3 - оқушы:Ақынның шын есімі –Мұқамедқали, кейін оны еркелетіп Мұқағали атап кеткен. Ол әжесі Тиын, әкесі Сүлеймен, анасы Нағиманның отбасындағы тұңғыш бала еді. Өзінен кейін үш інісі мен қарындасы болды. Алайда үлкен інісі мен қарындасы жастайынан шетінеп кетті. Мұқағали он жасқа келгенде әкесі соғысқа аттанып, балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа – тұс келді. Мұқағалидың алғашқы өлеңдері де соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған еді. Үш ай бойы хабарсыз кеткен әкесін ойлап жабырқап жүрген бала Мұқағали бір күні сабақтан келісімен дәптерін-дегі өлеңін әжесі мен анасына оқып береді.
4 - оқушы: «Әке» Өлеңі
5 - оқушы:Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жаңа біткен жалбызы еді.
Мінеки, көп ай болды, хабары жоқ,
Біз- дағы әкемізге зармыз енді, --деп келетін мұңды өлең бала көкірегін жарып шыққан алғашқы өлеңдерінің бірі еді. Ел басына күн туған зобалаң шақта соғысқа аттанған Сүлеймен 29 жасында Калининград майданында ерлікпен қаза тапты. Әкеге деген мәңгілік мұңды сағыныш есейген шақта да ақын жүрегінен жыр болып төгілетін.
2-жүргізуші: Иә, соғыстан қайтпай қалған боздақтарға, азаматын майданға шығарып салып, олардың орнын жоқтатпаған, соғыс ауыртпалығын қайыспай көтерген қарттар мен аяулы аналарға, әпкелерге арналған көптеген өлең - жырларыақын шығармалары- ның мұңды парақтары іспеттес. «Әке аманаты», «Күзетші», «Беташар» сынды өлең-дерді оқығанда ешкім де бей - жай қалмасы анық.
6 - оқушы өлең: «Әке аманаты»
1- жүргізуші: Өлең –менің бар танысым,
Жақсы сөзім –жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,
Біреулерден жүргем жоқ арту үшін.
Ойлы жас!
Өлең –менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай.
Сахналық көрініс: Мұқағали:
Мұқағали: Бұл жыл да өтті. Жырмен басталған жыл жырмен аяқталды. Күйбеңмен, азаппен өткен өлі күндерді қойшы. Жырсыз өткен күндер –мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едім?!
7 - оқушы: Поэзия
8 - оқушы: Ақын 1962 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Үйі болмай, ақын Тайыр Жароковтың үйінде тұрады. Осы жылдары ақынның 6-сыныпта оқитын тұңғы- шы, қызы Майгүл мектепке барар жолда жол апатынан қайтыс болады. Мезгілсіз сол- ған гүлі ақын жүрегін қатты жаралады. Бірде студенттермен кездесуде «Ағай, өлең оқыңызшы» деген өтінішке Мұқаң: « Адамның ең үлкен бақыты – бала ғой.Басқаның
-- бәрі пендешілік. Бала – гүл емес пе? – деп дауысы дірілдеп шығады.
– Өмірмен ерте қоштасқан ботақаным Майгүлге арнаған өлеңім бар еді. Май айы да келе жатыр. Ол да май айында туған. Папасын сағынып жатқан шығар балапаным»
деп « Қызым менің, гүлім менің, аяулым» деп басталатын атақты өлеңін оқыған екен.
Өлеңдер: «Май гүлі»
«Майгүлге»
9 - оқушы : Ақынды тәрбиелеген –әжесі Тиын. Келіндері оны «Мысқал әже»деп атаған екен. «Мені сөзге, жырға үйір еткен, елді, халықты сүюге үйреткен –әжем. Мен ұлы әжеме қарыздармын» деген екен ақын. Әжесі Мұқағали үйленгеннен соң екі жылдан кейін қайтыс болды. Ақын 1975 жылы әжесіне арнаған «Сөнбейді, әже, шырағың» атты өлеңін жазды. Ал анасы Нағиман апа жасы тоқсанға келіп, 1993 жылы Алматыда қайтыс болды. Ақын анасына арнап «Шеше, сен бақыттысың», «Ескіәнді, шеше, қозғама», «Анашым» т.б. өлеңдерін жазды.
өлеңдер: « Сөнбейді, әже, шырағың»
«Анама»
2-жүргізуші:Табиғат жайлы, көктем жайлыкөңілдің әрқилыәуен ыңғайын аңғартар,ойлы мұңды, қасіретті жырлар Мұқағалида баршылық.
1-жүргізуші: Иә, сырлы сезімді суреттеудің сұлтаны Мұқағали өлеңдерінен өмірге, ата- анаға, бауырға,табиғатқа деген махаббатты көре аламыз.
Өлеңдер: «Аякөз ару», «Ғашықпын», « Не сыйлайды, не береді келер күн?»
«Сені аңсаймын»
2- жүргізуші: Поэзияның Хантәңірі Мұқағалидың өмір атты ұлы майданда торыққан сәті де, қуанған кезі де, адасқан тұсы да болды. Соның бәрі өрттей ыстық өлең болып өрілгенін, жыр болып төгілгенін білеміз.
10 - оқушы: 4- «В» сынып Шакирова Севинч
1- жүргізуші: Ақын өліммен күресіп, ажалмен алысқан сәттерінің өзінде «сылдыраған» сөз бен «құлдыраған» мұңның қорығында тұншықпайды.Жанымен беріле сырласып, баға жетпес туындылары дүниеге келді.
Көрініс: Ортаға Мұқағали мен дәрігер шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |