М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет154/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
149 
ран заманға сай келді. 
Осындай жау жағадан алғанда, бөрі етектен 
тартқан қиын-қыстау кезеңдегі ел
тағдыры ұлы хандардың көреген 
саясатынан кейін, ержүрек батырлардың қолында болатын. Алты 
алашқа аты аян тұлғалы батырлармен бірге жау шебінде күн кешіп, 
не бір қырғын шайқастардың куәсі болған Тәтіқара ақынның ерлік 
мұраттарды жырына арқау етпеуі тіптен мүмкін емес еді. Сондай 
бір сәтте жауынгерлерге ерік, жігер беріп, намысын ояту мақсатында 
шығарған ақынның: 
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы болат найза.
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен дулаттағы,
Дәріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы,
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы
[14, 75 б.], –
деген жыр жолдары қазақ елінің нағыз ерлік ұранына айналды. 
Осы өлеңнің дүниеге келу тарихына тоқталатын болсақ, «Тәтіқара 
Бөгембай қолымен қалмаққа қарсы шабуылдарға қатысып, өзінің жа-
лынды жырларымен күреске аттанған. ...Мысалы оның «Қамыстың 
басы майда» деп басталатын өлеңінің шығу тарихы осындай» [32, 
31 б.] деп, Х. Сүйіншәлиев өлеңнің шығу тарихы қалмақтармен 
ұрыс кезінде дүниеге келгендігін алға тартады. Дегенмен, өлең 
1756 жылы Цин басқыншылары қазақ жеріне басып кірген шақта 
туған [33] Қытайдың Чжао Хой бастаған әскерінің тасыған өзеннің 
«Күркіреуік» деген тұсына таман қазақ жауынгерлерін тығырыққа 
тіреген қысылтаяң сәтте шығарылған бұл өлең Тәтіқараның шұғыл 
әрекет қыла білген тапқырлығы мен батылдығы ғана емес, оның шын 
мәніндегі суырыпсалмалық өнерінің нәтижесі еді.
Демек, заман талабына сай үнемі хан қасынан табылып, 
жыраулығымен қоса көрегендігін де мойындата білген жыр 
сүлейлері Сыпыра, Асан Қайғы, Жәнібек, Шалкиіз, Жиембет, 
Үмбетей, Бұқарлардың туындылары тарихи салмағы зор тұлғалар 
Тоқтамыс, Әз-Жәнібек, Би Темір, Есім хан, Абылай хандардың ұлт-
тық әдебиеттегі шынайы бейнесін ұсына білуімен құнды болмақ. 
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бас кезеңі 
– қазақ әдебиеті тарихындағы жыраулық дәстүр кезеңінің саябыр 
тартып, ақындық өнердің алға шыға бастауымен ерекшеленеді. 
Әдебиеттанушы ғалым С.Қирабаевтың сөзімен айтсақ, бұл кезеңде 
«Жыраулық поэзияның қалыптасқан дағдылы сөз саптауы, ел 


150


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет