Тапсырманың орындалу әдістемесі: 1. Delphi 7 бағдарламасын іске қосыңыз: Пуск = Borland Delphi = Delphi 7.
2. Delphi 7 бағдарламасының Терезесін мұқият қараңыз.
3. Жаңа жоба құрыңыз: File = New = Other = New= Console Application. Оны «Мои документы» бумасында құрылған жоба бумасында сақтаңыз.
4. Жаңа файл терезесінде келесі код мәтінін тереңіз:
program Hello;
var HelloMessage: string; // айнымалыны сипаттау
{$APPTYPE CONSOLE}// компиляторға қосымшаның консольдік екендігін хабарлау
begin
HelloMessage := 'Hello!'; // айнымалыға мән меншіктеу
Writeln(HelloMessage); // айнымалы мәнін экранға шығару
end.
5. Код жазылған файлды Hello.pas немесе Hello.dpr деп сақтаңыз;
6. Командалық жолда DCC32 Hello деген команда арқылы бағдарламаны компиляциялаңыз;
7. Бағдарламаны іске қосыңыз, нәтижесінде экранда "Hello!" деген жазу шығады.