Оқушы Мұқағалидың 10 жасында әкесі соғысқа аттанады. Бала кезінен еңбекке ерте араласып, тез есейді. Жесірлердің көз жасын, әкесінен қара қағаз келген жетімдердің мұңын, бейнетті өмірді көрді. Мұқағали сол кезден бастап өлең шығара бастаған екен.
Ең алғаш әкесіне арнап «Әке аманаты» өлеңін жазды.
Топпен жұмыс. Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін оқу, мазмұнын түсіндіру.
Отан сөзіне кластер жасау
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Бақыт сөзіне кластер - отбасы денсаулық. Білім халық. Отан.
“Үш бақытым”
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Өмір сүрейік алмасып”өлеңін мәнерлеп оқу
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң.
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер, мүмкін, кімге ерсі),
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Давай меняться листьями,
Береза с сердечками-листьями.
Давай поменяемся жизнями
И стану я тысячелистным,
А ты будешь – с сердцем единственным.
Увидишь мир смутный и грозный.
Моими глазами пристальными.
В лесу, где березки-невесты,
Мне тоже найдется место.
Я жизнь мне совсем неизвестную,
Глазами березки исследую.
Питаешься ты от земли,
Питаюсь и я от земли,
Твой корень пророс из земли,
Моя жизнь родилась из земли.
Я – то человек, то – березка,
Ты – то береза, то – человек!..
Өлең бойынша адам мен қайынның жеке қасиеттерін анықтап, олар арасында екеуіне де тән қасиетін табыңыз.
Адам Қайың
жеке тұлға, бір жүрек,
тілі бар
ағаш,
тілі жоқ,
мың жүрегі
Тест.
1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді?
А) 1932ж.
Ә) 1931ж.
Б) 1986ж.
2. Мұқағалидің туған жері?
А) Жамбыл обл.
Ә) Нарынқол ауданы
Б) Тараз
3. Мына өлеңді кім жазды? «Менің анкетам»
А) С.Мұқанов
Ә) М.Дулатов
Б) М. Мақатаев
4. Мұқағали балаларға нелер жазды?
А) әнгімелер
Ә) романдар
Б) өлеңдер
5. Мына өлең жолын кімге арнады?
Әке, сенің жасынан асып барам,
Кезі-кезі келгенде тасып та алам.
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір ғашық балан.
А) Анасына
Ә) Ағасына
Б) Әкесіне
6. Мұқағали ақынға берілген атақ
А) Ақындардың ақыны
Ә) Ғасыр ақыны
Б) Халық ақыны
7. Мұқағали қандай тілдерді білді?
А) Орыс, Неміс, Қазақ
Ә) Ағылшын, Неміс, Орыс
Б) Орыс, Парсы, Түрік
Қорытынды. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.Артына мол мұра қалдырған Мұқағали:
Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулықтан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың, -
деп өсиет етті...
ІV Үйге тапсырма. Ұнайтын өлеңін жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |