Теңеу, эпитет Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Мұқағали поэзиясында тіл үшін дәстүрлі саналатын -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер мол. Мысалы: Жүрген жан ем байымай, тапшысынбай, Сарсаң болдым ертегі бақсысындай. Басым қалды жасырын полигон боп, Өзім тұрмын мақтаулы сақшысындай. Мысалы: …Жолбарыстай атылып тізгінді алдың, Жігіт жүрек қыз едің, жігіт жүрек, – делінеді. Бұл жерде ақын «жолбарыстай» - Жолбарыстай – теңеуімен жылдамдықты суреттесе, «жігіт жүрек» сөзі де әдемі теңеу тұлғасына келеді. Осы теңеудегі негізгі ерекшелік оның әрекетпен байланыстылығында болса керек. Мақатаев өлеңдерінде қазақ танымындағы дәстүрлі ұқсатулар (ассоциациялар) жетіп артылады.
- Ақынның теңеу өлеңдері жетерлік.
- Раушан гүліне сен серік едің, Раушан арасынан көріп едім…
- О, менің аққанат құс махаббатым,
- Қайдасың, қайтсем саған көрінемін?
- Бұл шумақтарда ақын қазақтың әрбір әйелін, әрбір қызын раушан гүліне аса шеберлікпен теңеп тұр. Ақын сонымен қатар жүрегіндегі махаббатын «аққанат құсқа» теңеп жүрек лүпілін, сезімін, махаббатын қарапайым сөздермен шебер жеткізе білген.
-
|