М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет72/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Исламды тарихи тұрғыдан зерделеуге және түркі мәдениетін-
дегі философияға әсерін, сонымен қатар мәдениеттің рухани 
тамырларының ортақтығы ХІІ ғасырда (қазіргі Түркістан қаласы) 
Яссы қаласында тұрып қызмет еткен ұлы ойшыл, дана Қожа Ахмет 
Ясауидің шығармашылығы ерекше маңызға ие. Оның басты еңбегі 
«Диван-и-Хикмет» («Даналық кітабы») діни-этикалық құндылықтар-
ға арналған. Сонымен қатар жұмыста түркі тайпаларының сол 
тарихи кезеңдегі рухани және әлеуметтік өмірі жайлы көптеген 
ақпараттар бар. Қожа Ахмет Ясауи исламдық құндылықтар әлемі 
аясындағы сопылықты насихаттайды және осы негізде бүтін бір діни-
дүниетанымдық мектеп ашты. Оның көптеген шәкірттері болды, 
соның бірі Сүлеймен Бакырғани еді. 
Түркістандағы Ясауи Мавзолейі ислам мәдениеті мен түркілік 
руханилыққа оның шығармашылығы мен жеке басының әсерін және 
рухани күшін бейнелейді [16]. Оның идеялары – өзін-өзі тану түбін-
де бұл Құдайды тану деп саналатын, құдайылық биікке ұмтылған 
салиқалы асқақ адамның идеялары. Ол ислам мистикасын түркілік 
халықтық сеніммен ұштастырды.
 
Ясауидің «Хикметтері» адамның 
Құдайға қарай ұмтылуының рухани-адамгершіліктік үлгісі бол-
ды, өйткені әрбір адам өзінің дамуында ішкі жетілуге қол жеткізуі 
мүмкін, ал кемелділікке жетудің өзегі Құдайға деген махаббат деп та-
нылды. Құдайды сүю және сол арқылы адамға деген махаббат, міне 
рухани-адамгершіліктік дамудың бағыты осындай.
Ясауидің «Хикметтерінде» Ақиқатқа тек махаббатта және махаб-
бат арқылы жетеміз, тек сол ғана Алла дидарын көруге мүмкіндік 
береді деген ой үнемі тұжырымдалады. Міне сондықтан адам өзінің 
әлемге деген, яғни табиғатқа, басқа адамдарға деген сүйіспеншілік-
пен қатынасын бекіте түсу керек, сондықтан Ясауи «О, Жаратқан, 
мені сүйетіндей ете гөр» деп дұғасын оқиды.
Махаббат – оның философиялық концептуалділігін ашық жар-
қын айқындайтын Ясауидің сопылық тәжірибесінің негізгі концепті 
және Ясауи бойынша ізгілікті өмірдің жоғарғы құндылығы. Оның 
өмірсүйгіштік пайымдауындағы төмендегі жыр жолдары:
Махаббаттың майданында жанын қиған, 
Хақиқаттың дариясынан гаухар алған.
Мағрипаттың білімін ішке салған, 
Жүрсе-тұрса дүр гауһарын шашар достар
 
[17, 53 б.].
Адам болмысының шынайылығы және адам тағайындылығы-
ның ақиқаты махаббат айқын көрініс береді деп есептеді түркілік 
сопы. Ол адамның адамгершіліктік дамуының, оның әлеммен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет