М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І


Көркем мәтінмен жұмыс жүргізу әдістемесі



бет24/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Көркем мәтінмен жұмыс жүргізу әдістемесі:

  • Мәтінмен жұмыс жасау-мазмұндау, талдау;

  • Ауыз әдебиеті үлгілерін ажырата алу;

  • Монологты, диологты ажырата білу;

  • Әдебиет теориясындағы атаулар ұғымының негізгі белгілерін атап көрсете алу (сюжет, пейзаж, теңеу, метафора);

  • Оқыған шығармадағы кейіпкер іс әрекетітуралы айта білу;

  • Жоспар құра алу, грамматикалық сөйлем байланыстарын ажырату;

  • Оқиғалар байланысын сақтап әңгімелеу;

  • Шағын шығармаларды түрлендіріп, толықтырып, дамытып, құрастыра

алу;

  • Сөздікпен жұмыс, жаңа сөздермен күрделі сөздерді жаттау, оның мән мағынасын түсіну;

  • Ойын байланыстырып айту және жаза алу.

Әдістерді төмендегідей үш топқа жіктеп қарауға болады:
1.синтетикалық
2.құрылымдық
3.статистикалық
Бұлардың ішіндегі негізгісі – синтетикалық әдіс. Бұл әдіске тән белгі- сыртқы тұлғалық және ішкі мазмұндық талдаудың іштей органикалық түрде бірігуі.
Көркем әдебиет стилистикасында бұл әдіс ең алғаш А.А.Потебня, В.Б.Щебра, Б.А.Ларин, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур сияқты ғалымдардың еңбектерінде қолданыс тауып, кейінгі зерттеулерде одан әрі ұшталып, дамытылды. Бұл әдіс арқылы жазушы стилистиканың ерекшеліктерін, тілдік тұлға мен бейнелі идеяның мазмұнының бірлігін, жанр түрінің өзгешелігін ашады. Синтетикалық әдістің негізгі белгілерінің бірі – шығарманың жекелей тілдік ерекшеліктерін емес, оның әрбір элементінің эстетикалық маңыздылығын ашу мақсатымен тұтас көркем тілдік болмысын зерттеуге құрылуы.
Әдістің екінші бір маңызды белгісі – жазушы қолданған тілдік құралдарды тізбектеп, олардың бар екенін санамалап көрсетіп, кейбір ерекшеліктерін ашып қана қоймай, олардың қолданыстағы жүйелік сипатын көрсетуі.
Сонымен көркем шығарманың тілін бұл әдіс арқылы талдау кезінде оның идеялық бейнелі мазмұны композициялық құрылымымен, тілдік тұлғаның стилистикалық қолданыста жасалуымен және олардың мағыналық жағымен анықталады.
Көркем шығарма тілін талдауда синтетикалық әдістен басқа құрылымдық және статистикалық әдістер де қолданылады. Бұлар синтетикалық әдіске көмекші ретінде, онымен бірлікте қолданылып, оны толықтырады.
Құрылымдық әдістің үш түрі болады:
-диетрибутивті әдіс;
-трансформативті әдіс;
-құрылымдық-симманенттік талдау әдісі;
Статистикалық әдіске келетін болсақ, оның талдау тәртібін пайдалана отырып, сөздердің белгілі бір топтарының синтаксистік құрылымдардың жазушы стилінде алатын орнын анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет