Мағжанның жұмбақ өлімі



бет2/4
Дата18.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#1990
1   2   3   4



Бауыржан МОМЫШҰЛЫ:


1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болу керек. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп, қазақша «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да үндемей отыра берді. «Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде:

- Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, - деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп:

- Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, - деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де:

- Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, - дедім. Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғандығын айтты.


(Қаһарман Бауыржан Момышұлы, 98-бет. Алматы, «Өнер» баспасы, 2008 ж.)

«Мағжан 1938 жылы атылды» деген пікірге мықтап бекінген болсаңыз, тағы бір дәлел келтірейін. Дәлел емес, куәгер. Жоқ, сіз ойлағандай емес, көзі тірі. Жасы тоқсанды алқымдаған Абдулла Абдрахманов ақсақал.





Абдулла Әбдірахманов:
1951 жылға дейін мен Мағжанмен Колымадағы Берелех лагерінде бірге болдым

Абдулла Әбдірахманов 1921 жылы Атырау облысының Жылой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында дүнеге келген. Ол кезде бұл жер Амангелді ауыл советі деп аталған. Әкесі Әбдрахман Айғыров осы маңдағы 1800 жылдары салынған белгілі Дүйсеке ата мешітінде білім алған, қазіргі тілмен айтқан дипломды діни маман болған.



- 1938 жылы алдымен әкемді ұстады. «Халық жауы» деп бір түнде ұсталған 27 адаммен бірге Гурьевтегі НКВД абақтысында 9 ай тергеу-тексеруден өткізген соң маған беймәлім себеппен босатты. Алайда кейін колхоздың ат-есегін бағып күнелтіп жүрген әкемді соғыс басталған тұста 1941 жылы қайта ұстап әкетті. Кейін НКВД түрмесінде Шымкентте өлгенін білдім. Бейбіт заман туған соң Шымкенттегі саяси құрбандар жерленген орынға барып дұға қылып, осы жерде әкем жатыр деп, сол қорымға белгі қойып кеттім,-дейді ол.

НКВД ОНЫ «ЖАПОН ТЫҢШЫСЫ» ДЕП ТАНЫДЫ
Соғыс жылдары Абдулла ақсақал Қосшағыл кенiшiнде оператор болып жұмыс iстеген едi. “Бәрi – майдан үшiн, бәрi – жеңiс үшiн!” деген ұранмен бел шешпей еңбек еткен 22 жастағы жас жiгiт ештеңеден аянып қалмаған-ды. Соғыс аяқталған соң да сол кәсiбiнен танбаған. Сөйтсе, репрессияның қанды шеңгелi әлi тыншымапты, тартар азабы да әлi алда екен. 1948 жылғы маусымның 6-сы күнi түнде НКВД жендеттерi оны да алып кетедi.

– Бiр ай абақтыда ұстаған соң, этаппен айдалып кете бардым. Сот маған “әкесi – халық жауы, өзi – Жапонияның агентi, Иранның десанты” деген кiнә тақты. Ал мен бар болғаны 3 кластық бiлiмiм бар, Жапония мен Иран тұрмақ, Гурьевтен аттап шықпаған адаммын. Оны кiмге дәлел қылып айтасың? – дейдi Абулла Әбдiрахманов.

– Жендеттер мойындамасыңа қоймайды. Тырнағыңның астына ине тығып, қайта-қайта ұрып-соғады. Күнi бойғы жауаптан әбден әлсiреп, есiң танып құлайсың. Үстiңе шелекпен мұздай су құяды, сiлкiнiп қайта түрегелесiң. Бұны ендi қайтып көрсетпесiн. Бұл туралы тiптi айтуға тыйым салынған, “жазаңды бiзде өтегенiң туралы ешкiмге айтпайсың” деп қол қойдырып алады.

Осылайша “жапондық тыңшы” жазасын өтеу үшін Магадан облысының Сусуманск ауданына аттанады.



  • Ол жерде 9 ай қыс 3 ай жаз болатын едi. Сондықтан қыс бойына жердi қазып топырақты үйе беретiн едiк те, жаз шығып, жер жiбiгенде құммен араласа шыққан алтынды сүзгiден өткiзетiнбiз. 6 ай Чукоткада да жұмыста болып, керi оралдық

Абдулла Әбдiрахманов өзi тарқатып айтпағанымен, әңгiмесiнен ол сол кезде СССР-дегi ең ауықымды саналатын Магадан облысындағы Дальстрой – жол және өндiрiстiк құрылыс тресi жүйесiндегi ЗапЛаг-та болғаны-ау деп шамаладым. ЗапЛаг 01.04.32ж. ашылғаннан берi бiрнеше мәрте қайта ұйымдастырылған СевВостЛаг құрамында болған. - Маған «әкесі халық жауы, өзі Жапонияның агенті, Иранның десанты» деген айып тағады. Ал мен бар болғаны 3 кластық білімім бар, Жапония мен Иран тұрмақ Гурьевтен аттап шықпаған адаммын. Оны кімге дәлел қылып айтасың? –дейді Абдулла Әбдірахманов.

– Әрине тергеушіге кінәсіздігімді айтып түсіндіруге тырыстым. Бірақ оны тыңдаған ешкім болды, олардың мақсаты мойындатуға қол жеткізу. Күні бойғы жауаптан әбден әлсіреп, есің танып құлайсың. Үстіңе шелекпен мұздай су құяды, сілкініп қайта түрегелесің. Тырнағыңның астына ине тығып, ұрып-соғады. Не үшін?! Бұл азапқа ешкім де төзбейді, бірнеше күннен соң, берген қағаздарына қол қойдым.

Бір айдан соң Абдулла Әбдірахмановты Гурьев облыстық соты СССР ҚК 58-бабының 10,14-тармақтарымен түзеу-еңбек лагеріне 10 жылға айдауға жіберіледі. Осылайша «жапондық тыңшы» жазасын өтеуге Магаданға аттанады.

- Мені Сусуманск маңындағы алтын өндіретін кеніште қара жұмысқа салды. Ол жерде 9 ай қыс, 3 ай жаз болатын еді. Сондықтан қыс бойына жерді қазып топырақты үйе беретін едік те, жаз шығып, жер жібігенде құммен араласа шыққан алтынды сүзгіден өткізетінбіз. Арасында 6 ай Чукоткада да жұмыста болып, кері оралдық,- деп еске алады ол.

Абдулла Әбдірахманов өзі тарқатып айтпағанымен әңгімесінен ол сол кезде СССР-дегі ең ауықымды саналатын Магадан облысындағы Дальстрой - жол және өндірістік құрылыс тресі жүйесіндегі ЗапЛагта болғаны-ау деп шамаладым.

Атырау облысының тоқсан екі жастағы тұрғыны Абдулла Әбдірахманов, 1951 жылы Мағжан Колымдағы лагерде аштық пен аурудан көз жұмды деп жаңа деректі жайып салды.

Ақсақалдың айтуынша, ол өзі де сол күзде ақынмен бірге жазасын өтеген көрінеді. "Мағжан Жұмабаев жерленді" деген жерді іздеген қазақстандық экспедиция құрамында журналистерден өзге ақынның туыстары мен 92 жастағы Абдулла Әбдірахманов та болды.

Ақсақал Мағжанмен бірге жазасын өтеген Сусуман ауданы Магаданнан 700 шақырым қашықтықта. Бірақ қария сыр берген жоқ. Өйткені ол халық жауы атанған ақынның елуінші жылдардың басына дейін өмір сүргенін дәлелдеуге міндетті еді.


АББУЛЛА АҚҚСАҚАЛ МАҒЖАННЫҢ ҚАБІРІН ІЗДЕП

МАГАДАНҒА ДА БАРДЫ

Осы күнге дейін «Мағжан ақын 1938 жылы атылды» делініп келгенімен, онымен соғыстан кейінгі Колыма лагерлерінде бірге болған Абдулла Әбдірахманов ақынның аштық пен аурудан 1951 жылы қалай көзжұмғанын көргенін айтқан. Осы материалдан соң Мағжан Жұмабаевтың қабірін іздеуге арналған экспедиция Ресейдің Магадан облысына барып қайтты. Делегацияны «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек СӘРСЕНБАЙ басқарды. Оның құрамында «АЖ» тілшісі мен құлсарылық Абдулла Әбдірахмановтан басқа да Мағжан ақынның туыстары Райхан ЖҰМАБАЕВА және Шәйзада БЕКІШЕВАЛАР болды.



Магаданда болғанда Абдулла ақсақал әңгімесін қайта өрбітіп:

- Көз алдымнан бәрі кино құсап заулап өтті. Осы жерде алтын қаздық, оны мына өзенде жудық. Үш ай жазда алтынды сүзіп үлгеруің керек. Қыста суық 60 граудсқа дейін барады. Бет қаратпайтын аяз басталады, - дейді Абдулла ата.

Атаның көрсетуімен ақын тұрған барактардың ескі жұртына бет алдық. Ол қиқы-жиқы салынған жер үйлердің арасымен жүріп кетті.

- Осы тұс, мына жерде қатар қатар біздің барактар тұрды. Ал қасымыздағы еңсесі биік баракта Мағжан Жұмабаев тұрды. Мынау аула болған, ара-арасында тиіп қашып тіл қатысатынбыз, - деді ата көзі жасқа тола.

- Көзі жұмылғандардың бәрін апарып, осы маңға көме салатын. Оның ешқайсысын бөліп, арулап жерлемейді. Тек ішіндегі атақты зектарға ғана басына белгі орнататын. Онда да қада қағылып, есімі ғана жазылатын. Дұрыстап қараңдаршы, «1951 жыл. Сергей не Алексей» деген жазуды көрсетсеңдер болғаны. Мағжанды сол тұсқа көмген, - деген Абдулла ата бізді артқа тастап зираттарды аралап кетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет