Мақсаты: Даму ұғымына анықтама беру,даму психологиясының зерттеу аймағымен, даму мəселелерімен таныстыру.Дағдарыс ұғымын түсіндіру.
.
«Даму» терминімен адамның денесі мен мінез-құлқының ағзаның биологиялық нышандарының жəне оның ортамен өзара байланысы арқылы уақытпен қатарласа жүретін өзгерістерін анықтайды
.Əрбір адамның психологиясы көрінісі қайсысы генетикалық құрылым əсерінен болса,ал қайсысы
адам өмірінде болып жатқан күнделікті құбылыстар нəтижесі. Даму ұрықтан басталып ,бүкіл адам өмірінің дамуымен жалғасады.
Жас ерекшелігі психологиясы мақсаты – бүкіл өмірлік жолында адам дамуының тенденциясын, заңдылықтарын,процестерді басқа ғылым салаларының зерттеулеріне сүйене отырып, қарастыру, адам дамуына ықпалын тигізетін биологиялық, антропология-лық,əлеуметтік,психологиялық факторларды ескере отырып, оның ағзасын барлық жастық кезеңде, стадиясында зерттеу болып табылады.Біздің кім екенімізді, əлемге қандай қатынаста болатынымызды анықтайтын адамдық қарым-қатынасқа ерекше мəн беріледі.Бұл саланың мəні мынада – барлық адамдар өз болмысынан əлеуметтік болып табылады.
Жас ерекшелігі психологиясының кезеңдерге сай өзгеріс пен өсудің негізгі зерттеу бағыттары болады. Ол зерттеу аймағы деп аталады.Зерттеуаймағы төртбағытқа бөлінеді:
денелік өсу жəне даму;
когнитивтіжəнесөйлеудіңдамуы;
тұлғаның дамуы;
əлеуметтік-мəденидамуы.
Денелік дамуына дене мөлшерінің жəне формасының өзгерісі, сонымен қатар ми құрылымдары, сенсорлық қабілеттер, моторлық дағдылардың дамуы. Когнитивті даму аймағы қабылдау, ойлау, тапсырманы шешу т.б. анықтайды. Тұлғалық ерекшеліктердің дамуы тұрақты жəне қалыпты мінез бен сезімнің қалыптасуы, өзіндік тұлға түсінігін қабылдаудан тұрады. Əлеуметтік мəдени даму аймағы əлеуметтенуден тұрады.
Психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық процестер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдаудың, есте сақтаудың,ойлаудың, сөйлеудің ,сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің – басқаруының бастапқы формаларының пайда болуы,өзгеруі жəне жетілуі құрастырады. Психикалық дамудың əрбір жас шағы кезеңіндегі негізгі міндеті осы дамуды шапщаңдату емес,оны байыту, осы кезең беретін мүмкіндіктерді мейлінше тиімді пайдалану болып табылады. Психикалық даму кезеңдеріне бөлу осы дамудың өзінің ішкі заңдылықтарына негізделеді жəне психологиялық жас шағы кезеңдерін бөлуді құрайды.