М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет64/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Хорезми антикалық философтар мен ғалымдардың шығармала-
рын араб тіліне аударуда мәдени-жасампаздық істер жүзеге асы-
рылатын «Даналық үйінің» жетекшілерінің бірі болды. Ежелгі 
грек ойшылдарының көптеген идеялары мен еңбектері аударма 
жұмыстарының арқасында ғана емес, антикалық философия мен 
ғылымның негізінде, оларды ислам ғалымдарының дамытуымен 
ортағасырлық Еуропаға танылды.
Әл-Хорезмидің математикалық еңбектері математиканың да-
муына әсер етіп, латын тіліне аударылып және оның дамуының 
ұзақ тарихи кезеңін анықтады. Оның алгебраны қалыптастыруға 
сіңірген еңбегі зор, ол математикада нөл ұғымын енгізді және 
кейінен Сәбит ибн Курра, Батани Закарияар-Рази, Әбу Әли ибн 
Сина, әл-Бируни және т. б. сияқты тамаша ғалымдарды тудырған, 
маңызды мәдени қозғалыстың басында тұрды. Олар жаратылыста-
ну, математика, астрономия, медицинаның дамуына үлкен үлес 
қосты. Ғылыми зерттеулерге Әл-Хорезмимен бірге оның жақын 
серіктесі ірі астроном, бірқатар еңбектердің авторы – әл-Ахмад ин 
Касир әл-Ферғани қатысқаны белгілі. 
Қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде дүниеге келген Әбу Насыр 
әл-Фараби ортағасырлық Таяу және Орталық Шығыста зияткерлік 
қозғалысының ірі өкілдерінің бірі болып қалыптасып, антикалық 
философияның идеяларын, бәрінен бұрын көне грек классиктері 
Аристотель мен Платонның, ислам дүниетанымы мен антикалық 
философия жетістіктерін жемісті түрде синтездей отырып да-
мытты. Әл-Фараби философиясы арқылы ислам, антикалық және 
түркілік мәдениеттерінің жемісті сұхбаты ғана жүргізілген жоқ, со-
нымен бірге жалпыәлемдік мәденет, ғылым, философия дамуына 
әсер еткен энциклопедиялық мұра да қалды. Әл-Фараби заманының 
еркін ойшылдыққа ұмтылысын білдірген идеялары [4, 196–208 
бб.], қазақстандық ғалымдардың көзқарастары бойынша,
 
оның 
дүниетанымдық әмбебаптарына, түркілік діл мен дүниетүсініктердің 
әсерімен астасып жатты [5, 33–38 бб.].
С. Ақатайдың көзқарастарына сәйкес ежелгі қазақ өркениеті 
әртүрлі өркениеттер мен мәдениеттердің кездесуі, көп мәдени-
өркениеттік компоненттердің арқасында қалыптасты және соңғысы 
ислам деп атауға болады [6, 11 б.]. Қазақ халқының дүниетанымы 
белглі бір тарихи, әлеуметтік-экономикалық, геосаяси және мәдени 
өркениеттік жағдайларға байланысты синкретті рухани құрылым 
ретінде қалыптасты. 
Түркілік руханилыққа әл-Фараби дәуірінде ислам бойлап енді, 
бірақ оны түгелдей жоғалта алмады. Тәңіршілдік те, ислам да 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет