Қолат — гидрографиялық желінің ең жоғары буыны. Беткейлері шымдақ әрі көлбеу жатқан, табаны тегіс келген еңістеу жердің ойдымы.
Өзек — қолаттан өзінің қазған орының тереңдігі, беткей-биіктігі және құламасымен ерекшеленеді.
Құраңғар — гидрографиялық желінің беткейлерінің асимметриялылығымен және ирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.
4. Аңғар — тұрақты өзен ағындысы басталатын гидрографиялық желінің соңғы буыны.
Гидрографиялық желінің негізгі элементтерінің (мөлшері, қазу тереңдігі, беткейінің құламалығы) қалыптасу процесі ұзақ уакыттар бойы істеліп келсе, ал осы буын табанында әрі беткейлерінде қазіргі уақыт эрозиясы жер бетін жыру, опыру, жарлауыттар қазу арқылы бұл жұмыс жалғаса беруде.
2.1 – сурет
Гидрографиялық желінің негізгі буындарының нобайы:
І – желінің негізгі буындары;
ІІ – көлденең қималару;
Басқа ағын сулар (жылғалар, бұлақтар, өзендер келіп құятын, әрі өзі көлге немесе теңізге құятын өзенді негізгі (басты) өзен дейміз, ал оған құятын өзендердің оның салалары деп атайды. Басты өзенге тікелей келіп құятын өзенді бірінші дәрежелі сала, оның саласын-екінші дәрежелі және т. б. деп атайды. Салалардағы былайша жоғарыдан төмен сұрыптау нобайы, яғни белгілеу дәрежесі басты өзеннің бастауынан оның сағасына қарай кішірейте жүргізілуі гидрографиялық сипаттамалар жасауда кеңінен қолданылады. Бұл нобайдың елеулі кемістігі — ірі өзендер мен жылғалардың бір қатарға қойылу мүмкіндіктерінде болып табылады.
Американдық гидролог Хортон салаларды белгілеудің өзгеше жоғарылау (төменнен жоғары) нобайын ұсынды. Бұл нобай бойынша гидрографиялық желінің ең жоғары буыны бірінші дәрежелі салаға жатқызылады, ал бірінші дәрежелі екі саланың қосылуынан екінші дәрежелі сала басталады және т. б. Бұл нобай бойынша негізгі өзен ең үлкен дәрежеге ие болады (2.2-сурет).
2.2 – сурет. Өзен желісінің морфологиялық сипаттамалары мен құрылымы: а - өзен желісінің нобайы; ә - салыстырмалы тереңдік (В/һ) пен орташа ағындының (Qo) салалардың реттік санына (N) тәуелділігі. І....ІХ – табиғи салалардың рет саны.
Мөлшері шамалас екі өзеннің қайсысы бас өзен, қайсы оның саласы екенін анықтау үшін олардың суының көлемі, ұзындығы, су алабының аудандары және даму тарихы қарастырылуы тиіс. Басты өзен саласы туралы тарихи қалыптасқан түсініктің шындыққа қайшы келуі өмірде жиі кезедеседі. Мысалы, Енесейдың саласы болып есептелетін Ангара өзенінің суы Енесейге қарағанда 2,5 есе көп; суы жөнінде Еділ өзенін Кама өзенінің оң саласы деп есептеу дұрыс болған болар еді, сонымен бірге Кама өзені Еділден (қосылған жерге дейін есептегенде) 194 км-ге ұзынырақ.
Өзен желілерін (көрінісі) сүлбесіне қарай бірнеше түрге бөлуге болады: а) ортаға ұмтылушы — негізгі өзеннің салалары радиус бойынша орталыққа бағытталған;
б) ағаш бұтақтарына ұқсас — өзен желісінің сүлбесі ағаш бұтақтарын еске түсіреді; қауырсын көріністі — қауырсынның құрылымына ұқсайды. Өзен желілерінің бұдан өзге сүлбелері де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |