М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет152/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
147 
қабырғасы сетінемеуін ойлап, қайғырған қарт жыраудың мына бір 
сөздері соның айғағындай:
Керей, қайда барасың,
Сырдың бойын көбелеп.
Сен қашсаң да мен қойман,
Арғымақпен жебелеп.
Азаматым барында
Алысқалы келгенмін.
Жақсы болсаң, сенімен
Табысқалы келгенмін.
...Мен – арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі шөншіксің,
Мен – өгіз терісі талыспын.
Абылай алдында сен бітсең,
Құдандалы таныспын.
Егер Абылай алдында бітпесең, 
Атасын білмес алыспын! 
− деп толғанады. (Осынау ірі, кесек 
мінездері арқылы, Абылай секілді ханды да қараша халықты да 
татулыққа үндейтін Бұқар сөздері аз емес. Жырау өлеңдері қашанда 
қазақ елінің еркіндігі мен ертеңін толғауымен құнды.
ХV–ХVІІІ ғасырдағы барлық жыраулар шығармашылығының өн 
бойынан осы сарындас толғауларды молынан кездестіруге болады. 
Бұл ойымызды Ж.Тілеповтің: «ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қай жырауды 
алсаңыз да, олардың елі үшін жанын отқа тоспайтыны кемде кем. 
Бұлардың көпшілігі халқының қамына бола ханмен де, қарамен де 
айқасудан тайынбаған» [30], – деген тұжырымы нақтылай түседі. Де-
мек, жыраулардың басты мақсаты – халықтың басын біріктіріп, қазақ 
жұртын қабырғалы мемлекет қатарына қосу болды. Осы жолда олар 
талай қиындықтарды бастан кешірді. Олардың алдаспан жырлары 
ханды да, қараны да аямады.
Жыраулар өмір шындығын ашып бейнелеуде ел басқарған хан-
сұлтандардың кемшіліктерін аямай сынға алып, шындықты ащы бол-
са да ашып айту арқылы ұлттық поэзиядағы Даттау түрін ұтымды 
пайдаланса, сонымен қатар, жыраулық поэзиядағы жауға қасқая 
қарсы тұра білген батыл басшының ерлігін жырлау, мадақтау үлгісін 
де көркемдік құрал ретінде пайдалануды дәстүрге айналдырған. 
Осыған қатысты бірнеше мысал келтіріп көрелік.Үмбетей жыраудың:
Жиырма жасқа толғанда,
Қалмақпен соғыс болғанда,


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет