М. Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш



Дата28.01.2018
өлшемі84,69 Kb.
#35411


«Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын...» 
( М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)


ОҚО Мақтарал ауд. Жетісай қаласы МКҚК «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқытушысы Шайхыбекова С.П.

Кештің мақсаты: 
• Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; 
• Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау; 
Кештің көрнекілігі: ақын портреті, слайд, видео көрініс 

Заманбек:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен студенттер, кешіміздің қонақтары!



Сая:

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені

Қазақтың ол анық қой өнер кені

Ақынның кешіне қош келдіңіз,

Алдарыңда болашақ өрендерің.

Заманбек:

Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын, 


Төртеу – менің мұратым. 
Төртеуінен алма-кезек нұр алам. 
Біріншісі – туған елім – ұлы анам. 
Екіншісі – ғазиз анам, саулығымды сұраған. 
Бірақ маған екеуі де бір адам. 

Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны » атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын...» атты әдеби – сазды кешке қош келдіңіздер!».



Сая:

Үшіншісі – намыс үшін беріспеген күндерім, 


Жанған отты өшіруге келіспеген күндерім 
Тағдырымның жанарынан жеңіс көрген күндерім, 
Сүрінгенді сүйеймін деп, құлап қалған кездерім 
Бәрі, бәрі жомарттығым, адалдығым сондағы 
Кеудеме кеп жиналды да, бақыт болып орнады. 
Төртінші ме? 
Төртіншісі сәл тайқыса болар мұң 
Маған деген адалдығы ол, мені сүйген адамның, - деп жырлаған қазақ халқының ардақты азаматы, ақиық ақыны Мұхтар Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер. 

Ендігі кезекте Мұхтар ағамыздың өмірі жайлы тоқталып кетсек.

Оқитын: Сазан Қарлығаш

Ақынның өмірінен слайд және өмірбаяны.

Қазақтың қылыштай өткір тілді, қайратты мінезді, қадірлі азаматы Мұхтар Шаханов


1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Бірақ балалық шағы Төле би ауданының Қасқасу ауылында өткен.
Қызмет жолы: 
– трактордың тіркеушісі; 
– Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер; 
– «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші; 
– Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы; 
– Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы; 
– КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты; 
– Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994ж.) 
– Қазақстанның халық жазушысы (1996ж.) 
Шығармалары дүние жүзінің қырықтан астам тіліне аударылған, қазақ тарихында және әлемдік әдебиетте өз орны бар Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың туындыларын жас та, кәрі де іздеп жүріп оқиды десек қателеспейміз, тіпті қазақ халқының бірнеше ұрпағы Шаханов шығармаларын жаттап өсті деп сеніммен айта аламыз. 

Сая:

Даласындай дарқан халық ел,


Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.

Осыдан 72 жыл бұрын асыл қазынамыз «Абай жолы» эпопеясының 1-ші кітабы жарыққа шығыпты. Ұлы шығармалармен қатар дүниеге келген, кіндігі кесілген перзенттерінің бірі – Мұхтар Шаханов.



Би: «Аққу» орындайтын Сүлеймен Мөлдір

Заманбек:

Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,


Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.

Ақын аға есімінің Мұқтар болуының да өзіндік сыры бар. Өз есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде .



Ендігі кезекте ақынның өлеңдерінен үзінді.

Ахатова Сайда «Мені неге Мұхтар қойған»

Сайлаубек Ақжан «Жігерлендіру»

Қонысбай Айбатыр «Рух пен тіл»

Ән «Туған күн кешінде» орындайтын Наргиза

Сая:

Өзендер мен көлдердің 


Көлден шалғай шөлдердің, 
Биіктер мен алыптардың 
Жылулар мен жарықтардың арасын жалғап келген бір ән бар, - деп ақынның өзі жырлағандай, оның көп өлеңіне ән де шығарылған. Көпшілікке танымал бұл әңдердің сөзін жазған М.Шаханов екенін біле бермеуіміз де мүмкін. Бұл әндер: «Айналайын», «Арыс жағасында», «Әке туралы жыр», «Кешікпей келем деп едің», «Ақ бантик» және тағы басқа көпшілікке танымал әндер. 
Заманбек:

Дұрыс айтасың, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді қалай әуелете шырқады десейші! «Туған күн кешінде», «Жұбайлар жыры», «Гүлдәурен» тағы көптеген әндер халықтың сүйсіне айтатын әндері болып табылады. Сол әндердің біреуін тыңдап көрсек... 



Мұхтар Шаханов өлеңіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні

«Арыс жағасында» әні орындайтын Жәнібек

Сая:

Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Табиғатында суреткерлік қасиеті басым болғандықтан ол ашынған жүрек, ақырған ашу, қан жылаған қайғыны мезгіл, мекенсіз өлеңнің өзегіне итере салмайды, соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер тағдырымен, ақынның өз тағдырымен тікелей астасып жатады. Келесі оқылатын өлеңдер осының куәсі. 


Заманбек:

Құдіретті төрт анамыздың барын бағамдатып, төрт тілек тағанымызды түгендеп берген де Мұхтар Шаханов. Ол өз шығармаларында туған жер құдіреті, ата-баба дәстүрі туралы терең танымдық түйіндер жасайды. Мұхтар Шаханов поэзиясы – бұл адамгершілік поэзиясы, бұл – намысты, рухты оятатын поэзия.



Ендігі кезекті тағы да ақынның өлеңдерінен үзінді.

Хайр Балнұр «Төрт ана»

Сүлеймен Мөлдір «Қазақ тілі»

Заманбек:

Сая осы сен айшты «Бақыт» деген не өзі?



Сая:

Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты болып жүргенің

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің – деп Мұқағали атамыз айтқандай, осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе?

Заманбек:

Ал Мұхтар ағамыз бақытты не деді екен.



Кезекте ақынның өлеңдерінен:

Ұлығмұратова Жұлдыз «Бақыт геомтериясы»

Сапар Батырбек «Әйелдер»

Сазан Қарлығаш «Бақытымның таң жұлдызы өзіңсің»

Ән: «Әкеме» орындайтын Жәнібек

Би. Вальс

Сая:

Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті. 


Өзі айтқандай: 
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ, 
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ. 
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп 
Жоқ!!!

Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от, 


Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп, 
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп. 

Ән: «Айналайын» орындайтын Айдана

Заманбек:

Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық. Халық намысы жер етілген сол жылдары Мұхтар Шаханов болмағанда күні бүгінге дейін Желтоқсан оқиғасына қатысты мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы қазан күйінде қалар ма еді? 


Желтоқсан оқиғасы Мұхтардың азаматтығының, парасаттылығының, нағыз халық ақыны екендігінің айшықты мезеті болғаны аян. 

Желтоқсан оқиғасында қайтыс болған аға-әпкелерімізді желтоқсан құрбандарын үнсіздікпен 1 минут еске алайық. Рахмет.



Қайрат Рысқұлбеков көрініс тамашалаңыздар.

Тергеуші Қайратқа сұрақ қояды.

Тергеуші: Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді өлтіргенім жоқ.

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар! Көзін құртыңдар!

Қайрат:

Күнәден таза басым бар,

Жиырма бесте жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты - құрбандық»,

Атам десеңдер атыңдар!

Видио ролик.

«Желтоқсан алаңы»  

Күй «Ерке сылқым»

Сая:

Кешіктің деп кінәлама, айбарлым,


Сені ояту үшін қанша ойладым.

Заманбек:
Еңіреген ер, ел ауызы дуалы,
Бізге жетті жүрегіңнің шуағы.

Ән «Кешікпей келем деп ең» өлеңі М. Шахановтікі, әні Ш. Қалдаяқовтікі орындайтын Ақжан мен Айдана.

Кезекте ақынның өлеңдерінен үзінді.

Жураева Малика «Бақытты бол»

Қантөреев Азамат «Мен саған ғашық едім»

Бейсен Жанар «Ғашықтық мұңы»

Сая:

Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау, 


Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау. 
Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан 
Арып-арып барған да, құмға сіңіп жоқ болған. 
Ақын поэзиясына алтын арқау болған тақырыптардың ізгі махаббатпен
шынайы сүйіспеншілік.

Заманбек:
Жолсыздық пен жөнсізді жолықты көз көруден, 
Құтқар анау өзенді құмға сіңіп өлуден. 
Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден, 
Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден. 

Кезекте ақынның өлеңдерінен:

Монолог «Қорланым» оқитын Яхшиликова Мөлдір.

Айтқали Нұрғиса, Роман Қуаныш «Әке үкімі»

Ән: өлеңі М. Шахановтікі, әні Ш. Қалдаяқовтікі «Ақ бантик»

орындайтын Жәнібек.

Сая:

Ән туады мұраттан, 


Ой туады сұрақтан, 
Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан. 
Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге, 
Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге. 

Заманбек:

Өзен болу - үлкен сын, 


Бақыт емес ол да аса 
Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса.

Кезекте ән «Гүлдәурен» орындайтын Айдана, Ақжарқын.

Кезекте ақынның өлеңдерінен:

Тәджібай Ақсауле «Жаңа қазақ»

Бердіқұл Ақжарқын «Алғыс айтым саған»

Сая:

Сағынумен күн кешем мен ертеңді

Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді.

Өткізбеймін ешкімге зорлығымды

Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді.

Заманбек:

Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,

Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.

Бабалардың арманы ба мына қызыл гүлдерде,

Олар елін, тілін құорғап жанын қиған бұл жерде.

Кезекте ақынның өлеңдерінен:

Балта Гүлзейнеп

Сұлтан Айда

Қайырбек Жансая

Би: қыздар тобы
Заманбек:

Бүгінгі кешімізден соң ақын шығармашылығына деген қызығушылықтарыңыз оянса, біздің мақсатымыздың орындалғаны.



Сая:

Осымен Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби- сазды кешіміз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Аман –саулықта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет