М. Н. Будыко күн тұрақтысының мәнін 8,2 Дж/ см



бет2/14
Дата05.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#151776
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
гидрология

Үлкен айналым. Бұл — ылғалдың ауа ағындарының күшімен мұхиттардың үстінен кұрлықтарға тасымалдануы және оның құрлықтардың бетіне жауын-шашын ретінде түсіп, мұхиттар мен теңіздерге жер беті немесе жер асты жолымен қайта оралу процесі.

Су буының мұхит бетінен келген кіші-гірім бөлігі құрлықтың тұйық аймақтарына жауын-шашын түрінде түседі және қайтып оралмайды, яғии үлкен айналымға қатыспайды.
Судың жеке түрлерінің тасымалдану көлемі мен жылдамдығы біркелкі емес. Біздің ғаламшардың көлемінде әдетте ылғал айналымының мынадай типтері қарастырылады: жер мен ғарыш арасындағы, атмосфера мен мұхит аралық, атмосфера, топырақ және биосфера аралық. ЬІлғал айналымының барлық типтері тұйықталмаған болып келеді.
Ылғалдылық, атмосфералық жауын-шашын және булану құрлықішілік ылғал айналымының негізгі элементтері болып табылады.
О. А. Дроздовтың есептеулері бойынша, құрлықтар үстіндегі ылғал айналым коэффициенті 1,14-тен 1,81-ге дейін құбылады екен. Тіпті ең үлкен құрлық — Азияға жауатын жауын-шашынның көпшілік бөлігі сырттан келген су буынан құралатын көрінеді. Яғни, құрлықтардың негізгі ылғалдану көзі әлемдік мұхит болып табылады екен.
Табиғаттағы су айналымының негізгі заңдылығына құрлық пен мұхит арасындағы ылғал алмасу жатады. Сонымен бірге бұл құбылыс жалпы су айналымының жеке бөліктеріне түрткі болады.
Су көздерінің қозғалу жылдамдығы әр түрлі болуына байланысты олардың шығындану және қайта жаңару мерзімдері де әрқилы болады (3-кесте).
Су қорлары әрқандай мерзімде жаңарады — бірнеше сағаттан (биологиялық сулар) бірнеше мыңдаған жылдарға шейін (мұздықтар мен жер асты сулары) өзгереді.
Жер бетіндегі су қорларының қайта жаңару кезеңі 3- кесте

Судың түрі

Жаңару кезеңі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет