М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І



бет23/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Талдау әдісі дегеніміз – тілдік және әдеби талдаудың ғылыми негізделген түрлі жолдары мен тәсілдерін іздестірумен айналысатын білім саласы. Мысалы, шығарманы танып-білу барысында тиімді тәсіл ретінде мәтіндегі эпитет пен метафораны терең ұғыну процесін алуға болады. Талдау арқылы көркем туындының көрінбей жасырын тұрған жақтарын аңғарамыз.
Негізгі мақсат: әдеби туындыны пайдаланып тіл әлемінің мағынасы мен мазмұнына терең бойлап, эстетикалық қызметін ашып айқындау. Мәтінді мазмұндауға, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Тілдік талдау – талдаудың ең қарапайым түрі. Оның мақсаты: көркем мәтінді пайымдау, әдеби шығарманы дұрыс ұғыну, тілдік тұлғаның мән- мағынасын, көркемдегіш құралдарын ашып беру.
Міндеттері:

  1. Лингвистикалық және стилистикалық талдаулар көркем шығарманы түсініп, оқудың жоғарғы мәдениетін қалыптастырады. Көркем туындыны ой мен сезім арқылы белсенді қабылдап, оқырман суреткермен бірге толғанып, көркем бейнені бірге сомдайды.

  2. Әдеби туындының идеялық көркемдік болмысын шынайы терең түсінеді. Оның негізгі идеясын ашуға тілдік талдау арқылы қол жеткізеді. Бұл тұрғыдан лингвистикалық талдау стилистикалық және әдеби талдауларға жәрдемші. Көркем шығарманың тілін талдаудың әдістері сан алуан, көп қырлы болып келеді.

Талдау әдісі дегеніміз – тілдік және әдеби талдаудың ғылыми негізделген түрлі жолдары мен тәсілдерін іздестірумен айналысатын білім саласы. Мысалы, шығарманы танып-білу барысында тиімді тәсіл ретінде мәтіндегі эпитет пен метафораны терең ұғыну процесін алуға болады. Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың танымдық қабілеті арттырылады. Талдау арқылы көркем туындының көрінбей жасырын тұрған жақтарын аңғарамыз.
Болашақ маман иесі жаңалыққа құмар, білім алу үшін ізденеді, жаңалық ашуға тырысады. Сондықтан олар мәтіннен ізденіс арқылы ақпарат алады және мәтін лингвистикасының арқасында көптеген тілдік фактілерді меңгереді. Талдау барысында есімдіктердің мағыналық топтарының қызметі ашылады. Сөз таптары оның ішінде шылаулар, үстеулер, қыстырма сөздердің синтаксистік функциялары ашылады.
Орыс ғалымы И.О.Москальская лингвистикалық пән ретінде мәтін лингвистикасының негізгі ережелерін төмендегідей қорытындылаған:
1.Аяқталған айтылымды білдіретін сөздің (речь) негізгі бірлігі – мәтін. Мәтін – синтаксис деңгейінің жоғары бірлігі;
2.Нақты сөз (речь) туындылары – тіл құзырына, тіл бірлігіне, мәтін құрудың принциптеріне жатады;
3. Мәтін тілдің басқа да бірліктері сияқты таңба жүйесінің бөлігі болып табылады.
Төмендегі өлеңде негізгі ой - тіл мен сөз құдыреті туралы сыр шертеді. Сөйлеп қал, сөйле тілім, өлмей тұрып, Басыңа кезекті өлім келмей тұрып.
Сөйлеп қал, өткір тілім, осындайда,
Өзіңе жала, қауіп келмей тұрып. /Шал ақын/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет