Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 .Жас ерекшелігі психологиясының зерттейтін аймағы?
2. Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу əдістері? 3.Сауалнама əдісін қандай мақсатта жүргізуге болады? 4 .Проективті əдіс дегеніміз не?
Экспериментəдісінің кезеңдерін ата?
Лонгитюдті əдістің ерекшелігі?
Когорт эффектісінің ерекшелігі?
Тұлғалық эксперимент қалай жүргізіледі ?
№ 3 дəріс
.Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы.
Дəріс мазмұны:
Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихына шолу.
Балалар психологиясындағы эволюциялық идеялар.
Қазақстанда жас ерекшелігі психологиясының даму барысы.
Даму мəселелері барысындағы психологиялық тұжырымдамалар мен теориялар. (Ч.Дарвин, Геккель, Бихевиоризм, Пиаже,Гальперин жəне гуман.,когнитивт.бағыттар)
Мақсаты: Жас ерекшелігі психологиясының даму барысымен, жас кезеңдеріне қарай эволюциялық идеялар мен ,психологиялық еңбектермен таныстыру.
Х!Х ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиямен бірге дамыды Жас ерекшелігі психологиясының бөлініп, бөлек бір сала болу кезеңі Х!Х ғасырдың екінші жартысы жəне психология ғылымында генетикалық идеяның пайда болуы үлкен əсері болды. Жас ерекшелігінің бөлек ғылым болып қалыптасуына əсер еткен негізгі себептер мынандай болды:
Биологиядағы «даму» туралы идеялар мен жазбалардың пайда болуы.
Туылған күннен бастап балаларды зерттеу,талдау,күнделіктер жазу,осы мəліметтерге қарай психологиялық көзқарастар мен
зерттеулер, идеялардың пайда болуы;
Балалар психологиясын зерттеуде эксперимент əдістерінің кеңінен қолданылуы.
Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары мен балалар психологиясын салыстырмалы зерттеулері; Ч. Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлқын зерттеумен айналысып қана қоймай, өзіне қажет деген материалдармен қатар, жануарлардың баласы мен адам баласы арасындағы ұқсастық барма деген мəселені көтерген.Осыған орай Ч.Дарвин өз баласына күнделік жазды. ХХ ғасырдың басында психологтар арасында балаларға күнделік жазу өріс ала бастады. Сол кезеңде неміс психологы В.Штерн əйелімен бірлесіп өз баласына ұзақ уақыт күнделік толтырып, сол күнделік кейіннен дүние жүзі тілдеріне аударылды.Осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары Келлогтар баласымен қатар шимпанзе баласын асырап, бірге тəрбиелеп, үйретті. Төрт жыл қатарынан күнделік толтырып, кейіннен осыған негіздеп «Адам жəне шимпанзе балалары» атты еңбек жазды.Бұл жүргізілген зерттеудің мақсаты – маймылдың адамға айналуына болатынын не болмайтынын анықтау болды жəне бала психикасынан жануар психикасының өзгешелігін анықтау
еді. Күнделіктер арқылы табылған фактілерден бала психологиясы туралы мəліметтер дамып, соның нəтижесінде бала психологиясының өз алдына бөлек қалыптасуына ықпал етті.
Күнделік жүргізумен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде жəне ХХ ғасырдың бас кезінде бала психологиясын зерттеуде эксперимент əдісі кеңінен қолданылып,осы саланың жалпы психологиядан бөлінуіне себепші болды.Бала психологиясын эксперименттік əдіс қолданып зерттеуде еңбек еткен ғалым-психологтар: А.Бине, В.Штерн, К.Кофка, Ж.Пиаже т.б.Бұлар экспериментті əртүрлі жастағы балаларға қолданды. Ж.Пиаже 1916 жылдан бастап балалардың ой- өрісін зерттеуді бастады.Қазіргі кезеңде оның зерттеулерін дүние жүзінің ғалымдары басшылыққа алады. Ж.Пиаже Женева қаласында балалардың ой - өрісін зерттеуді жалғастырып, эпистемология ілімінің негізін қалады. Өз зерттеулерінде Ж.Пиаже бала ақыл – есінің қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.
Щвейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Зерттеулерін негізге ала отырып,Ж. Пиаже генетикалық əдісті психологиялық болмысты тануда жетекші əдіснамалық принцип дəрежесіне көтерді.Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нəтижесі деп білді, яғни интеллектік күрделі ақыл-естің жай психикалық элементтерден құралатынын дəлелдемекші болды.
Бала психикасының даму жəне оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы жəне қорытылуымен қатар педагогикалық жəне балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастады.Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына обьективті сипаттама беріп оқыту мен тəрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға белгілі болды.Бірақ ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары əлі табыла қоймады.
Достарыңызбен бөлісу: |