М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І



бет27/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қапасова, Б.Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014.- 224 б
2. Өмірбаева К.О. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі. Педагогика институты
студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, - 2016, 131 б.
3. Зейнулина, А.Ф. Сөз табиғаты: Оқулық / А.Ф. Зейнулина, Т.Қ. Қасенова.- Алматы: "Отан" баспасы, 2015.- 339 б.
Білімді бекіту, меңгерту сұрақтары:

  1. Мәтін түрлері туралы түсінік беріңіз.

  2. Мәтін лингвистикасының негізгі ережелері қандай?

  3. Пайымдау мен сипаттау туралы айтыңыз.



Дәріс-7.Мәнерлеп оқуға үйрету
7.1.Мәнерлеп оқу туралы ұғым.
7.2.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп беру тәсілдері.
7.3.Мәнерлеп оқудағы негізгі дауыс тоны.
7.4.Мәнерлеп оқу кезінде жасалатын кідіріс түрлері.
7.5. Сөйлеу қарқыны, дауыс күші, сөйлеу әуені

Әдебиеттік оқудың екі түрі бар. Олар: дауыстап оқу және іштей оқу. Оқудың бұл екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.


Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды.Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.
2,3,4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3,4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет