Адамның өмірлік даму барысы ? 6 . Дағдарыс дегеніміз не?
Дағдарыс кезеңдері қандай кезеңдерде болады ?
№ 2 дəріс
Тақырыбы:Жасерекшелігіпсихологиясыныңзерттеуəдістері. Дəрістің мазмұны:
Психологиялық зерттеудің əдіснамалық негіздері.
Жас ерекшелігі психологиясының негізгі зерттеу əдістері.
Жас ерекшелігі психологиясының қосымша зерттеу əдістері.
Мақсаты: Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу əдістерінің түрлерімен таныстыру, əдістемелік негіздері мен мақсат-міндеттерін түсіндіру.
Кез-келген ғылымның негізі фактыларды зерттеуден тұрады. Фактыларды тауып, анықтауға көмектесетін тəсілдерді ғылыми əдістер деп атайды. Əр ғылымның əдісі оның өзі зерттейтін пəніне, жəне зерттеу обьектісіне байланысты.Балалар психологиясының əдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тəсілдері
19ғ. Аяғы мен 20 ғ. Ортасына дейін жеке тұлға, жанұя, қоғам туралы жинақталған ақпаратты жинақтауға негізделген , жеке жағдайларды талдау кеңінен қолданды. Осы зерттеу əдістерін жинақтай отырып, қажетті ақпарат көзін алуға болады. Бұл əдістің мақсаты-индивид туралы, бала мен ата-ананың қарым-қатынасы туралы, науқас пен дəрігердің қатынасы туралы, белгілі бір сыныптағы климат туралы толық ақпарат алуға бағытталған.
Жеке жағдайларды талдауда,мысалы «бала күнделігін» қарау. Мысал ретінде Чрльз Дарвиннің өз баласының дамуына күнделік жазған. Веналық дəрігер Зигмунд Фрейд жеке жағдайларды талдау əдісін кеңінен пайдаланып, оны психоанализ теориясын жасауда қолданған. Бірақ бұл əдіс арқылы күрделі жағдайларды талдауда қиыншылыққа кездеседі. Сонымен қатар мұнда себепті-іздік байланыстардың құрылымын көрсету қиын болып табылады.