Пренатальды кезең – ұрықтанғаннан бастап баланың туылуғанға дейін
Нəрестелік – туылғаннан 18-24 айға дейін
Алғашқы өмірдің 2 жылы-12-15 айдан 2-3жасқа дейін
Ерте балалық шақ – 2-3 жастан 5-6 жасқа дейін
Орта балалық шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін
Жасөспірімдік жəне жастық шақ – шамамен 12жастан 18-27 жасқа дейін
Ерте ересектік – 18-27 жастан 40 жасқа дейін
Орта ересектік - 40-тан 60-65 жасқа дейін
Қарттық – 60-65 тен өлгенге дейін
Бірақ бұл кестеде келтірілген кезеңдер жəне жастық шектер əмбебап болмайды. Бұл кесте жалпы схеманы суреттейді.
. Адам дамуының мəселелері
Тұқым қуалаушылық жəне орта
Есею жəне үйрену
Дағдарыстық жəне сензитивті кезең
Кейбір даму процестері, прентальды жəне бастапқы пубертатты кезең немесе, шаштың ағаруы биологиялық даму процесі болып табылады. Адам өмірі барысында болатын даму бөлігі биология мен тəжірибенің өзара əрекетінің жетістігі болып табылады. Адамдағы биологиялық бастама мен оның даму тəжірибесі орта мен тұқымқуалаушылықтың өзара əрекеті ретінде қарастырылады.»Өсу»,«есею»,«қартаю» терминдері биологиялық процеске жатады.Үйрету – практиканың немесе жинақталған тəжірибенің уақытқа қатысты болып отыратын өзгерісі. Есею мен үйрену мəселесі белгілі бір өзгеріспен жүретін дағдарыс кезеңдері болама, сонымен байланысты.Туғаннан кейінгі бірнеше сағатқа созылатын дағдарыс сəті импринтинг деп аталады.
Балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды, бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтағанда дамудың біршама баяу, бірте-бірте өзгеретін кезеңдері жəне бұрынғы психикалық белгілердің азаюымен жəне жаңа белгілердің пайда болуымен байланысты,кейде баланы неғұрлым тез, өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі байқалады. Осы секірмелі өзгерістерге өтуді даму дағдарысы деп атайды.Олар жас ерекшелігіне қарай бірнеше кезеңге бөлінеді.Олар балалық шақтағы: 1жастағы жəне 3, 7, 13-14, 17-18 жастадағы дағдарыс. содан соң 25,33-35, 45-55, жəне есейген шақтағы дағдарыстар.