Мақал-мәтелдер



бет1/18
Дата13.05.2020
өлшемі35,84 Kb.
#67869
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
мәтел


Мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер қойнауына ғасырлар сыры мен құпиясын сақтап жатқан рухани асыл байлығымыз, халық даналығы. Жалпы, ғылым дүниесінде «Мақал-мәтелдердің авторы жоқ» деген пікір қалыптасқан. Бұл әрі дұрыс, әрі бұрыс пікір. Бұрыс болатын себебі – мақал- мәтелдердің қандай түрі болмасын, ғайыптан пайда болған, ел-жұрт жиналып, ақылдасып, кеңесіп, шығарған дүние емес. Олар, әдетте, халық арасынан шыққан жеке- дара ділмәр-шешендердің, дарынды да дана тұлғалардың, көкірегі ояу, көргені мен көңілге түйгені мол қазыналы қарттардың өз өмір-тіршілігінен алған, тағылымынан туындаған ой түйіндері. Қазақ халқы да, өзге халықтар сияқты, атам заманнан сұрыпталып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен фольклоры бар халық. Халықтың өмір тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген бағасы, белгілі бір құбылыстардың қорытындысын, тобықтай түйінін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп айтатын ғибрат сөздер - мақал-мәтелдің ауыз әдебиетінде алатын орны бірегей.

Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық-тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар – әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан-ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қатты қастерлеп отырған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет