқыт, самаурын, порм, пар
т.б.» 
(Сыздықова, 2014: 109). Бір ескерер жайт, ғалымның Абай қолданған деп кҿрсеткен осындағы 
старшын
термині ақынның 1907 жылғы қолжазбасы мен 1909 жылғы Петербор басылымында 
ыстаршын
деп кҿрсетілген.
Абай қазақ жыраулары мен ақындары бҧрын-соңды қолданбаған 
виноват, занимайся, 
коренной, миллион, пошол, прямотой, самородный, здравамыслящий
тҽрізді атаулар мен сҿз 
тіркестерін ҿз шығармаларында пайдалана бастады. Абайдың шығармашылығы кейбір шетелдік 
терминдердің жаңа баламаларын ҧсынудан гҿрі оларды бар кҥйінде қабылдағандығымен 
ерекшеленеді. Сол себепті ақын қолданған ондай орыс сҿздерін іштей «еш ҿзгеріссіз орыс 
орфографиясы бойынша жазылған лексика» жҽне «қазақ айтылымына негіздеп алынған сҿздер» 
деп екіге бҿлуге болады. Абай шығармаларында саны жағынан соңғысы, яғни «сингармонизм 
заңына сҽйкес ҿзгертіліп жазылған сҿздер» кҿбірек кездеседі. Бірақ Абай шығармаларының қазіргі 
басылымдарына жҥгінер болсақ, онда алғашқысы, яғни орыс тіліндегідей жазылған нҧсқалары 
кҿбірек ҧшырасады. Қолжазбаға жҥгінсек, орыс тілінен енген сҿздердің «қазақы» формада 
жазылғанын аңғарамыз. Ойшыл тҧлға араб кірмелерін тҥпнҧсқа тілдегідей жазғанымен, орыс 
терминдеріне келгенде ондай принципті ҧстанбаған. Мҧны Мҥрсейіт қолжазбалары кҿрсетеді. Ал 
«Орыс тілінен алынған сҿздерді мҥмкіндігінше тҥпнҧсқаға жуықтатып жазу принципін ҧстады» 
(Сыздықова, 1993: 236) деген тҧжырым кейде шындыққа жанаспайды. Кейбір атаулар қазіргі 
басылымдарда орыс тіліндегідей жазылғанымен, қолжазбада оның бір-екі дыбысы болсын, 
ҿзгертіліп жазылғаны байқалады.
Абайдың жазған-сызғанына жҽне шет сҿздерін тҥпнҧсқадағыдай қолданғанына қарап, 
ғалымдар ақынның араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білген деп тҧжырымдайды. Шығыс 
ҽдебиетінің алыптары Низами, Хафиз, Науаи, Физули т.б. ақындарды жаттап оқығанынан 
парсыша, шығармаларында араб сҿздерін тҥпнҧсқадағыдай жазуынан арабша жақсы білген деп 
айтуға болады. Ал орыс тілін еркін меңгергені орыс ҽдебиетінің белді ҿкілдері Пушкин, Крылов, 
Лермонтов, т.б. шығармаларын сҥйіп оқып оларды қазақ тіліне аударғанынан кҿрінеді. Абайдың 
ҿзі шығармаларында кейбір русизмдерді сол тілдегідей ҿзгертпей қолданады, мҽселен, 38-сҿздегі 
пoдвижнoй элемент, силa притягaтельнaя oднoрoднoгo, впечaтлительнoсть сердцa
деген 
тіркестер қолжазбаның ҿзінде орыс тіліндегі нҧсқасындай жазылған. Абай тіпті қара сҿзінде орыс 
тілін сол замандағы ҿлшеммен «дҥниенің кілті» деп атап, оны ҥйренуге шақырады. Бірақ Абай 
тҥгел кірмелерді тҥпнҧсқадағыдай қолдана бермейді. Сол ҥшін ғалымдардың Абай қолданған 
орыс сҿздерін орысша сол кҥйінше беруі кҥмҽнді, ҿйткені ақынның ҿзі оны тҥпнҧсқа тілдегідей 
жазғаны сенімсіздеу. Қолдағы қолжазбалар оны растайды. Абай ҿзінің шығармаларында орысша 
сҿздерді қазақ тілінің ауызекі тіліне сҽйкес қазақшаға бейімдеп қолданған.
Мҽселен, лексиколог ғалым Ғ.Мҧсабаевтың тҿменде келтірген мысалдардың ҿзі 
қолжазбаларда «қазақы» нҧсқада жазылғаны аңғарылады: «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақтың ағартушы ақын-жазушыларының шығармаларынан қазақ тіліне сол кезде жаңадан еніп, 
орныға бастаған 
счет, интернат, сот, судья, завод, фабрика, миллион, монета, лавка, партия, 
химия
, т.б. сияқты сҿздерді кездестіреміз» (Мҧсабаев, 2008: 207). Дегенмен бҧл мысалдар


ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
65
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
зерттеуші кҿрсеткендей, тҧлғада емес олардың шындығында қолжазбада 
ысшот, мілйон, кимие, 
фабрик, лҽпке
, т.б. секілді жазылғаны анықталды.
Абай шығармаларында кездеседі деп жазылған 
счет, прошение, виноват, съезд, старшина
(Мҧсабаев, 2008: 236) деген атаулар Абайда осылай орыс тіліндегі нҧсқасындай жазылмаған. 
Ҿйткені Кеңес заманы тҧсында тіл тарихын зерттеушілер Абай орыс тілін ҿте жақсы білді, орыс 
сҿздерін қатесіз жазды деп тҧжырымдап, ақынның шығармаларындағы русизмдердің кҿбі сол 
тілдегідей ҽдейі тіркеліп отырды. Заманның талабына қарай ҽдейі бҧрмаланған сҿздерді осы кҥнге 
дейін орыс тілінде нҧсқасындай бере берудің қисыны жоқ. Ендігі тҧста қолжазбада қалай берілген 
болса, соны ҿзгертпей, ақынның мҧрасына қиянат жасамай, бар кҥйінде жазуымыз керек. Сондай 
сҿздердің ішінде жоғарыдағы 
счет, прошение, съезд, старшина
деген кірме атаулар да бар. 
Шындығына келгенде осы кірме сҿздер Мҥрсейіт қолжазбасында қазақ тілінің фонетикасына 
негізделіп 
ысшот, прашение, сіезд, ыстаршын
деген тҥрінде жазылған.
Русизмдерді қазақ тіліне бейімдеп қолдану Алаш қайраткерлеріне де тҽн. Бірақ Алаш 
оқығандары қолжазбаларының қазіргі ҽдеби тілге сай бейімдеп шығарылған баспаларында орыс 
тіліндегі сҿздер орысшадағыдай берілген. Тҥпнҧсқа қолжазбаларына келсек, онда 
награт, 
мҥллион, іспірт, доктыр, насатыр, штрап, песир
сияқты формалар жиі ҧшырасады. Алаш 
қайраткерлерінің тілінде осындай ауызша айтылуы бойынша жазылған кірме сҿздердің қолданысы 
осы тҧста Абаймен ҥндеседі. Мҽселен, Абайдағы 
старшын
немесе 
счет
терминдері тҥпнҧсқа 
қолжазбада 
ыстаршын 
жҽне 
ысшот
деп тіркелген. С, ш, л, р дауыссыздарымен басталатын кірме 
сҿздердің тҥгеліне қысаң дауыстылар қосылып жазылғаны ХІХ-XX ғасырлардағы 
қолжазбалардың барлығында кҿрінеді. Алаш тҧлғаларының жазбаларында да солай
ыстаршын, 
ысшот, ысписок, іспискі, ыспискі 
деген
 
кірме сҿздер де қазақы нҧсқада жазылады. Осындай 
ауызекі тілге сай жазылған тҧлғалар Кеңес кезеңінде орыс тілінің орфографиясына сҽйкестендіріп, 
ҽдейі ҿзгертіліп берілген. Осының бҽрі тҥпнҧсқа мҽтінмен жҧмыс істеудің, кҿне мҽтіндер мен 
тарихи тҧлғалар еңбектерін хатқа тҥсіріп, қайта басып шығарудың аса жауапты іс екенін анық 
кҿрсетеді.
Кирил ҽліпби негізіндегі қазақ жазуы қалыптасып, жазба тілі ҽбден дамыған кезеңдерге дейін
орыс тілінен енген сҿздер халықтың сҿйлеу тіліне сҽйкес «қазақыланып» алынғаны белгілі. 
Тҿменде Абайдағы қазақ халық тіліне сіңісіп, қазақы пішінде жҧмсалған орыс лексикасы ғана 
талданады. Ҿйткені Абайда қазақ айтылымына қарай ҿзгертілген русизмдер ҿзгертілмей алынған 
кірмелерге қарағанда едҽуір кҿп. Неге десек, ол дҽуірде орыс тілінің ықпалы ҽлі берік орнамаған 
еді. Бір жағынан ол тілді білетіндер де аз болған. Содан болу керек, русизмдер қазақ тілінің 
сингармонизм, фонетикалық заңына сҽйкес ҿзгертіліп айтылды. Ақын да орыс сҿздерін қазақтың 
жалпыхалықтық сҿйлеу тілінен, яғни халықтық қордан алып пайдаланған. Тікелей орыстың ҿз 
тілінен де алып енгізген сҿздер де кездеседі. Бірақ біз осында қазақ тілінің сингармонизм заңына 
сҽйкес жазылған орыс сҿздерін ғана теріп кҿрсететін боламыз. Ҿйткені Абай ҿлеңдерінің қазіргі 
жинақтарында «самородный, солдат» сияқты орыс тіліндегі орфографиялық нормаға сай 
бергенмен, оның 1907 жылғы баспада «самародной, салдат» боп айтылуы бойынша жазылғаны 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет