М. У. Анартаева


* 5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері



бет18/21
Дата31.01.2018
өлшемі2,87 Mb.
#36761
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
* 5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:


Жағдайлық есептерді шешу, глоссарий, кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу, тақырып бойынша көрнекілік құралдар


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Жағдайлық есептерді

шешу, глоссарий, кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу, тақырып бойынша көрнекілік құралдар



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Жұмысқа белсенді түрде қатысып, жауап беруде ерекше ой-пікірін көрсеткенде, білімінің тереңдігін байқатып, тақырыпты басқа да салалардағы ғылыми жетістіктермен ұштастыра білгенде қойылады.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Жұмысқа белсенді түрде қатысып, жауап беруде қателіктер жібермей, жұмысқа белсенді араласып, білімінің жақсы екендігін көрсеткенде қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Сабаққа баяу түрде қатысып, бағдарлама материалдарын жүйелеуде едәуір қателіктер жібергенде қойылады.,

Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Топпен жұмыс істеуге қатыспады, оқытушы сұрақтарына жауап беруде көп қателіктер жіберіп, жауап беруде ғылыми терминологияны пайдаланбады.


Тест тапсырмаларын орындау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тесттік тапсырмаларды орындау


Өте жақсы

86-100 % дұрыс жауап

Жақсы

75-85 % дұрыс жауап

Қанағаттанарлық

50-74% дұрыс жауап

Қанағаттанарлықсыз

50% -дан төмен дұрыс жауап


Рефераттар дайындау және қорғау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Рефераттар дайындау және қорғау



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, тиянақты, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға сенімді, қатесіз жауап береді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберді.

Қанағатта__нарлық'>Қанағатта

нарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, бел жазылған Рефератты қорғауда тексті оқиды. Берілген сұрақтарға сенімсіз және қателіктермен жауап береді.

Қанағатта

нарлықсыз

0-49 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, компьютерде басылған, ұқыпсыз жазылып, уақытында тапсырылмады. Рефератты қорғау кезінде тексті оқиды. Сұрақтарға жауап беруде бағдарлама материалдарынан ауытқып, дұрыс жауап бермеді.

Тақырыптық презентация


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тақырып

тық презен

тация


Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.

Қанағаттанар__лық'>Қанағаттанар

лық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.

Қанағаттанар

лықсыз

0-49 балл



Презентация белгіленген уақытта тапсырылған жоқ, көлемі 20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-ден аз. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.



Тест тапсырмаларын дайындау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тест тапсырмаларын дайындау

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті және адекватты. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленген.




Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес.




Қанағаттанар

лық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз. Тест тапсырмалары нақты емес, дәл емес, ұқыпсыз құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленбеген.




Қанағаттанар

лықсыз

0-49 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз, сұрақ дұрыс қойылмаған.. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптарының жауабы 50%-дан төмен, дәл белгіленбеген.

Ережеге сәйкес, оқыту барысында бірнеше бақылау түрі колданылады.

Оқу журналына орташа бағасы қойылады.
Аралық бақылау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тестілеу/әңгімелесу



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді. Тест сұрақтарына 86-100% дұрыс жауап берді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады. Тест сұрақтарына 75-85% дұрыс жауап берді.

Қанағатта

нарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады. Тест сұрақтарына 50-74% дұрыс жауап берді.

Қанағатта

нарлықсыз

0-49 балл



Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады. Тест сұрақтарына 50% -дан төмен дұрыс жауап берді.


Рейтинг

Пән бойынша үлгерім жалпы бағамен анықталады:

ЖБ ═ ЖРБх 0,6+ҚББх0,4; мұнда:

ЖБ – жалпы баға

ЖРБ – жіберілу рейтингісінің бағасы;

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы.

Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) пән бойынша жалпы үлгерімнің (ЖБ) 60 % құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы жалпы бағаның (ЖБ) 40% құрайды:

Емтиханға жіберілу рейтингісінің

бағасы (ЖРБ) ═ АғББ+АрББ ;

2

Мұнда: АғББ – үлгерімді ағымдық бақылау бағасы



АрББ – үлгерімді аралық бақылау бағасы, 2 аралық бақылау:

(АрББ1 + АрББ2)/2

Үлгерімді ағымдық бақылау (АғББ) ═ практикалық сабақтардың орта бағасы + ОЖСӨЖ орта бағасы + СӨЖ

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


ДӘРІС КЕШЕНІ


Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2206
Мамандық : 5В110100 «Мейіргер ісі»
Оқу сағатының көлемі 90/2
Курсы және оқу семестрі: 1, I I
Дәріс 10 сағат

Шымкент 2013 ж.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «Мейіргер ісі» мамандығы - 5В110100 негізінде құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____ «____» ________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _____________ Есіркепов М.М.

Дәріс № 1.
1.Тақырыбы: Микробиология пәні, мақсаты және міндеттері. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Мейіргер ісі маманы үшін микробиологияның маңызы.
2.Мақсаты. Студенттерге микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Бактериялар мен вирустардың жіктелу принциптерін талдау және морфологияларын жіктеп талқылау.
3.Дәрістің тезисі.

Микробиология, иммунология медицинада іргелі-теориялық және клиникалық пен медициналық профилактикалық пәндер арасында аралық орынды алады. Микробиология барлық медициналық пәндермен тығыз байланысты (хирургия, терапия, онкология, жүйке жүйелері аурулары, урология, офтольмалогия, эндокринология, эпидемиология, педиатрия, стоматология, жұқпалы аурулар, медицина-алдын алу, фармациялық пәндермен). Кез келген дәрігер негізгі микробиология және иммунологияны жете меңгеріп оны практикада ауруға микробиологиялық диагноз қоюда пайдалана білу керек.

Қазіргі уақытта статистикалық мәліметтер бойынша 70 % ару жұқпалы ауру, сондықтан дәрігер микробиологиялық әдістерді (бактериологиялық, бактериоскопиялық, серологиялық, вирусологиялық, биологиялық) бактериялардың, вирустардың морфологиясын жете меңгеру керек.

Бактериялар прокариоттарға жатады. Бактериалар пішініне қарай кокк тәрізді, таяақша тәрізді, иілген, бұралған, жіпшелі болып бөлінеді.

Шар тәрізді бактериаларға микрококтар, диплококтар, пневмококтар, стрептококтар, стафилококтар, сарциналар жатады.

Таяқша тәрізді бактериалар спора түзетін, спора түзбейтін болып бөлінеді. Иілген бактериалар - спирал тәрізді бактериялар спириллалар, спирохеталар.

Спирохеталар 3 түрге бөлінеді. 1.Трепонома, 2. Боррели .3. Лептоспиры.

Риккетсиялар адамда риккетсиоз ауруын шақырады, цитоплазмада қосарланып көбейеді, биттердің, бүргелердің, кенелердің ағзасында жақсы көбейеді. Романовский-Гимзе әдісімен бояалады.

Хламидиялар–облигатты жасуша ішілік паразит, тек тірі ағзада көбейеді, олар (АТФ) және (ГТФ) синтездемейді. Адамдарда хламидиялар көзді зақымдайды трахома, коньюктивит, урогениталді ағзада және өкпеде ауруды шақырады.

Актиномицеттер – тармақталған жіпше және таяқша грам оң бактериялар. Патогенді актиномицеттер актиномикозды, нокардии-нокардиозды, микобактерия туберкулезді алапесті, коринобактерия-күлді шақырады.

Микоплазмалар-майда бактериялар жасуша қабырғасы жоқ, адамдарда атипті пневмонияны шақырады.

Бактерия жасушасының құрылымы – цитоплазмалық мембрана, жасуша қабырғасынан, нуклеоид, капсула, микрокапсула, жіпшелер, кірпікшелер, споралардан тұрады. Вирустардың классификациясы мен морфологиясы; Вирустар РНК және ДНК түзуші болып екі түрге бөлінеді. Вирустардың морфологиясын электронды микроскоптың жәрдемімен үйренеміз. Қалыптасқан вирус бөлшектерін вириондар дейміз. Вириондардың пішіні таяқша, оқ, сперматазоид, жіп, сфера тәрізді болып бөлінеді.

Вирустар қарапайым және күрделі құрылымды болып екіге бөлінеді. Қарапайым құрылымды вирустар нуклейн қышқылынан және капсидтен, ал күрделі құрылымды вирустар нуклейн қышқылынан, капсидтен және липопротеин қабықшасынан тұрады.

Капсид және қабықша вирионды сыртқы орта әсерінен сақтайды.

Вирустардың классификациялану негізі келесі жіктелуге байланысты; нуклеин қышқылының түріне (РНҚ, ДНҚ) оның құрылымы мен жіпшелерінің саны (біреу немесе екеу) вирус геномының ерекшелігіне, көлемі мен пішініне, капсомер санына нуклеокапсидтің симметрия типіне, қабықшаның барлылығына, жасушада көбею орнына, антигендік қасиетіне.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5.Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша әдебиеттер:

1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.



Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):

1.Бактериялардың морфологиясына қарай бөліну топтарын атаңыз?

2.Вирустардың жіктелуі қандай ерекшеліктеріне қарай негізделеді?

3. Бактериялар мен вирустардың құрылымындағы айырмашылықтар атаңыз?


Дәріс № 2.
1.Тақырыбы: Жалпы микробиология. Микроорганизмдердің морфология жəне физиология негіздері. Прокариоттар, эукариоттар, вирустар, фагтар морфологиясы. Микроорганизмдердің қоректенуі, тыныс алуы, өсіп көбейюі.
2. Мақсаты. Студенттермен бактериялар мен вирустардың жіктелу принциптерін талдау және морфологияларын жіктеп талқылау. Студенттерге бактериялар мен вирустардың физиологиясын талдап биохимиялық қасиетін жіктеп үйрету. Бактериофагтардың практикадағы маңыздылығын түсіндіру.
3.Дәрістің тезисі.

Бактериялар прокариоттарға жатады. Бактериялар пішініне қарай кок тәрізді, таяқша тәрізді, иілген, бұралған, жіпшелі болып бөлінеді.

Шар тәрізді бактериаларға микрококтар, диплококтар, пневмококтар, стрептококтар, стафилококтар, сарциналар жатады.

Таяқша тәрізді бактериялар спора түзетін спора түзбейтін болып бөлінеді. Иілген бактериялар - спираль тәрізді бактериялар спириллалар, спирохеталар.

Спирохеталар 3 түрге бөлінеді: 1.Трепонома, 2. Боррелилер .3. Лептоспиралар.

Риккетсиялар адамда риккетсиоз ауруын шақырады, цитоплазмада қосарланып көбейеді, биттердің, бүргелердің, кенелердің ағзасында жақсы көбейеді. Романовский-Гимзе әдісімен боялады.

Хламидиялар – облигатты жасуша ішілік паразит, тек тірі ағзада көбейеді, олар (АТФ) және (ГТФ) синтездемейді. Адамдарда хламидиялар көзді зақымдайды трахома, коньюктивит, урогениталді ағзада және өкпеде ауруды шақырады.

Актиномицеттер – тармақталған жіпше және таяқша грам оң бактериялар. Патогенді актиномицеттер актиномикозды, нокардии-нокардиозды, микобактерия туберкулезді алапесті, коринобактерия-күлді шақырады.

Микоплазмалар – майда бактериялар жасуша қабырғасы жоқ, адамдарда атипті пневмонияны шақырады.

Бактерия жасушасының құрылымы – цитоплазмалық мембрана, жасуша қабырғасынан, нуклеоид, капсула, микрокапсула, жіпшелер, кірпікшелер, споралардан тұрады. Вирустардың классификациясы мен морфологиясы; Вирустар РНҚ және ДНҚ түзуші болып екі түрге бөлінеді. Вирустардың морфологиясын электронды микроскоптың жәрдемімен үйренеміз. Қалыптасқан вирус бөлшектерін вириондар дейміз. Вириондардың пішіні таяқша, оқ, сперматазоид, жіп, сфера тәрізді болып бөлінеді.

Вирустар қарапайым және күрделі құрылымды болып екіге бөлінеді. Қарапайым құрылымды вирустар нуклейн қышқылынан және капсидтен, ал күрделі құрылымды вирустар нуклейн қышқылынан, капсидтен және липопротеин қабықшасынан тұрады.

Капсид және қабықша вирионды сыртқы орта әсерінен сақтайды.

Вирустардың классификациялану негізі келесі жіктелуге байланысты; нуклеин қышқылының түріне (РНҚ, ДНҚ) оның құрылымы мен жіпшелерінің саны (біреу немесе екеу) вирус геномының ерекшелігіне, көлемі мен пішініне, капсомер санына нуклеокапсидтің симметрия типіне, қабықшаның барлылығына, жасушада көбею орнына, антигендік қасиетіне.

Бактериялардың физиологиясы – бактериялардың тіршілігін, зат алмасуын, қоректенуін және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Бактериялардың зат алмасуын зерттеу оларды дақылдандыруда, таза дақылдарын бөліп алып идентификациялауда үлкен орын алады. Патоген, шартты патоген бактериялардың физиологиясын зерделеу,олар тудыратын жұқпалы аурулардың патогенезін зерттеу, микробиологиялық диагноз қоюда, емдеу және олардың алдын алу, адам мен қоршаған орта қарым-қатынастарын реттеу, сонымен қатар биотехнологиялық процестерді қолдана отырып, бактериялардан биологиялық белсенді заттарды алу үшін қажет.

Бактерияларды қоретік орталарда өсіру, таза дақылды бөліп алу әдістері жұқпалы ауруларға диагноз қоюда маңызы жоғары.

Бактериялардың қоректенуі классификациясы бойынша аутотрофтар, гетеротрофтар, фототрофтар, хемотрофтар,литотрофтар, органатрофтар болып бөлінеді. Гетеротрофтық дәреже барлық бактерияларда бірдей емес.

Гетеротрофтаркөміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көпатомды спирттер, аминқышқылдар болып табылады.

Энергия көзі ретінде күннің жарығын пайдаланатын организмдерді фоторофтар деп атайды.

Ал тотығу – тотықсыздандыру реакцияларының нәтижесінде пайда болған энергияны пайдаланатын организмдерді хемотрофтар деп атайды.

Бактериялардың ішінде сапрофиттер өлген органикалық заттармен қоректенеді, паразиттер қоректік затты макроорганизмдерден алады. Паразиттер облигатты және факультативті болып бөлінеді.Облигатты паразиттер жасушадан тыс жерде мүлдем тіршілік ете алмайды. Факультативті паразиттер сапрофиттер тәрізді иесінің жасушасынсыз қоректік орталардан организмнен тыс тіршілік етіп көбейе алады.

Бактерияларды in vitro жүйесінде дақылдандыру қоректік орталарда жүзеге асырылады. Жасанды қоректік орталар келесі талаптарға сай болуы тиіс.


  1. Бактериялардың барлық тіршілік процестері суда өтетіндіктен кез келген қоректік ортада жеткілікті мөлшерде су болуы қажет.

  2. Гетеротрофтық бактерияларды дақылдандыру үшін, ортада органикалық көміртегі көзі болуы керек. Бұл қызметті түрлі органикалық қосындылар атқарады: көмірсулар, аминқышқылдар, органикалық қышқылдар, майлар.

  3. Ақуыз, нуклеотидтер, АТФ, коферменттер синтездеу үшін бактерияға азот, күкірт, фосфат және басқа да минералдық заттар мен микроэлементтер қажет. Азот көзі ретінде пептон болуы мүмкін, сонымен қатар көптеген бактериялар азот көзі ретінде амоний тұздарын пайдалана алады. Күкірт пен фосфорды бактериялар бейорганикалық тұздар ретінде пайдалануы мүмкін: сульфаттар және фосфаттар күйінде. Ферменттердің дұрыс жұмыс жасауы үшін бактерияларға кальций, Mg, Fe иондары қажет, оларды қоректік орталарға фосфат тұздары ретінде қосып отырады.

  4. Көптеген микроорганизмдерің өсіп-өнуінде орта рН маңызды орын алады. Ортаның рН-ын белгілі бір деңгейде ұстап отыру, бактериялардың өздерінің тіршілік өнімдерінің нәтижесінде пайда болған улардан өліп қалмауы үшін қажет. Осы мақсатта қоректік ортаны фосфаттық буфер көмегімен буферлеп қояды.

  5. Ортаның белгіленген осмостық қысымы болуы керек. Қажет болған жағдайда қоректік орталарға өсу факторларын, кейбір бактериялардың өсуін басатын ингибиторлар,ферменттер әсерін күшейтетін субстраттар мен индикаторлар қосылады.

  6. Қоректік орталар стерильді болуы тиіс.

Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық және тығыз болып келеді. Бактериялардың дақылдылық қасиеттері. Сұйық қоректік орталарда бактериялар біркелкі лайланып,тұнба беріп немесе бетінде қабыршақ үлбір түзіп өседі. Тығыз қоректік орталарда бактериялар колониялар түзеді. Колония тығыз қоректік ортада көбейіп түзілген бір бактерия жасушаларының шоғыры. Колониялардың пішіні микроорганизімдердің белгілі бір түріне тән. Колониялар көптеген қасиеттері бойынша ажыратылады.

1. Мөлшері :

-ұсақ (0,1-3 мм)

-орташа (3-5 мм)

-ірі (5мм ден үлкен)

2. Пішіні:

-домалақ

-дұрыс емес пішінді, жолбарыстың жалы, маргаритка гүлі сияқты.

3. Айнала шеті

- Тегіс


-кедір-бұдыр тісшеленген.

-шашақталған

4. Беті:


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет