М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І



бет26/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

ұстаным-дары

қиын сөздер сөздігі мен қарым-қатынас негізінде қиын сөзді меңгерту


дидактикалық шарты шартышарты


Затты табиғи жағдайда бақылау немесе экскурсияға шығару; сөздің көп мағыналылығын түсіндіру; сөздің морфологиялық құрамын талдап-түсіндіру; сөзге логикалық анықтама беру; жаңа сөзді сөйлем ішінде қолдану арқылы түсіндіру; сипаттамалы анықтама беру; таныс емес ұғымды оқушыларға таныс ұғыммен салыстырып түсіндіру; сурет бойынша жұмыс; сөзге этимологиялық талдау жасау.


әдістері

жеке, топтық, ұжымдық.




формасы


Ана тілі сабақтарында қиын сөздердің лексикалық мағынасын меңгерту: мәтіннен қиын сөзді бөліп алу, оның мағынасын меңгерту, бұл сөзді сөз тіркесі мен сөйлемде, содан кейін өзі құрастырған мәтінінде қолдану


Мақсаты

Нәтижесі


Қиын сөздер сөздігімен жұмыс істеу нәтижесінде сөздік қоры дамыған, үйренген сөзін ауызекі сөйлеуі мен жазбаша сөйлеуінде қолдана алатын жеке тұлға


М ұ ғ а л і м


Оқушы

Дәріс-6.Мәтін мазмұнына жоспар
6.1.Мәтін мазмұнына жоспар жасау.
6.2.Мәтінге байланысты шығармашылық жұмыс.
6.3.Мәтінді талдау арқылы оқушыларға тәрбие беру
Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалар жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады: 1) әңгімені бөлімдерге бөлу; 2) бөлімдерге ат қою. Оны тәртіппен жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды.
Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік жасайды. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қорытынды әңгіме кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге де тапсыруға болады.
Жоспар немесе бөлімдерге ат қою ІІІ сыныпта хабарлы сөйлем түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы сөйлем түрінде айтылады. Ал ІV сыныптан бастап атаулы сөйлем түрінде жасалады.
Жоспар - бұл педагогтың белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылған еңбектің шарты болып табылады. Бұл біржақты жұмыс істеуден қорғайды. Сондықтан бұл есеп беретін құжат болып табылады. Яғни педагогикалық іс әрекеттің жұмысымен танысуды талап етеді.
Бастауыш мектепте тіл дамытудың сұрақтары әртүрлі құжаттар мен материалдарда көрінеді. Екі міндетті формада, я мектептің - жылдық жоспары оқу –тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспары және көмекші формадағы жұмыстар кіреді.
Жылдық жоспарда тіл дамыту әдістемесінің бірнеше негізгі сұрақтары белгіленеді. Ол ұжымдық жұмыстың бір тапсырмасы болуы мүмкін. Жұмыстың мазмұны мен формасы ретті болу үшін, кейбір мұғалімдер апталық кесте құрады. Оқу тәрбиелік жұмысының күнтізбелік жоспары мен күнделік мұғалімнің құжаты болып табылады. Осы құжаттарды балалардың тілін дамытуының мазмұнымен ұйымдастырылуы көрсетіледі. Жоспарлау үшін мұғалімлер апталық және айлық сабақтың кестелерін құрады. Күнтізбелік жоспарда басқа перспективалық жоспарда болады. Бұл жоспарды педагог өзі ойдан жасайды.
Төменгі сыныпта өтілетін тіл дамыту, шығарма оқу, айналадағы дүниені бақылату т.б сабақтары апталық жұмыс саны негізінде жоспарланады.
Жоспарлауды барлық түрлерінде жалпы педагогикалық принциптер сақталады:
1. Жоспарлаудың негізі, мұғалімніңжоспары, және әр жастағы балалардың тіл дамуының бағдарламасы.
2. Балалармен жұмыс істеудің саяси бағыттылығы, баланың Жан-жақты дамуының міндеттерін шешу жұмыстарының оқу-тәрбие процесінің басқа бөлімдермен байланысы.
3. Балалардың жас ерекшеліктерін еске алу, жұмыстардың мазмұны мен әдістерін таңдау. Бала тілінің жеткен деңгейін ескеру, балаларға жеке дара қатынас жасау.
4. Мазмұнын, әдістерін, тәсілін біртіндеп қиындату, жұмыстарды қайталап жүргізу.
5. Тіл дамытудың негізгі міндеттерін асырған сайын жұмыс мазмұны мен формасын реттеп бөлуді беретін жұмыстың жүйелілігі
6. Айқындылық пен нақтылық жергілікті жағдайларды, қазіргі қоғамдық жаңалықтарды еске алу.
Тілдамытумен қатар балаларды айнала қоршаған ортамен және көркем әдебиетпен таныстыруға болады.
Әр сабақта балаға танымал, бұрыннан білетін затты,, іс- әрекетің белгісіз жағын байқата түсіндіріп, олардың қабылдау таным, сезім, ой әрекетін кеңейтіп, ауызша сөйлеуге үйрету басты міндет болып табылады.
Халықаралық зерттеулер нәтижесінде төмендегідей мәтін түрлері анықталған: адамның жеке мүддесіне қатысты (хаттар, беллетристика, өмірбаян); қоғамдық жағдайдағы мәтіндер (ресми стильдегі құжаттар); оқу жағдайындағы мәтіндер – қандай да бір білім беру міндеттерін шешуге қажетті ақпараттарды білдіретін мәтіндер (оқулықтар); іскерлік жағдайдағы мәтіндер (іскерлік құжаттар, нұсқаулықтар, ғаламтор немесе газет-журналмен жұмыс). Мәтінмен жұмысты ұйымдастыру барысында мәтіннен ізденіс арқылы ақпаратты табу, оны сараптау, мәтіндердегі хабарламаларды ой елегінен өткізу, түсіну, бағалау жұмыстары жүргізіледі. Ғалым Т.Әбдікәримова мәтін бойынша жүгізілетін шығармашылық тапсырмаларды төмендегідей жіктейді: Тақырып жайында мұғалімнің кіріспе әңгімесі өтеді. Содан кейін мәтінге байланысты сөздік жұмысы жүргізіледі. Шығарманы толық оқып шығады. Оқыған шығарманың мазмұны айтылады. Жазбаша түрде шығарманың жоспары құрылады. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық тапсырмалар орындалады.
Талдау сөзінің алғашқы терминологиялық мағынасы – зат пен құбылысты аңғару, танып-білу, көркем шығарманың табиғатын игеру жолдары.
Мәтін түрлері: әңгімелеу, сипаттау, талқылау, пайымдау, аралас.
Белгілі бір адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін баяндаулар- әңгіме деп аталады. Көсе сөзбен жазылған шығарма ауқымды пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттаумен дәлелдесе, ондай шығарма пайымдау деп аталады. Пікірді дәлелдеу, сипаттау бағытында болғандықтан, мәтінді пайымдау шығарманы талдаудың негізгі бөлімі болады.
Пайымдаудың 2 түрі болады:

  1. Негізгі пікірді шығарманың басында айтып, оны қуаттайтын пікірді соңынан келтіру.

  2. Әуелі бөлек пікірлерді айтып, негізгі пікірді солардың дәлелдерімен қуаттап пайымдау.

Сипаттаудың 5 түрі болады:
1.Дәлелдеп сипаттау;
2.Көркем пікірді, нәрсені басқа соған ұқсас нәрселермен салыстырып сипаттау;
3.Керек пікірді қостайтын, қуаттайтын нысандар келтіріп сипаттау;
4.Белгілі адамдардың айтқан және жазған бәтуаларын келтіріп сипаттау;
5.Қаралатын пікірге қарсы пікірдің нашарлығын, яки қателігін көрсетіп сипаттау.
Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше, оны мәдениетті сөйлеуге үйрете алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз «сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық, айқын ойлылық ізеттілікке үйрету». Осы үйрету бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныптағы мәнерлеп оқуға арналған жұмыс түрлерін әліппе кезеңінің өзінде бастау қажет. Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап-ақ оқыған сөзінің, сөйлемінің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Солай бола тұра мұғалімдер бірінші сынып оқушысына әуелі сауат ашу кезінде мәнерлеп оқымақ түгел, хат танытып алайық деген теріс түсінікте жүреді. Ал шындығында сауат ашу кезінде әріп танытуға арналған бірнеше сабақтан соң, сөздерді, кейінірек сөйлемдерді оқып үйрене бастайық. Осылайша жеке сөзді, сөйлемдерді оқу кезінде мұғалім оқушыларды тек оқып шыққанына қанағаттанбай, оның мағынасын ашуға арналған жұмыстар да жүргізеді. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма, соны анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осы түсініктен соң оқушының берілген сөзді, сөйлемді, не мәтінді үсірт оқымай, оны дауыс ырғағымен оқуы – мұғалімнің үнемі талап етіп отыратын жұмысы. Әліппе кезеңінің өзінде әрбір жеке сөзді, сөйлемдердің оқу мәнерін қадағалап отыруы керек.
Қандай болмасын мәтіннің мазмұнын түсініп, онда айтылғандарда саналы меңгеру үшін және тыңдаушыға ықпал ету үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен мәнерінің де зор маңызы бар.
Дауыстап оқығанда сол оқылып отырған шығарма жөніндегі оқушының ойы, пікірі, сезілуі дауыс ырғағынан, шыққан үнінен аңғарылып тұруға тиіс. Ал екінші жағынан, оқушы өзінің сол дауыстап оқуы арқылы оқылып отырған көркем шығарманың авторы мен тыңдаушысы арасындағы карым-қатынасты жүзеге асырушы міндетін де атқарады. Жазушы белгілі бір шығарма арқылы өмірдің әр түрлі жағдайларына, әр түрлі көрінісіне деген өз пікірін айтып, ойын білдірсе және сол арқылы оқушысына әсер ету мақсатын көздесе, ал оны дауыстап оқыған адам жазушының мақсатын тыңдаушыға дауыстап оқу, дауыс мәнері, үнін құбылту арқылы жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет