М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І



бет25/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қапасова, Б.Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014.- 224 б
2. Өмірбаева К.О. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі. Педагогика институты
студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, - 2016, 131 б.
3. Зейнулина, А.Ф. Сөз табиғаты: Оқулық / А.Ф. Зейнулина, Т.Қ. Қасенова.- Алматы: "Отан" баспасы, 2015.- 339 б.
Білімді бекіту, меңгерту сұрақтары:

  1. Мәтін деген не?

  2. Неліктен мәтін қатысымның бірлігі болып саналады?

  3. Мәтінге берілген қандай анықтамаларды білесіздер?

  4. Мәтін атауы қандай тұлға-бірліктерге қолданылады?

  5. Микромәтін және макромәтін туралы не білесіз?

  6. Адам өмірінде мәтін қандай қызмет атқарады?

  7. Сөздік құрам туралы түсінік және көркем мәтіндегі сөздік құрамды лексикологиялық талдау жолдары.

  8. Көркем әдебиет стилистикасының зерттелу барысы.



Дәріс-5.Мәтінге сөздік жұмысын жүргізу
1.Сөз қорын дамыту.
2.Сөз мағынасын түсіндіру, ашу, нақтылау.
Сөздік жұмысы ұғымы қазақ тілінде Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, С.Көбеев, Т.Шонанов, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев сынды әдістемеші-ғалымдардың әдістемелік еңбектерінен бастау алған. Бұл еңбектерде сөздік жұмысын жүргізудің нысаны ретінде мағынасы түсініксіз сөздер қолданылған.
Ал кейінгі Р.Сыздық, Т.Қордабаев, С.Рахметова, К.Бозжанова, И.Ұйықбаев, А.Әбілқаев, Т.Әбдікәрім, Г.Уәйісова, Ә.Исабаев, Ә.Жұмабаева, М.Ермекбаевтардың зерттеулерінде – түсініксіз сөздер мен қиын сөздер терминдері қатар қолданылғанымен, екеуінің ара жігі ашылмаған. Зерттеуші ғалымдар мұндай сөздерді әр түрлі деңгейде қарастырып келеді. Ал қазіргі кезде «түсініксіз сөздер» ғылымда «қиын сөздер» ұғымымен қатар аталынып жүр. ТМД елдерінің зерттеу еңбектерінде де осы екі атау қатар берілетіндігін байқауға болады.
Парсы тіліндегі алғашқы түсіндірме сөздіктері − фархангтер (ІХ-ХҮ ғғ) өткен дәуірлердегі парсы әдебиеті классиктерінің шығармаларында кездесетін ұғынуға қиын сөздерді түсіндіру мақсатына арналған. Бүгінгі таңдағы ғылымға белгілі фархангтердің ұзын саны екі жүзге жетіп отыр.
Ағылшын тілінің тұңғыш түсіндірме сөздігі де [Cawdrey 1604] тілдегі қиын сөздерге түсінік берген [3, 7 б].
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «қиын», «түсініксіз» сөздері былай түсіндіріледі: Қиын 1. Машақаты көп, жеңіл емес. 2. Қыр-сыры мол, күрделі ауыр [4, 395 б]. Түсініксіз. Түсінікті емес, анық емес, күңгірт [4, 664 б].
Байқап отырғанымыздай, «түсініксіз» ұғымы сөздің мағыналық жағына қатысты айтылып, «қиын сөз» ұғымы сөздің тек мағынасының түсініксіздігімен шектелмейтіндігін аңғартады. Ал бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін сөздік жұмысы тек сөз мағынасын түсіндіру мақсатын ғана көздемейді, сонымен бірге оқушыларды сөздерді дұрыс айту мен жазуға машықтандырады. Осыған байланысты бастауыш сыныпта жүргізілетін сөздік жұмысы түсініксіз сөз төңірегінде шектелмей, қиын сөздерді меңгертуге бағытталады.
Жоғарыда аталған ғалымдардың «түсініксіз сөздерге» берген анықтамалары мен түсіндірме сөздіктегі «түсініксіз сөздер» мен «қиын сөздерге» берілген анықтамаларды негізге ала отырып, біз өз зерттеу нысанымызға байланысты қиын сөздерге мынадай анықтама ұсындық: қиын сөз деп − оқушыларға таныс емес немесе мағынасы ауыр, айтылуы мен жазылуы түсіндіруді қажет ететін сөздерді айтамыз.
Сонымен жоғарыда айтылған ғалымдардың ой-пікірлерін саралай келе, қиын сөздерді меңгерту жұмысын ұйымдастырудың алғышарттары ретінде қиын сөздерді меңгерту жұмыстарының Ана тілі материалдарына негізделуі; сөздік жұмысын жүргізуде бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін, сондай-ақ жекелеген оқушылар лексиконының шамасын ескеру қажеттігі; қиын сөздерді тиімді меңгерту үшін түрлі жаттығулардың керектігі; қолданылатын амалдардың оқушылардың белсенді сөйлеу қызметін дамытуға бағытталу қажеттігі белгіленді.
Осы пікірлерді жинақтай келгенде, бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайтып, тіл мәдениетін арттыратын, сөздерді ауызша және жазбаша орынды қолдана білуге үйрететін қиын сөздермен жұмыстың мәні мен маңызы мынадай:
- ана тілі сабақтарында қиын сөздерді меңгерту жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың қоғамдық ортада еркін формадағы тілдік қатынасқа түсуіне, әлеуметтік ортаға енуіне ықпал етуге болады;
- қиын сөздерді меңгерту жұмысын жүргізу негізінде қиын сөзді сөз тіркесі, сөйлем ішінде және өз сөйлеуінде қолдану білік, дағдысын қалыптастырып, ауызша, жазбаша еркін меңгеруіне мүмкіндік жасалады.
Бастауыш сынып оқушыларына қиын сөздерін меңгерту жұмысын жүргізуде сөз мағынасын, сөздің шығу төркінін түсіндіру; қиын сөзге түбірлес, мәндес, қарсы мәндес сөздер табу; практикалық материалдармен (мақал-мәтел, жұмбақтар, қиын сөздер кездесетін көркем шығармалардан үзінділер, сөйлемдер) жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қолдану балалардың сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіреді.
Тұжырымдай айтқанда, қиын сөздерді меңгерту жұмысы – қиын сөздердің мағынасын түсіндіру мен оны дұрыс айту және дұрыс жазуға үйрету мақсатымен ұйымдастырылып, оқушыларды қиын сөздерді өздерінің ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде қолдануға дағдыландыратын, олардың сөздік қорын байытуға бағытталатын тапсырмалар жүйесі.
«Қиын сөздерді меңгертудің лингвистикалық негіздері» Оқушылар тілдегі лексикалық құбылыстарды меңгеруге кіріскен кезде жеке күйінде-ақ жинақтау процесінің жемісі болып табылатын сөздерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай тағы да жинақтайды. Сөйтіп жеке тұрғанда өздеріне бұрыннан таныс алыс, шалғай сияқты сөздердің синонимдер деп аталатынын бірдей айтылғанмен мүлде екі түрлі мағына білдіретін ара (жәндік), ара (құрал) сияқты сөздердің омонимдер деп алатынын, сондай-ақ қарама-қарсы мағынадағы үлкен – кіші, биік – аласа сөздерінің антонимдер деп аталатынын түсінеді. Мектепте балалардың қарсы мәндес сөздер туралы түсініктері де кеңейеді. Көпмағыналы сөздің мағыналары сөздікте бөлшектеніп, жеке-жеке беріледі. Бұл жеке мағыналар сөздің лексика-семантикалық варианты болып табылады. Демек, лексика-семантикалық вариант – көпмағыналылығынан ажыратылған, контекстегі мағынаны иеленіп отырған сөз. Демек, сөз мағынасымен жұмыс – күрделі жұмыс. Бұдан біз бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарында сөздің мағынасын жете түсіндірудің қажеттігіне көз жеткізе түсеміз. Себебі бала сөздің мағынасын жете түсінгенде ғана сөзді қарым-қатынас әрекетінде қолдана алады. Тіліміздегі сөздердің табиғатын түсіну үшін ең алдымен, оның дыбысталуы мен мағынасын білуі керек. Сауат ашу кезеңінде-ақ балаларға сөз үйрету басталады. Сөз құрамындағы қазақ тілінің ерекше дыбыстарына назар аударылып, олардағы жекелеген дыбыстардың сөз жасаудағы рөлін бағдарлау жиі тапсырылады, олардың дұрыс айтылуы мен жазылуына да назар аударылады: өрік – көрік, ық – шық, тиек – иек, сүзбе – үзбе, иіс – иін т.б.
Оқушылар бұл жаттығуларды орындау барысында бірінші жұптағы «өрік» сөзінің мағынасын өз беттерімен түсінгенімен, «көрік» сөзін олар дәл мағынасында ажарата алмауы мүмкін. Сондай-ақ, ық, сүзбе, тиек, иін сөздерінің мағыналары барлық жерде оқушылардың бәріне бірдей түсінікті бола бермейді..
«Қиын сөздерді меңгертудің психологиялық ерекшеліктері» Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп – оқу әрекеті. Бастауыш оқыту кезеңінде оқушылардың оқу материалдарын меңгеру мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеті оқуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда өте жоғары дамитындығы, барлық психикалық таным үдерістерінің (түйсік, қабылдау, ойлау, ес, қиял) едәуір жаңа өзгеріс-жетістіктерге жететіндігінен байқауға болады. Бірақ олардың кейбіреуі өзгелерінен басымырақ түрде дамитындығын байқаймыз.
Қабылдау арқылы біздің санамызда сезімдік түйсіну арқылы заттар мен құбылыстар бейнеленетін болса, ойлау арқылы қабылдап, есте сақтаған заттардың немесе құбылыстардың ортақ белгілерін, тіпті көзге көріне бермейтін ерекшеліктерін санамызда елестетіп абстракциялаймыз. Кіші мектеп оқушыларының (7-8 жастағы) бас миының салмағы 1400 гр дейін өседі, әсіресе оның маңдай бөлігі едәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан, оның қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңірек өріс алуына мүмкіндік береді. Психологтардың анықтауынша, тілдік қабілет жоғары психикалық үдеріс нейрондардың көмегімен іске асады. Мидың сол жақ самайындағы нейрондар бала өскен сайын жетіліп отырады да, бала 12 жасқа жеткенде тоқтайды. Бұл жаста баланың психикасында көптеген өзгерістер байқалады – баланың ойлау процесі күрделеніп, логикалық ойлау туындайды. [6, 78-79 б]. Міне, осы жас аралығында баланың тиянақты сөйлеп, өз ойын жүйелі жеткізуге, сөзді дұрыс құрауға, сөз мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеуге тәрбиелемесе, кейін сөздік қоры жұтаң болады. Оқушы психологиясының кейбір жақтарының дамуы недәуір баяу болғанына қарамастан, оның психологиялық тіршілігінің барлық формалары оқыту үдерісінде әрі қарай біртіндеп жетіле береді. Баланың сөздік қорының аздығы, стильдік жетілмеуі, сөйлеудегі қателіктер, т.б. қарамастан, (В.С.Мухина, Д.Б.Эльконин және т.б.) бұл жастағы балалардың сөйлеу белсенділігінің ерекшелігін атап көрсетеді: олардың тілдік құбылыстарға деген жоғарғы сезімталдығы, бала сөзінің шығармашылығы, баланың сөйлеуге деген қызығушылығының оянуы, ол көп және ұдайы сөйлегісі келуі, дұрыс сөйлеуге деген қажеттілігінің тууы, баланың қарым-қатынасқа қажетті жаңа сөздік бірліктерді тез ұғына бастауы. Кез-келген бастауыш мектеп оқушысы өзінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай сөздің сөйлеу ағымындағы қалыптасуын зерттеуге және тіл жүйесіндегі заңдылықтарын анықтауға дайын болады, бұл оның тілінің одан әрі дамуына мүмкіндік береді
Психологтардың пікірлеріне сүйенсек (Л.С.Выготский, А.А.Леонтьев, А.Н.Леонтьев және т.б.), балалардың 8-ден 11 жасқа дейінгі аралығы сөзге деген «лингвистикалық» қарым-қатынасын қалыптастырудың ең қолайлы кезеңі болып есептеледі. Олар осы кезең аралығында сөзді лексикалық жүйе элементі ретінде оңай меңгере алады «Қиын сөздерді меңгертудің педагогикалық негіздері» Ана тілі оқу пәнін оқыту – бастауыш сынып оқушыларына 4 жыл бойы белгілі бір тәртіптілікпен, бірізділікпен жүргізілетін, тұтастық ретінде тануға мүмкіндік беретін педагогикалық үдеріс.
Ана тілі сабақтарында қиын сөздерді меңгертудің дидактикалық тұғырларын негіздеуде Д.Б.Эльконин, М.Н.Скаткин, М.А.Данилов, Н.А.Менчинскаяның білімді игерудегі жас ерекшелігінің мүмкіндіктерін, Л.В.Занковтың бастауыш мектеп жасындағы оқушылар дамуының жалпы деңгейін қалыптастыру жолдары туралы ойлары мен тұжырымдарын негізге алу маңызды.
Қиын сөздерді меңгертуде жалпы дидактикалық ұстанымдар мен сөз мағынасын түсіндіруге тән кейбір ұстанымдар негізге алынып, зерттеу тақырыбымыздың ерекшелігінен туындайтын өзіндік ұстанымдары белгіленді: сөз мағынасын ол бейнелейтін болмыспен салыстыру ұстанымы; диахрониялық ұстаным; семантикалық ұстаным (синоним, антоним, омоним); сөйлеу және танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде көрнекілікті қолдану ұстанымы. Бастауыш сыныптарда қиын сөздерді меңгертудің мазмұнына қиын сөзді қабылдауға, елестетуге және есте сақтауға балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау; қиын сөзді меңгерту жұмыстарын деңгейлеп, кезеңге бөліп ұйымдастыру; қиын сөздермен жұмыс мазмұнын кезең бойынша күрделендіріп отыру; балалардың меңгеруіне қажетті сөздер мазмұны мен көлемін анықтау; қиын сөздерді тиімді меңгертуге арналған жаттығулар жүйесі жатады. Қиын сөздерді игеру, яғни ұғынған сөзін тәжірибеде қолдану үш сатыда жүзеге асырылады: қиын сөзді игеру және оны таныс жағдайда қолдану; игерілген қиын сөзді таныс емес жағдайда пайдалану; қиын сөзді шығармашылықпен қолдану.
Аталған сатылардың әрқайсысы білімді игерудің төрт деңгейіне: а) білу; ә) түсіну; б) қолдану; в) біліктенуіне сәйкес келеді. Ана тілі сабақтарында қиын сөздерді игертудің әр сатысында төрт деңгейден өту нәтижесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сапалық өзгерістері төмендегідей бағытта жүреді, игерілген қиын сөзді а) сол қалпында; ә) сапалық өңдеуден кейін; б) шығармашылықпен пайдалану. Қиын сөздерді меңгертудің ұстанымдарына сәйкес қиын сөздерді меңгерту үдерісін төмендегі модель арқылы көрсетуге болады.

  • Қиын сөздерді қатысымдылықты арттыру бағытында балалар сөздігіне ендіру;

  • әр түрлі сөз таптарына жататын сөздерді таңдау

Қиын сөздер лексикалық құрамының көлемі мен мазмұнын анықтау өлшемі

орындады – жартылай орындады –орындай алмады

Қиын сөздерді меңгеру деңгейлері

- қиын сөздердің анықталған тізбесін жасау;
-балалардың меңгеруіне қажетті қиын сөздер лексикалық құрамының мазмұны мен көлемін анықтау;
- қиын сөздер сөздігін құрастыру;
- қиын сөздер сөздігінің мазмұнын кезеңдікпен күрделендіріп түзу;
- қиын сөздерді игеру деңгейін диагностикалау.


мазмұны

        • сөз мағынасын ол бейнелейтін болмыспен салыстыру ұстанымы;

  • диахрониялық ұстаным;

  • семантикалық ұстаным (синоним, антоним, омоним);

  • сөйлеу және танымдық белсенділігін арттырудың құралы ретінде көрнекілікті қолдану ұстанымы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет