Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын. Маған көрсетсең, мен есімде сақтай аламын. Маған осыны істеуге мүмкіндік берсең



Дата25.08.2017
өлшемі49,4 Kb.
#26983
Пирамида. Пирамидадағы параллель қималардың қасиеттері. Қиық пирамида
«Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын.

Маған көрсетсең, мен есімде сақтай аламын.

Маған осыны істеуге мүмкіндік берсең,

сонда бұл мәңгілік менікі болып қалады!»

Конфуций

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс: І

Топ: 140121 3 «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану»



Пән: Математика

1. Сабақтың тақырыбы: Пирамида. Пирамидадағы параллель қималардың қасиеттері. Қиық пирамида.

2. Сабақтың түрі және тұрпаты: ЖБМС, теория-тәжірибелік

3. Сабақтың мақсаты:

-Студенттерге макет жасата отырып, пирамида ұғымын қалыптастыру

-Пирамида элементтерімен, қасиеттерімен таныстыру

-Пирамиданың бейнесін жазықтыққа дұрыс кескіндеуге үйрету

4. Міндеттері:

4.1. Білімділік: а) оқу үрдісінде өткен көпжақтар, призма және параллелепипед тақырыптары жайлы білімдерін жетілдіру; пирамиданың негізгі ұғымдары жайлы модельдерді қолдана отырып түсінік беру; тақырыпқа қатысты есептер шығаруға үйрету;

4.2. Тәрбиелік: сабақ барысында студенттердің орындаушылық тәртіптің маңыздылығын түсінуі, алған білімдерін болашақ мамандықтарына байланыстырып, маңыздылығын түсіндіру

4.3. Дамытушылық: студенттердің кеңістіктегі пирамида қималарын елестете ойлау қабілеттерін дамытуға әрекет жасау, пирамида жайлы түсініктерін, ұғымдарын кеңейтуге бағдар беру;

5. Күтілетін нәтижелері:

5.1. Студенттер түсінуі тиіс: пирамиданың, қиық пирамиданың анықтамаларын, негізгі ұғымдарын түсініп, қималарының суретін сала отырып, есептер шығаруда қолдана алады;

5.2. Студенттердің құндылық бағдары болуы: оқушылардың тақырыптың болашақ мамандықтарына байланысты екенін түсінуі;

5.3. Студенттер жасай біледі: пирамиданың, қиық пирамиданың суретін салып, есептерді шығара алады.
Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Сабақ-тың жүргізу уақыты

Оқытушының басқарушылық іс-әрекеті

Әрбір кезеңдегі студенттердің іс-әрекеті

Сабақтың әр кезеңінің құралдары

1. Ұйымдастыру кезеңі


5-7мин

1.1. Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, кезекші тағайындау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

1.2. Сабақ барысының жоспарын түсіндіру

1.3. Студенттерді мозаика арқылы пирамида мен призма құрастыру арқылы 2 топқа бөлу


1.1. Оқытушымен сәлемдесу, топ кезекшісінің хабарламасы, сабаққа дайындықтарын қалыптастыру, студенттер 2 топқа бөліну

Рапортичка, топ журналы

2. Теориялық білімдерін тексеру




2.1. Бос орындағы сөздерді тауып, оны үш тілде айту

2.2. Блиц тестіні орындау




2.1. Студенттер жылдам қол көтеріп жауап береді.

2.2.Тестіні әр оқушы берілген параққа жылдам орындап, слайдта көрсетілген жауап бойынша қасындағы студенттің жауабын тексеріп, парағына тиісті ұпайды қояды. Топ басшысы оқушылардың алған ұпайын бағалау парағына қояды



Презентациялар, бағалау парағы

3.Тіреулі білімдерін жаңғыртып түзеу


8-10мин

3.1. Есеп шығару



2.1. Екі студент тақтаға басқалары дәптерлеріне шығару


Таратпа материалдар,

презентациялар



4. Жаңа білімді меңгеру

28-30мин

4.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

4.2. Студенттерге қағаздар таратып беріп, пирамиданың макетін жасату. Пирамиданың элементтерін макеттен көрсете отырып түсіндіру.

4.3. Макетке негіздей отырып, басқа да пирамидалар жайлы түсіндіріп, пирамиданың анықтамасын студенттерге шығарту.

4.4. Мысал есеп шығарту


4.5. Пирамидадағы параллель қималардың қасиеттерін слайд арқылы түсіндіру.

4.6. Жасаған пирамидаларынан қиық пирамиданы қалай жасауға болатынын түсіндіру

4.7. Бір студентке алдын-ала өмірдегі пирамида жайлы слайд жасап келуге берілген


4.1. Сабақтың тақырыбын жазып алады.

4.2. Оқытушыны мұқият тыңдай отырып, қағаздан үшбұрышты пирамида жасайды. Макеттен пирамиданың элементтерін түсініп алады.

4.3.Негізгі анықтамаларды дәптерлеріне жазып алады.
4.4.Макетті қолдана отырып, берілген есепті шығару

4.5. Оқытушыны мұқият тыңдап, түсініп алу


4.6. Қиық пирамида жасайды.

4.7.Слайд арқылы әлемдегі пирамидаларды көрсету 




модельдер, А4 парақтары, презентациялар

5. Білімді бекіту


20-23мин

5.1. Өтілген тақырыпқа байланысты есептер шығарту

5.2.Призма мен пирамиданың ұқсастығы мен айырмашылығын берілген плакаттағы Венн диаграммасына жазу




5.1. Берілген есептерді шығару

5.2. Топтар Венн диаграммасына жазып, әр топтан тақтаға екі студенттен шығып, жазғандарын оқиды.



Жұмыс дәптерлері, плакат, модельдер


6. Сабақтың қорытындысын келтіру

6-7мин

6.1. Түсіндіре сараптай отырып бағалау,

6.2. Рефлекция кезеңінде әр студентке алма пішінді стикерлер таратылады

Үйге тапсырма Н-5: 15-бет №7


6.1. Бағаларын тыңдап, үй жұмысын жазып алу

6.2. Сабақ барысында алған әсерлерін, ұсыныстарын стикерге жазып, плакаттагы корзинаға салады.



Жұмыс дәптерлері, плакат, стикерлер, оқулық: «Геометрия», Қайдасов Ж.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет