М. Жолдасбеков



бет1/12
Дата21.11.2022
өлшемі397,88 Kb.
#159121
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Күлтегін жыры











М. ЖОЛДАСБЕКОВ


Жинақтап құрастырған: Нұрлан Досов





ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ (VII—VIII ғ. ғ.)


Қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Сібір жерлерін аралаған жиһангер әсем қалаларын, зәулім заводтарын, алып фабрикаларын қызықтап- тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге бұл өлкелерден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де көз тоқтатып, тарих түбіне ой жіберіп өтері де ақиқат.
Сол көне ескерткіштерге, шексіз сахарада мүлгіп қалған меңіреу тастарға бүгінде тіл бітіп, іргелі ел болып қанат жайған түрк халықтарының бақытты ұрпағына тарих шежіресін баян етуде.
Бір кездерде сақтар жайлаған, гундер шарлаған кең атырапты заманымыздың VI—VIII ғасырлары арасында үш жүз жыл бойы ұзын найзалы, жарау атты түрктер еркін билеген. Бертінде Дешті Қыпшақ аталған, моңғолдар ат тұяғына таптатқан бұл өлкені ежелден-ақ қазіргі түрк тілдес халықтардың түпкі төркіні болып табылатын көк түрктер мекен етуші еді.
Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын- жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған ғой.
Тек түрк халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас — Орхон ескерткіштері (VIII ғ.) жайында, Білге Қағанға, Күлтегінге, Тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында болмақ.
Бұл ескерткіштер Селенга, Орхон өзендерінің бойынан табылған19. Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып
19 Тасқа қашалып жазылған жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Мұндай жазбалар, таңбалы тастар Қазақстан жерінен көптеп табылған. Солардың ең көлемдісі
— Талас ескерткіші.
жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық жазулардан кейде жоқтау, кейде мадақтау ыңғайында айтылған шешендік сөздердің, өлеңдік ұйқастардың, мақалды тіркестердің не бір көне үлгілерін көреміз.
Онда VIII ғасырдың іргелі мемлекеті — Түрк қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хандар, бектер, тектілер болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суреттеу талабын да анық көреміз.
Текстологиялық жағынан жан-жақты зерттелген бұл ескерткіштердің жанры жайындағы мәселе күн тәртібіне беріректе ғана қойыла бастады, сондықтан да ғылымда пікір таласы әлі өте көп.
Орхон жазбаларын кейбір зерттеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда. Қалай дегенде де өте ертеде жасалған бұл ескерткіштердің түрк халықтары тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен, ой-санасынан, әдет-ғұрпынан, дәстүрінен құнды деректер беретін бағалы мұра екендігі даусыз. Біз олардың қазақ әдебиетіне қатысы жағын сөз еттік. Бұл ретте өз ойларымызды, пікір-тұжырымдарымызды ашық айтуды, ортаға салып отыруды жөн көрдік.
Мәселен, Орхон жазбаларының жанрлық табиғаты, құрылыс- ерекшелігі деген мәселеге өзге ғалымдардан біз басқаша қараймыз.
Сөз болғалы отырған ескерткіштердің авторлары да анықталған жоқ.
Біздіңше олар — Иоллығ-тегін мен Тоныкөк.
Халқымыздың ерекше дамыған жыраулық дәстүрін қалыптастыруда бұл тәрізді көне ойшылдардың, ең ежелгі ақын-жыраулардың белгілі дәрежеде роль атқарғандығы сөзсіз. Ал, есімдері тарихта сақталмаған, байтақ мұра тудырған ақын-жыраулар қаншама?
Орхон ескерткіштерінің өте ерте замандарда туғандығын ескеріп және де оқушыға түсініктірек болу үшін, бұл шығармаларды таныстырудан, талдаудан бұрын, әуелі сол ескерткіштерді тудырған дәуір мен ондағы тарихи деректерге тоқталайық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет