М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет147/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
ұлы тұлғалардың бейнесін сомдауда олардың сыртқы тұлғасы, 
іс-әрекеттерімен ғана шектелмей, заманауи өзгерістерге қарсы 
сыншылдық-аналитикалық ұстанымдарды күшейтті. Сол арқылы 
қоғамдық үдерістерді терең қамтыды. 
Алтын Орданың ыдырауы барысында өз алдына жеке ел бо-
лып қалыптасқан қазақ хандығы кезеңімен тұспа-тұс келген жы-
раулар поэзиясында ел бірлігін сақтау мен елді сыртқы жаудан 
қорғау
мәселелері батыл жырланды.
Бұл орайда, жыраулар поэзи-
ясын зерттеуші ғалым Х. Сүйіншәлиевтің: «ХVІІІ ғасыр әдебиетінде, 
ең алдымен, сыртқы жауаға қарсы ерлік күреске үндеу, ел бірлігін 
сақтайтын батыл басшыны жырлау сияқты сарындар күшейді», [25] 
– деген сөзінің салмағы зор. 
Жаугершілік заманында ақындық өнерді батырлық, ерлік әрі өрлік 
қасиеттермен ұштастыра білген жыраулардың бірі – Ақтамбердінің 
әйгілі «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын толғауында ұлт 
тәуелсіздігін аңсап, ерлікті дәріптеген ақынның батырларға тән өрлік 
келбеті мен кесек бітімі сомдала түскен. Жырау:
Күмбір-күмбір кісінетіп, 
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күдерінен бау тағып,
Күреуке тон киер ме екенбіз.
Жағасы алтын, жеңі кез,
Шығыршығы торғай көз,
Сауыт киер ме екенбіз.
Сырттан сауыт киген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ма екенбіз
, [26] – деп, елге тиген жаудан елін қорғап, 
еліне, жеріне қорған болып, еркіндікке ұмтылған қолбасшы ретінде 
көрінеді. Мұндай жыр жолдары Ақтамбердіге дейін де болған.
ХVІІІ 
ғасыр ақыны Доспамбет жырау:
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда,
Күмбір, күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда,
Толғамалы ақ балта,
Толғап ұстар күн қайда,
Алты құлаш ақ найза,
Ұсынып шаншар күн қайда,
Садақ толған сайгез оқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет