М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет61/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
59 
«индонезиялық» және басқа да олардың қатарына кіретін түркілік 
философия сияқты түрлерін жоққа шығарушы философияның 
мәнін, деңгейін, сипаты мен тағайындылығын түсінудегі әртүрлі 
бағыттармен ерекшеленеді. 
Онда философия құбылысы, түркілік мәдениет пен оның 
тарихы теңестірілетін көшпелі өмірде пайда болған жоқ, ол 
отырықшылық өмірдің жемісі деп қарастырылады. Осы көзқарасқа 
сәйкес, көшпелі өмір салты философияның пайда болуына жағ-
дай жасай алмайды. Қоғамның рухани өмірінің жоғары түрі – 
философияны туғызатын зияткерлік іс-әрекетпен көшпенділіктің 
сәйкес келуі мүмкін емес. Қазіргі кезде мамандар бұл көзқарасты 
жоққа шығаруда [3]. 
Қазіргі және өткен жүзжылдықтың философиялық тәжірибеле-
рі көп түрлі өмірлік және философиялық практикадан философия-
ның өнердің, ғылымның, поэзияның, діннің шекаралық аймағына 
шығуға, психологияға килігіп, күнделікті өмір контексіне енуге 
талпынғанын тауып көрсетті. Жаңа заман философияның көптүрлі, 
көпбейнелі тарихи әртүрлі болатындығын байқайды. Сондықтан 
да көшпенділік жағдайдағы әлемді қабылдаудың философиялық 
түрлерінің дамуы жайлы мәселе, қазіргі кездегі Қазақстандағы 
және түркі тілдес елдердегі философиялық зерттеулердің өзегі бо-
лып табылады. Осы тақырыпқа арналған жұмыстарда, қазіргі кезең 
әдіснамасы тұрғысынан философия өз алдына теориялық білім және 
ойлау дәстүрі ретінде тек қана отырықшылық өркениетте пайда 
болып, дамымайды деген тұжырымдар жасалады. Философиялық 
әлемді қабылдау дәстүрлі емес тәсілдермен игерілуі мүмкін, өйткені 
адам санасында әр түрлі деңгейлер мен қабаттар өмір сүреді және 
өріледі. 
Батыс Еуропа мәдениетіндегідей философия ғылыммен ғана 
емес, оның поэзиямен, фольклормен, музыкамен, халық дана-
лығымен байланысқаны тарихтан белгілі. Сондықтан біз түркілік 
философия түркі халықтарының өзіндік санасы және әлемді 
қабылдау ерекшелігімен және әлем мен адам өмірін сезінумен өзінің 
әмбебап ғарышын жасайды деп есептейміз. Түркілік философияда 
әлемге және адамға жеке өзімшілдік және тұтынушылық қатынастан 
ада, адамның басқа адамдарға сыйластықты, қонақжайлылық 
қатынасына негізделген тұрақты рухани-адамгершілік концептілері 
сақталады. Онда қазіргі кезең үшін өзекті болып отырған әлем мен 
адамның бірлігі, оның табиғат әлемімен және басқа адамдармен гу-
манды және төзімді бейбіт қатар өмір сүруі, табиғи әмбебаптылықты 
достастықпен қабылдауы идеялары әртүрлі үлгіде айтылған. 


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет