г) Мәтін бойынша қорытынды әңгіме ұйымдастыру. Мұндай әңгіме баланың оқу барысында алған әсерлері мен байқағандарын жинақтайды. Бұл жұмыстың мақсаты: автордың не айтайын деген ойын тереңірек ұғындыру, оқығандарына өз көзқарастарын, пікірлерін білдіруге көмектесу.
Қорытынды әңгіме оқылған шығарманың сипатына қарай 2 түрлі жолмен ұйымдастырылуы мүмкін:
Балаларға белгілі бір шеңберде білім беретін ғылыми мақалаларды, очерктерді оқығаннан кейін қайталау ретіндегі қорытныд әңгіме. Онда оқушыларға бағыт беріліп, олардың алған білімдерінің дұрыстығы, дәлдәгә байқалады, білімдері бекітіледі.
Көркем әдеби шығармаларды оқығаннан кейінгі қорытыныды әңгіме эвристикалық сипатта құрылады, яғни шығарманың мазмұнын айту емес, оны бағалау, өзінің сын-пікірін айту және ондағы басты ойды анықтау.
Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретеді, ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтеді, тілін дамытады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Шығарма оқылмас бұрын қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі, оның мақсаты не?
2. Шығарманы оқуға дайындық кезінде оның мазмұнын айтуға бола ма?
3. Қорытынды әңгімені ұйымдастырудың жолдарын айтыңдар.
Дәріс-4. Бастауыш сыныптағы мәтінді тілдік талдау технологиясы . Бастауыш сыныптарда көркем шығарманы оқу мен талдаудың әдістемесі
3.1.Мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі.
3.2.Оның басты тәсілдері мен принциптері.
3.3.Жалпы тілдік құбылыстар мен автордың жеке қолданыс ерекшелігі туралы түсінік.
Мәтінді тілдік талдау- тіл білімінің бір саласы. Мәтін талдауда (латын тілінен аударғанда - байланыс, бірігу) мәтіннің өзіне тән ерекшелігі, мәтіннің дұрыс құрылу заңдылықтары, категориялары, объективті болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннің тілдік түзілуі, оны кабылдаудың сипаты, мәтіннің тұлғабірлігі т.б. мәселелері қарастырылады. Мәтін талдаған кезде тіл мен сөйлеу тығыз байланыста жүргізіледі.
Мәтін талдау кезінде алынған тұтас көлемді немесе шағын мәтіндер және мәтіннің тұлға-бірлігі ретінде танылатын күрделі фразалық бөліктер сабақ үстінде талдауға арналған. Көлемді мәтіндер студенттерге өздік жұмысқа беріледі. Практикалық сабақтарда ақпарат құралдарынан үзінділер, әдеби шығармалардан тартымды тараулар алынады. Мәтінді талдау ғылымында дискурс деген түсінік бар. «Лингвистикалық түсіндірме сөздікте» (1998 ж.) дискурс(француз тілінен аударғанда - сөйлеу) - экстралингвистикалық, яғни парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық мәселелермен байланыста болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін;
«Социолингвистикалық терминдер сөздігінде» (2002 ж.) дискурс (фр.сөйлеу) -1. Қатысымның табысты жүзеге асуын қамтамасыз ететін тілден тысқары (әлеуметтік, мәдени, психологиялық) фактілерді ескере отырып, жанжақты, толықтай қарастырылатын сөйлеу, нақты мәтін. 2. Мәтіннің ырғақпен, интонациямен және т.б. белгілерге сәйкес ұйымдасуы деп анықталған.
Мәтін - әр түрлі лексикалық, логикалық, грамматикалық байланыстардан тұратын құрылымдық-мағыналық бірлік ретінде қызмет ететін күрделі тұтастық. Сөйлеу тілін лингвистикалык тұрғыда қарастырған Қ.Жұбанов өз еңбегінде «Мәтін - тілдің негізгі бірліктерін - морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді камтитын күрделі бірлік», десе, З.Ерназарова: «Мәтін деп сөйлеуші мақсатына сай аяқталған ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөйлемдер тізбегін айтады», - деп таниды.
Лингвистикалық сөздіктерде мәтінге мынадай анықтамалар берілген:
Достарыңызбен бөлісу: |