- Метафоралау түрлері
- Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады:Бірінші жағдайда – сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт-есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау-бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау, т.б.
- Сағыммен сағым боп, еріп барам,
- Көңіл сұрар пенде жоқ келіп маған.
- Анда-санда көзімді ашып қалсам,
- Алатаудың ақ басын көріп қалам.-бұл өлеңнен Алатаудың қар жамылған шыңын Алатаудың ақ басын деп шеберлікпен ауыстыра білген.
- Мұқағали сөз өнеріне ерекше мән беріп, мазмұн-мағына жағынан түрлендіруде ерекше көзге түседі. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:
- .
- «Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып»
- ************
- «Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! «Не деген жел айдаған көбелекпін?»
- Шешем менің-иілген сұрау белгі, Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді. Қалай ғана қалпына келтірерсің, Дауылдар майыстырған мынау белді. - деген ақын суретті образ жасайды. Мұқағалидың танымдық метафораларында өзін айқындықта көрсету орнына, көбіне «қарапайымдылықты» қалайды. Бұл да ақынның өзіндік қолтаңбасы болса керек.
- Мәселен,
- …Көңілімнің сыбырлап көк құрағы, Аққуы ұшқан ақ айдын көп тұнады.
- Ақын өлеңдерінде өзіндік қолданыстағы метафоралар мен алмастырулар да, жан-жануар, ағаш, тұрмыстық-салт лексика да кездесіп отырады
- Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала, Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана? – деген жыр жолдарынан көруге болады. Әсіресе, аққу – әдеміліктің, тектіліктің, махаббатқа адалдықтың, қазақы мәдениеттің символы ретінде бейнеленеді.
- Оған дәлел – ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққу образы. …Аққулар… Аққу мойын, сүмбе қанат, Алаңсыз тарануда күнге қарап. Айдынның еркелері, білмей тұрмын, Етермін тағдырыңды кімге аманат?! Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
- Сондай-ақ, аққу, сандуғаш, тоты құс, аққу, жапалақ, бүркіт, торғай сөздеріне қазақ халқының ұғым түсінігін, табиғат бейнесін, санасында жағымды, жағымсыз бағалауыштық коннатацияларды сыйғыза білген. Сондай-ақ, ақын бүркіттің адал достығы мен тектілік, батылдық қасиетін, құсбегілік салтының бір бөлшегін «еркіндік» символына сыйғызған. Бүгінде еліміздің туында еркін шарықтап ұшқан қыран бейнеленгені ақын арманының орындалғанының көрінісі.
|