1- жүргізуші: Жырыңнан табатындай халық бағын,
Өнердің шырқауында қалықтадың.
Шықса Ілияс Ақсудан Құлагер боп,
Қарасаздан қыран боп қалықтадың.
Аққу –жыр қиялыңда қалықтаған,
Жыр бесігін тербеуден жалықпаған.
Арызыңды болашаққа жазып кеткен
Атар таң аманат қып алып қалған.
2- жүргізуші:
Көрініп тұр көңілге келіспесі,
Арылмаған тірлігің аза, мұңнан.
Дүниенің пенде емес, періштесі
Жайлап қайтты өмірділ8ң базарынан.
Жылап қайттың өмірден, жылатқан кім?
Жасын едің жалт еткен жанда бөтен.
Бақилыққа бардың да тұрақтандың,
Поэзияң іздеген сонда ма екен?!
1- жүргізуші: Өзіңменен сырласып отырамын,
Құдіретті жырыңмен, өлең – өнер.
Сені жапқан қара жер топырағын
Аршып- аршып тастағым келе берер.
2- жүргізуші: Көңіл қалды сен өмірден кеткен сәттен,
Мен сол күнді қасіретке санар ем.
Сен күтпедің, ағажан, әттең, әттең,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабар ем.
1- жүргізуші: Кешті қорытындылау үшін оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Асенова Жаннат апайға сөз кезегін береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |