Мақсаты:қазақ жырының қара бурасы атанған М. Мақатаевтың өмірі мен шығар- машылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту.
Білімділік:оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Дамытушылық: оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеуге тілін дамыту, өлең оқуға, логикалық ойлау қабілетін, сана-сезімін дамыту.
Тәрбиелік:Отанды,туған жерді суюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, мультипроектор, бүктеме, қабырға газеті, кітап көр-
месі, слайд.
1- жүргізуші:Келді бүгін ажал сұмның кезегі,
Өрт боп жанды өлең – жырдың өзегі.
Ақпай қалды ағып жатқан бұрқырап,
Жетісудың тағы да бір өзені.
2- жүргізуші:Армысыздар,қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Ғасырлартоғысында «Ғасыр ақыны» боп танылған қазақтың ақыны, Алатаудың Хантәңірі шыңынан түлеп ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл
85 жыл.
1- жүргізуші: бүгін артына өшпес мұра қалдырған сөнбес жұлдыз, болмысы кесек, табиғаты бөлек, қасиетті қар саз топырағынан нәр алған ақиық ақынның тойы
2- жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ерекше ақынымыз. Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Мұқағали - біздің мақтанышымыз!» атты әдеби сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз!
1- жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып,өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, ерекше тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз біл-сек, біріміз білмейміз. Олай болса қыран тағдырлы ақын Мұқағали өмір жолына барлау жасайық.
1- оқушы:Шабыты келгенде жанартаудай атқылаған ақын жаны поэзиямен егіз жаратылғандай... Жабырқаған жанға қуат берер асқақ та нәзік жырдың иесі Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9- ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз аулында дүниеге келді.
2- оқушы:Сахна төрінде бесік тербетіп жас ана отырады. Сахна сыртынан Мұқағалидың «Жас ана» өлеңі оқылады.
Достарыңызбен бөлісу: |