Мақал-мәтелдер



бет2/18
Дата13.05.2020
өлшемі35,84 Kb.
#67869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
мәтел
Сценарий Мағауин, Сұрақтар Мағауин, Метафора, Омоним, Эпитет
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»

«Сөздің көркі – мақал,

Жүздің көркі – сақал»

сияқты сөз өнері жөнінде әлеуметтік заңға айналып кеткен зерделі сөздер халықтың өз мұрасына деген шынайы сүйіспеншілік сезімінен туған.



«Келген дәулет – кеткен бейнет»,

«Еңбек ширатады, өмір үйретеді»,

«Ер тынысы – еңбек, ез тынысы – ермек»

сияқты еңбектің неше алуан қасиетін өмір шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.

Сиқырлы сөз құдіретін, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар еңбекші халық болмысының аса бір биік шыңы [1, 27-28б].

Қазақ тіл білімінде халық философиясының көрінісі саналатын мақал-мәтелдерді зерттеу, қалыптасу негіздері мен алғышарттары, өзіндік ерекшеліктері М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Әлімбаев, М.Балақаев, Р.Сарсенбаев, Б.Адамбаев, Ө.Айтбаев, О.Сұлтаньяев, Г.Турабаева сынды ғалымдардың еңбектерінде кейбір қырлары жақсы қарастырылған.

Қазақтың өткен тарихынан сыр шертер мол мұраларының бірі саналатын мақал-мәтелдерді жинап, оның баспа бетінен шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды.

Зерттеуші ғалым Ж.И.Исаева өзінің 2007 жылы қорғаған ‟Дүниенің паремиологиялық бейнесі (лингвомәдениеттанымдық аспект)” атты кандидаттық диссертациясында мақал – мәтелдердің зерттелуі жайында толығырақ, жүйелі түрде мәлімет береді.Тіл біліміндегі мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым саласы паремиология деп аталады.

Қазақ паремиологиясының қалыптасу тарихын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:


  • ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40-60 жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен сипатталады(Ы.Алтынсарин, Ә.Диваеав, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, т.б.)

  • Мақал-мәтелдердің ғылыми айналымға түскен кезеңі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. әдебиетші ғалымдар зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдерінің әдеби табиғаты, Р.Сәрсенбаев, Ә.Қайдар, Б.Шалбаев, Ө.Айтбаев, т.б. тілші-мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз болды.

  • ХХІ ғасыр тіл білімінде мақал-мәтелдер паремиологияның зерттеу нысанына айналып, антропоцентристік бағытта қарастырылуда.

Қазақ паремиологиясының антрополингвистикалық бағыттағы дербес пән ретінде қалыптасуының теориялық тұжырымдамасын академик Ә.Қайдар негіздеп, қазақ паремиологиясының фразеологиядан бөлініп шығып, антрополингвистикалық бағыттағы дербес ғылым саласы болып қалыптасуына қажет алғышарттарды нақтылап, паремиологиялық зерттеудің ғылыми принциптерін, мақсат – мүддесін, көтерілер проблемаларын, зерттелер қырларын анықтап берді.

Дүниенің тілдік бейнесінің паремиологиялық модельдері тіл иесінің санасындағы дүниенің практикалық бейнесімен ұштасып, «сол тілді қолданушы үшін мынадай прагматикалық қызметтерде жұмсалады:

1. Мақал-мәтелдер қандай да бір өмірлік немесе логикалық жағдаяттың санадағы немесе тілдік моделін түзеді,яғни модельдеуші қызмет атқарады. Мысалы, «Баусыз оймақ қолда тұрмас, байсыз қатын үйде тұрмас» паремиясы.

2. Мақал-мәтелдер тілдік ұжым мүшесін тәрбилеу, өмірге үйрету қызметінде жұмсалып, этнопедагогикалық мән арқалайды. Мысалы: «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді», «Болат пышақ қын түбінде жатпайды» .

3. Паремиялардың практикалық мақсат көздейтін прагматикалық қызметтерінің бірі – олардың болашақта болатын нәрсені, құбылысты, өзгерісті болжап, «сәуегейлік» танытуы. Мысалы: «Болар бала он бесінде бас болар, болмас бала отызында жас болар».

4. Өмірлік типтік жағдаяттың тілдік таңбасы ретінде мақал-мәтелдердің қайсы бірінің образдық-фондық негізінде тілді, сөзді қоршаған ортаға ықпал ете алатын қару деп танып, оның құдіретіне табынған, тілдік магиялық күшіне, сөздің сакральды мағынасына сенген ежелгі адамдардың архаикалық ой-танымы жатады. Мысалы: «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады».

5. Паремияларды тіл иесінің поэтикалық дүние бейнесін қалыптастырушы тілдік модельдер деп санауға болады. «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі –мақал» [2, 11-12б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет