Мағжанның жұмбақ өлімі



бет3/4
Дата18.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#1990
1   2   3   4
(Осы қорымның бір бұрышында ұлы ақынның мүрдесі жатыр-ау...)
- Мағжан Жұмабаевтың жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері қандай еді?
- Мағжан кербез жүретін (ата оның жүрісін салып келтірді). Сөйлегенде адамға тіке қарамай, мойынын бір жағына бұрып, қырындау отыратын. Даусы жұмсақ, биязы еді.
- Мағжан айтқан әңгімелерден есіңізде не қалды?
- «Алаш» партиясының мүшесі болғанын, оның басшылары мен қолдаушыларының түгел дерліктей қуғындалып, қамалғанын айтқаны ойымда қалыпты. Жұмабай Шаяхметов – Сталиннің оң қолы болмақ, Сәбит Мұқанов – Голощекиннің сол қолы болмақ, Асқар Тоқмағамбетов – Мәйкевский (Маяковский дегені – С.Т.)- болмақ көрінеді дейтін. Сәбит Мұқановтың түрін бір көрсем деуші еді. Неге олай дейтінін іштей ұғатынбыз.
- Одан басқа не әңгімесі есіңізде сақталды?
- Сәбиттен зәбір көрген ау шамасы. Қазақ зиялыларына жасалған қиянаттардың шет жағасын шығаратын. Қасындағылардың жау болып шыққанын айтатын еді. Бірінші рет Сібір жақта отырып келген екен. Елде жүргенінде Сәбит Мұқанов жәрдем етіп, жұмысқа алдырыпты. Кейін «бұл шіріген жұмыртқа тағы шіріп жатыр» деп хабарлапты. Соны айтатын. Ол (С.Мұқанов - C.Т.) мәдениет, өнер саласындағы барлығын соттатты, тек жалғыз кісіні алып қалды деді. Онысы ридәксияда бастық болыпты, Түркіменстан жақтың тумасы болған.
- Мағжан Жұмабаевтың қайтыс болғанын қалай білдіңіз?
- Ертеңгісін жұмысқа апарарда сапта тұрғанбыз. Оның қайтыс болғанын естідік. Өліктерді жерлейтін арнайы адамдар болады. Солардың әкетіп бара жатқанын көрдім. Қасына барып қоштасуға, жерлесуге күзетші әскер жібермеді. Іштей қамығып, көзге жас алдым.
- Мағжанның өліміне не себеп болды?
- Ол азапты көп көргендіктен денсаулығы нашар еді. Жұмысқа шықпай, ауырып жатқандарға 400гр. нан ғана беретін. Біз оған артылған нанымызды,шайымызды апарып беретінбіз. Шифер қайнатып ішетін. Өлер алдында ісініп, кеуініп, төрт тағандап жүре алмай қалды. Тістерінің бәрі босап, иектері ас жегізбейтін. Цингамен ауырды. Өмірден солай өтті.
- Мағжанның қандай өлеңдер жазғанын білесіз бе?
- Мен өзім сауатсыз адаммын. Оның үлкен ақын екендігін кейін білдім ғой. Аурудан арылмасын білді ме, ауылға жете алмасын ойлады ма, бір күні бір сырты қапталған, су өтпесін деп жазу жазылған, қолдан жасалған блокнотын берді. Көбін жәдитше және кейінгі әріппен жазған екен, мен оқи алмадым. Оны «Алматыданмын деген қазаққа берерсің» деп аманаттаған еді. Елге жетерде поезда ұйықтап қалып ұрлатып алдым. Бұған әлі күнге дейін өкінем ( ата өкінішті үнмен өзін жазғыра сөйледі, күйінді).
Жоғарыда бейтаныс есімдерді байқаған боларсыз? Қайсы десеңіз есіңізге түсірейін «Мағжан ақынның туыстары...» деп келетін жері бар емес пе? Сол тұста Райхан ЖҰМАБАЕВА деген есімді байқаған боларсыз? Кім десеңіз айтайын, Райхан апайымыз, Мағжан Жұмабаевтың немере қарындасы. Інісі Қалижанның қызы. «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек СӘРСЕНБАЙ бастаған делегациямен бірге Мағжан атасының қабірін іздеп Колымаға жолға шықты.

Күтпеген хабар Колымаға жол тарттырды

Мен Мағжанның туған інісі Қалижанның қызымын, атым Райхан, – деп бастады әңгімесін сексенге келіп қалса да, ажарын бермеген апамыз. – Әттең, дүние-ай, ақын ағаның өзінен тікелей ұрпақ қалған жоқ, бірақ туыс-тума, жалпы Жұмабаевтар әулетінен Мағжан ағаның бар-жоғын түгендеп жүрген Қызылжарда, яғни туған жерінде Тасболат деген інісінің ұлы екеуміз ғана. Менің жасым болса – мынау, 77-демін, кәрілік күн санап өз дегенін жасатып, ауру-сырқау дегендер шыға береді екен ғой. Былтыр тамыз айында қатты ауырып, жансақтау бөлімінде жатқанмын. Сәл бетім бері қараған шақта маған Саят Жансүгіров хабарласты. Білесіздер ғой, Ілиястай ағамыздың ұлы. Екеуміз жақын дос, сырласпыз. Хабарласты да, халімнің біршама жақсы екенін сөзімнен, даусымнан білген соң: «31 мамырдағы «Жас Алашты» оқыдың ба?» деп сұрады. Ауырып жатып оқи алмай қалып едім, әйтпесе күнделікті баспасөзді қадағалап отырамыз ғой. Ауруханадан шыққан бойда әлгі газетті тауып, оқыдым. Сөйтсем, онда Атыраудың Құлсарысында тұратын Абдолла Әбдірахманов атты 92 жастағы қарт кісі кезінде өзінің Магаданда, Колыма лагерінде Мағжан ағаммен бірге отырғанын айтыпты. Әлгіні оқығанда төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей сілейіп отырыппын да қалыппын. Мәссаған, 1938 жылы атылып кетті деп жүрген ағамыз бертінге, 1951 жылға дейін тірі болыпты. Өз көзімен көрген адам міне тұр. «Егер туыстары болса, тіпті сол Мағжан жерленген жерді апарып көрсетіп, көрген-білгендерімді айтар едім, ақын аманаты әлі күнге мойнымда тұр, күні ертең арғы дүниелік болып кетсем, ол аманат мойнымда кетеді, екіншіден, қиянат жасаған болып табылам», – деген қария сөзінен соң өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей егіліп жылап алдым. Ол кісіге сол сәттен бастап ризамын, жасына қарамай, бізді сонау жер түбіндегі Магаданға бастап апарғанына да тіпті тәнті болдым. Тіпті 92 жастағы ол кісі түгіл, 77-дегі менің өзімнің сондай ұзақ жолға шығам дегеніме балаларым «бес минуты кем 80-десіз, ауруханадан шыққаныңыз да кеше» деп қарсы болды. Сонда да бой бермей «Мен бәрібір барамын, осыдан Мағжан ағам үшін жолда өліп кетсем, арманым жоқ» дедім. Расында, жол алыс та ауыр екен, қазақ текке «итжеккен» атамаған ғой: Мәскеуге дейін ұшақпен төрт сағат, ары қарай Магаданға дейін 12 сағат ұштық. Магаданның губернаторы қайта құдайына қараған азамат екен, әрі қарай Колымадағы лагерьге дейін тағы 650 шақырым кедір-бұдыр жолға төтеп беретін көлік пен қасымызға жол бастаушы адам қосып берді. Әйтеуір, әупірімдеп ит арқасы қияндағы Сусуман ауданына да жеттік қой. Ауылдың аты да қазақшаға ұқсайды екен өзі, Берелех деп аталады. Әбекең, Абдолла ағамыз, өзі отырған лагерьді көргенде жылап жіберді. Бір кездері көрген азабы, тозағы есіне түскен шығар. Мағжан ағамен сол жерде отырғанын, қалай көргенін айтып берді. «Қай қиырда жүрсе де, адам өз қанын іздейді екен ғой, лагерьден өзім секілді қазақты кездестіргенде ауылымды көргендей елжіреп, көзіме жас келгенін, сол сәттегі сезімді тілмен жеткізе алмаймын. Ал Мағжан ағаның бойынан ақсүйектігі білініп тұратын яғни қандай азап көріп, қандай жаман жерде жүрсе де, тектілігі білініп тұратын. Қайта-қайта «Сәбиттің көзіне бір қарар ма еді, шіркін» деп айтатын», – дейді редакцияға берген сұхбатында.

Сонда Мағжан ағамыз лагерьде қашаннан бастап отырған? – деген редакция сұрағына:

«Атылды» деп шығарған 1938 жылдан 1951 жылға дейін сол азап лагерінде жүргенге ұқсайды. Бұл деректің шындығын растайтын бір адам да бар, ол – өтірік айтуы екіталай қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы. 1948 жылы соғыс біткен соң да әскери тапсырмалармен жүріп сол Магадан жеріне жолы түссе керек. Сонда «осындағы азап лагерінде қазақтың бір ақыны айдауда жүр» деген әңгімені естіп, әуелі естіген әлгі деректің растығына көз жеткізу үшін, екіншіден, оның кім екенін анықтау үшін барыпты. Сол жерде Мағжан ақынды көріп, таңғалып әрі оның аянышты халіне жаны ашып, намысы келіп, елге барысымен шығарып алуға кіріспек болады. Бірақ оны сезіп қойған сол кездегі басшылық Баукеңді шұғыл әскери бұйрықпен басқа жерге жібереді де, сол бойына екеуі кездесе алмай қалады. Әбекеңнің айтуы бойынша, Мағжан лагерьде 1951 жылға дейін отырыпты. «Бір күні, – дейді Әбекең, – Мағжанның тіпті жүруге шамасы келмей, еңбектеп қалды». Қасына барып хал сұраған екен: «Аяқтарым ісініп кетіп, баса алмай тұрмын, еңбектемеске лаж жоқ» деп, сол еңбектеген күйі қара жұмысын істей беріпті. Қалай ауырмасын, өзі ол жердің қысы адам төзгісіз, 50-60 градус суық, одан мұзды судың түбінен құм алдырып, ол құмды елетіп, алтын іздетеді екен. Ал беретін тамақтары күніне небары 400 грамм нан ғана. Ауырмай қайтсін? Сөйтіп жүргенде көп ұзамай Әбекең таңертең далаға шыққанда сондағылардың аузынан «Магжан умер» деген қаралы хабарды естіген. Жүгіре жеткенде, ең аяныштысы сол, оны «қазақтың сондай бір беткеұстар тұлғасы-ау» деген ешкім жоқ, күрекпен алып, ары ысыра салған. Жалпы, лагерьде кім өлсе де, олардың жансыз денесіне қарап, рәсімін жасауға ешкімнің құлқы да, мүмкіндігі де болмайтындықтан, жан-тәсілім еткендер сол құлаған жерінде қала береді екен. Кейін барып оларды жинап әкетіп, бір жерге топтап көме салады. Соны естігенде қалай жыламайын?!.

Жоғарыда Райхан апамыздың қасында тағы бір бейтаныс есімді байқадыңыз ба? Шайзада БЕКИШЕВА. Кім десеңіз айтайын, Мағжан атамыздың немересі.




Шайзада БЕКИШЕВА:
Мағжан тек қана біздің атамыз емес, ол өзінің атын мәңгіге қалдырып кеткен жан. Өлеңдерімен анасын, Отанын, махабатты, барлық әдемілікті жырлаған адам. Сондай ұлы адамды айыптау, осылай жер аудару таста жазылғандай «кінәсіз кінәлі болған».

Экспедиция мүшелері сандаған азап лагерьлерінің орта тұсындағы дәл осы тарихи белгі басында ескерткіш тақтаны орнатуға қалдырды. Ақын ғұмырын мұрағаттық құжаттармен зерттеу жұмысы жалғасуда. Дәйек толық табылғанда ұлы ақынның НКВД жендеттері қолынан емес, Колыма түрмесінде қаза болғаны туралы анық айтылатын болады. Ал Мағжан Жұмабаев жайлы тың деректің әзірге жалғыз тірі куәгері – оның 93 жастағы лагерлесі Абдулла Әбдірахманов қана. – Мағжан тек қана біздің атамыз емес, ол өзінің атын мәңгіге қалдырып кеткен жан. Өлеңдерімен анасын, Отанын, махабатты, барлық әдемілікті жырлаған адам. Сондай ұлы адамды айыптау, осылай жер аудару таста жазылғандай «кінәсіз кінәлі болған».

Экспедиция мүшелері сандаған азап лагерьлерінің орта тұсындағы дәл осы тарихи белгі басында ескерткіш тақтаны орнатуға қалдырды. Ақын ғұмырын мұрағаттық құжаттармен зерттеу жұмысы жалғасуда. Дәйек толық табылғанда ұлы ақынның НКВД жендеттері қолынан емес, Колыма түрмесінде қаза болғаны туралы анық айтылатын болады. Ал Мағжан Жұмабаев жайлы тың деректің әзірге жалғыз тірі куәгері – оның 93 жастағы лагерлесі Абдулла Әбдірахманов қана.

Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ, «Мағжан» атты монографиялық зерттеуі үшін Мемлекеттік сыйлық алған әдебиетші-ғалым. Ол кісінің пікірнше жоғарыдағы деректер, «тірі» куәгерлер, айтылған деректердің барлығы да – лақап әңгіме.





Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ
«Оның бәрі - лақап әңгіме»
- 1995 жылы шыққан монографиямда мен Мағжанның қай жылы, қай күні атылғаны туралы 8-бөлімнің анықтама қағазын көрсеттім. Ал «Мағжан кейінгі жылдары да тірі болған» деген әңгімелердің бәрі өтірік. Ешкімнің ешқандай дерегі жоқ, бірінен бірі естіген, «анау айтыпты», «мынау айтыпты» деген лақап әңгіме әншейін. Бізде оның атылғаны туралы нақты құжат бар.

Бауыржанның оны қай кезде көріп жүргенін мен білмеймін. Мағжан 1938 жылы атылған.
Мен осы мақаланы бекерден-бекер жазып, жариялап отырғаным жоқ. Ал енді жоғарыдағыларды салыстырайық. Сізге түсінікті олу үшін кестені сөйлетейін. Сіз мұқият қараңыз.


«Мағжан Жұмабаев

1938 жылы атылған жоқ»



«Мағжан Жұмабаев

1938 жылы атылды»



1. Бауыржан Момышұлы:

«Мен Мағжанды көрдім...»

1. Шериаздан Елеукенов:

«Оның бәрі – лақап әңгіме»

2. Абдулла Абдрахманов:

«1951 жылға дейін мен Мағжанмен Колымадағы Берелех лагерінде бірге болдым»




3. Райхан Жұмабаева:

«Атылды» деп шығарған 1938 жылдан 1951 жылға дейін сол азап лагерінде жүргенге ұқсайды»




4. Шайзада Бекишева:

«Дәйек толық табылғанда ұлы ақынның НКВД жендеттері қолынан емес, Колыма түрмесінде қаза болғаны туралы анық айтылатын болады.»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет