М. Н. Будыко күн тұрақтысының мәнін 8,2 Дж/ см


Өзеннің бастауы, жоғарғы, орта және төменгі ағысы. Атырау



бет7/14
Дата05.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#151776
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
гидрология

2.1.1. Өзеннің бастауы, жоғарғы, орта және төменгі ағысы. Атырау. Кез келген өзеннің басталатын жері, яғни бастауы болады. Өзеннің бастауы жер астынан қайнап шығатын бұлақ, батпақ, көл, мұзарт немесе екі саланың қосылатын орны болуы мүмкін.
Көлден басталатын өзендердің басталуының айқын көрінісі бар. Бұған Байкал көлінен бастау алатын Ангара өзені немесе Ладогадан басталатын Нева өзені мысал бола алады.
Жазық аудандарда өзендер әдетте батпақтардан бастау алады. Оған Пин батпақтарынан ағып шығатын Днепр мен Висла өзендерінің салалары жатады. Екі өзеннің косылу жағдайында бастау болып үлкен өзен, ал екі өзеннің ұзындығы тең болса, онда бастау бетінде сол жақ саласы қабылдануға тиіс. Әдетте ірі өзендерді жоғары, орта және төменгі ағыс үлескілеріне бөледі. Бұл бөлу ағын судың молдығына, жердің орографиялыкқ жағдайына, ағыс жылдамдығына, көліктік-шаруашылық пайдаланылуына
және басқа да сипаттарына қатысты жүргізіледі.
Өзендердің жоғарғы ағысы ағынның үлкен еңістігімен және жылдамдығымен, тайыздығымен, айтарлықтай жуып-шаю және тасымалдау әрекетімен сипатталады.
Өзендердің орта ағысында олардың арнасы ұлғайып, ені кеңейеді, үлкен салаларының есебінен суы молаяды, еңістігі мен ағыс жылдамдығы кемиді, сонымен бірге жуып-шаю әрекеті нашарлайды.
Ал, төменгі ағыста өзеннің жуып-шаю әрекеті нашарлап, еңістігі кемиді, арнасы кеңейеді. Еңістігінің кемуіне байланысты төмендегі ағыста жуып-шаю шикізатының шөгіндіге түсуі күшейеді, осылардың бәрі өзен арнасының кең атырауға бөлінуіне әкеп соғады.
Өзеннің басқа өзенге; көлге (бөген) немесе теңізге құятын жерін өзеннің сағасы деп атайды. Өзендердің сағаларында көл, теңіздердің өзендермен өзара әсерінің нәтижесінде жер бедерінің күрделі формалары мен тарамдары (жеңдер), яки атырау пайда болады.
Өзен атыраулары әдетте екі типке: дельта мен эстуарийге бөлінеді.
Дельта деп тарамдалып кеткен, теңіздің тайыз бөлігіне келіп құятын өзеннің тасып әкелген шөгінділерінің нәтижесінде пайда болған атырауды айтады.
Эстуарий деп өзеннің теңіз жағына қарай кеңейе бетін воронка тәріздес (терең) сағасын айтамыз, ол теңіздің толысуымен қайтуы болатын жағалауларға тән.
Салалар әсеріне ұшырамаған эстуарийді лиман деп атайды.
Өзеннің атырау аймағы элементтерге — атырау алды, сағалық және сағалық теңіз кемеріне бөлінеді.
Атырау алды үлескісі езенге тән режимге ие, оның жоғары шекарасы болып өзеннің төменгі ағысындағы, теңіз тасуының әсері жетпейтін жері саналады, төменгі шекарасы — негізгі арнаның салаларға бөлінетін жері, ал эстуарийлерде —өзен суы мен теңіз суы араласатын белдем.
Өзеннің сағалық үлескі атырау алды үлескінің төменгі шекарасынан теңіз етегіне дейін, немесе эстуарийдің аралдық құрылымдарына дейінгі қеңістік. Теңіз етегі-шартты сызық, теңіз жақтан баспаған дельтаны немесе су асты қайраңын орай жүргізіледі. Сағалық теңіз кемері сағалық үлескінің төменгі шекарасынан (теңіз етегі), өзен суының теңіз режиміне әсері тым әлсіз, бірақ судың тұздылығы тез өзгеретін аймаққа дейінгі кеңістік.
Өтіп жатқан процестердің сипатына әрі пландағы типтік көріністеріне байланысты ірі өзендердің атыраулары төмендегідей типтерге жіктеледі:
1) бірсалалы (Риони, Амур және ірі өзендердің салалары); 2) воронка тәрізді (эстуарий — Обь, Еиисей, Хатанга, Днепр); 3) аралды (Дон, Печора, Яна, Индигирка Нева); 4) ескек тәрізді (Кура, Орал); 5) көпсалалы (Волга, Лена, Әмудария); 6) қоршалған (Кубань, Днестр, Батыс Двина).
Қуаң шөлді аудандарда өзендер кейде теңізге, көлге немесе басқа өзенге жетпей суалып қалады. Олар суларын буландырып, егін суарып, жерге сіңіріп жоғалтады. Мұндай атырауларды соқыр атырау деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет