М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет59/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


1 .Т.В.Скинеревтің з бойынша 6 типті бағалық-уақыттық «Мен» құрылымын ата?

    1. Осы кезеңні даму мүмкіндіктері туралы көп айналысқан теория өкілдері?

    2. Стернберг үш компонентті махаббат теориясы ата?

    3. Шешім қабылдау жəне жауапкершілік сатысының мəнін ата.



№ 12 дəріс


Тақырыбы: Жастық шақ –жеке адамның қалыптасу кезеңі.
Дəріс мазмұны:

      1. Өзіндік сана-сезімінің дамуы.»Мен» концепциялары.

      2. Дүниетанымы,мақсат-мұраттары мен бағыт-бағдары,қызығуы қалыптасуы.

      3. Кəсіби даму кезеңдері. Мамандық таңдау жəне кəсіби дайындық

      4. Жастық шақтағы психологиялық ерекшеліктер.Студенттік кезең психологиясы.

      5. Өмірлік жоспарлар.Мамандықты меңгеру.



Мақсаты: Жастық кезеңдегі оқу,еңбек іс-əрекеттері, эмоциялық-еріктік сферасымен өзіндік сана- сезімінің дамуы жəне дүниетанымы,
бағыт-бағдары дамуы ерекшеліктерімен таныстыру.
Жоғарғы сынып оқушысы (ерте жастық шаң кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буыннан жоғары сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына – гимназияларға, колледждерге, кəсіптік мектептерге өткен кезде дамудың жаңа əлеуметтік ситуациясын атайды. Бұл ситуацияны тек жаңа ұжымдар ғана емес, сондай-ақ ең бастысы болашаққа бағытталық. Таңдау жасауға өмірлік ситуация мəжбүр етеді, ата- аналар тарапынан ынталандырады жəне оқу орны бағыттайды . Осы кезеңде құндылық – бағдар белсенділігі негізгі мəнге ие болады. Бұл автономия, өзі болуға ұмтылумен байланыстырылады. И.С. Кон атап көрсеткендей , «қазіргі күнгі психология нақты, мінез-құлықтық автономияны (жасөспірімнің тек өзіне ғана қатысты мəселелерді өз бетінше шешу қажеттілігі мен құқығы), эмоционалдық автономияны (ата-аналарынан тəуелсіз болу қажеттілігі мен құқығы), мораль жəне құндылықтың автономияны (іс-жүзінде өз көзқарастарының болуы қажеттілігі мен құқығы), ажырата отырып, ержеткен балаларды автономиялау мəселесін қояды».
Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дəрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін пайдалы сезінетін іс-əрекет саласында бейімділікке өмірлік талаптарға
бағдарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды.
Өзін-өзі анықтау қажеттілігі жоғары сынып оқушысының оқу іс-əрекетінің сипатына ғана əсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды. Бұл ең алдымен, оқу орнын немесе тереңдете оқыту сыныптарын таңдауға (гуманитарлық, жаратылыстану т.б.) қатысты: пəндерді таңдау, оларды ұнату, ұнатпау т.б. Бір жағынан бұл тұлға бағытылығының көрінісі.
Мамандық таңдаудың аңықтығын жəне оның тұрақтылығын М.Р. Гинзбург «болашақтың анықтылығының» екі параметрі ретінде қарастырады, олар өз кезінде, жоғары сынып оқушысының мəндік болашағын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Екінші көрсеткіш – «валентілік» - эмоцияналдық құндылықтың болашаққа белсенділікпен байланыстылығын біріктіреді.
Жоғары сынып оқушысының оқу іс-əрекеті əлеуметтік ситуация ерекшілігіне қарай осы іс- əрекеттің саналық жаңа мазмұнымен синатталады. Біріншіден, тұлғалық мəнді құндылықтары бар оқу пəндеріндегі білімдерді игеруге деген ішкі танымдық мотивтермен қатар кең əлеуметтік жəне сыртқы жəне тұлғалық мотивтер де көрініс береді, олардың ішінде жетістікке жету мотиві бірінші орын алады. Оқу мотивациясы құрылымы бойынша сапалы өзгереді, себебі жоғары сынып оқушысы үшін оқу – іс-əрекетінің өзі, болашақтағы өмірлік жоспарларды жүзеге асыру құралы.
Жоғары сынып оқушысының оқу іс-əрекеті негізі даралық тəжірибені кеңейту, толықтыру, жаңа ақпаратты енгізу, олардың құрылымын жүйелеу, комплекстеу.
Өз бетінше шешім қабылдау, шығармашылық іскерлігін дамыту, барлық құбылысты талдай отырып олардың құрылымын ұғыну, тыңдай білу жəне т.б. қасиеттер жоғары сынып оқушысының оқу іс-əрекетінің мазмұнын құрайды.
Жоғары сынып оқушысында оқу іс-əрекетінің ерекше формасы қалыптасады. Ол сапалы түсінілген зерттеулер, кəсіби бағыттылықты талдау элементтері жəне тұлғалық қажеттіліктерді анықтау мақсатында оқу əрекеттері. Бұл кезеңдегі ең маңызды психологиялық жаңа құрылымы – оқушының өмірлік жоспарлар құруы, оларды жүзеге асыру жолдарын іздеу оның оқу іс- əрекетінің мазмұнымен байланыстылығы. Оқу іс- əрекетінің мазмұнының өзі жетекші іс-əрекет жаздайынан біртенден осы жоспарларды жүзеге асыру əдіс – тəсіліне айнасады.
Оқушының кəсіби жəне тұлғалық өзін-өзі анықтауға деген дайындығы бағдарлар жүйесін, айқын көрінетін кəсіби бағдарларды жəне кəсіби қызығушылықтарды, шағармашылық ойлау формаларын, ғылыми таным əдістерін игеруді, өзін-өзі тəрбиелеу іскерлігін қамтиды. Бұл кезеңде тұлғалық бағдарлық іс-əрекеті толық байқалады. Осы жаста оқушының автономияға ұмтылуы негізінде оның бойында өзіндік сана-сезімнің толықтай құрылымы қалыптасады, тұлғалық рефлексия дамиды, өмірлік жоспарлар, перспективалар саналы түсініледі, талап қою деңгейі қалыптасады.
Өтпелі кезеңде жоғары психикалық функциялардың дамуы жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық жəне нақты сипаттайтын негізгі заңдылықтарды аңықтайды.
Жүйке жүйесі мен мінез-құлық дамуының негізгі заңдылықтарының бірі – жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымдарға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында төменгі орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары функциялармен орындала бастайды.
Жүйке жүйесінің дамуында көрініс беретін осындай үш заңдылық, атап айтқанда: Төменгі орталықтардың бөлек сатылар түрінде сақталуы;
Функциялардың жоғарыға өтуі;
Сырқат кезінде төменгі орталықтардың эмансипациясы – жоғары психикалық функцияларының даму тарихында да толық сəйкестікте болады. Жекелей алғанда, жасөспірім кезеңдегі барлық психикалық даму осы үш заңдылықтың нақты айқындалуының үлгісі болады.
Осы жас шамасындағы дамудың негізгі мазмұны жасөспірімнің жеке тұлғасының психологиялық құрылымының өзгеруін құрайды, бұл өзгеріс қарапайым жəне төменгі процестерден жоғарылардың жетілуіне өту болып табылады.
Кречмердің пікірі бойынша; қарапайым рефлекторлы процестерден ойлаудағы абстракциялардың қалыптауына дейін жүректін негізгі жүйкелі – биологиялық заң.
Жасөспірімдік кезеңдегі психикалық дамудың бүкіл тарихы осы функциялардың жоғары өту мен дербес жоғары синтездердің құрылуынан тұрады. Түрге функциялар, олар: ес, зейін, қабылдау, ойлау, қиял, ерік. Даму процесінде осы функциялардың барлығы – орталық немесе жетекщі функциясы – ойлаудың дамуы, ұғымдардың қалыптасуы болып табылатын күрделі жүйені құрайды. Барлық қалған функциялар осы жаңа құрылысымен бірге отырып, интеллектіленеді, ойлау негізінде ұғымдардың өзіде қайта құрылады
Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп — жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мəдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағлы жүйесін игеруі, сол арқылы тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады жəне əлеуметтік жакуапкершілікті сезінеді. Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Əлеуметтік жəне таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мəнге ие болады.
Бұл кезең ақыл-ой қабілеттілігі дамуының маңызды кезеңі.
Олардың ойлау қызметі əлдеқайда белсенді жəне еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пəннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жеткіншектерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пəннің сыртқы мəнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пəндер қызықтырады. Олар белгілі бір құбылысты қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге бейім.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс-өзіндік ақыл-ойдың жəне өзіндік
«Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тəн қызығушылығына сəйкес оның негізгі мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының əлеуметтік-мəнділік жағын анықтап алу үшін көмектесу.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірден өзінің орны айқындалады. Тəрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тəрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дəл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның əртүрлі құбылыстарға баға беруі, əлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін жəне өзінің əлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет