СӨЖ тиімді ұйымдастыру үшін студентке ұсыныстар
Өткен материалды пысықтау. Өтілген лекциялық материалды пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңызды түрі болып табылады. Материал не ғұрлым тереңірек және толығырақ пысықталған болса, сол ғұрлым өзіндік жұмыстың басқа да түрлерінің орындау оңай болады. Бірінші сабақтан бастап өтілген лекциялық материалмен жүйелі, үнемі жұмыс істеу келесі дәріс материалдарын түсіну, зертханалық сабақтардың материалдарын игерудің қажетті шарты болып табылады.
Материалды пысықтауға кірісер алдында келесілер болуы қажет:
- лекция конспектісі;
- пән бағдарламасы;
- ұсынылатын әдебиеттер (оқулық, құралдар), қажет болған жағдайда, қажетті керек-жарақтары, құралдар мен материалдар.
Жұмыс әдісі:
- дәріс материалын "балғын жад" бойынша пысықтау орынды;
- конспектімен жұмыс істей отырып, әдебиетке сілтеме жасау (бұл емтиханға дайындық кезінде қажет болады) және қажетті толықтыруларды, ал қажет болса түзетулерді енгізу пайдалы;
- тақырып бойынша жұмыс материалды толық түсіну және есте сақтауға дейін жалғасын табуы тиіс;
- тақырып бойынша жұмыс оқулықтар мен құралдарды келтірілген мысалдар мен есептерді шешу әдісін толық игергенге дейін талқылаумен аяқталады.
- егер тақырып бойнша жұмыстан кейін түсініксіз сұрақтар қалатын болса, оларды кезекті дәрістерде оқытушымен бірге талқылау қажет.
Ауызша жауап беруге дайындалу. Пән тарауының теориялық бөлімін меңгеру деңгейін бағалау үшін ауызша сұрау (әңгімелесу) жүргізіледі. Демек, ауызша сұрауға шығарылатын сұрақтар бойынша теориялық материалды тағы бір рет қайталану керек.
Тапсырманы орындау тәртібі:
- тапсырманы орындауға өзіндік жұмыстар кестесінде белгіленген мерзімнен кеш емес кірісукерек;
- егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда пәннің тиісті тақырыбына оралып, оны қайтадан пысықтап, тапсырманы орындауға қайтадан кірісу керек;
- егер осыдан кейін де қиындықтар болса, онда оқытушыға кеңес алуға келу керек;
- алынған шешімді талдау;
- тапсырманы қорғауға дайындалу барысында, теорияның тиісті ережелерін тексеру және кейбір деректер өзгерген жағдайдағы шешімді ойластыру керек;
- тапсырманы орындау кезінде пайдаланылған әдісі дұрыс түсінілгеніне көз жеткізу.
Барлық тапсырмалар дер кезінде кестеде белгіленген мерзімнен кеш емес тапсырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |