Мағжанның жұмбақ өлімі



бет4/4
Дата18.11.2016
өлшемі1,46 Mb.
#1990
1   2   3   4

Осы кестеден не байқадыңыз(дар)? Бірі «...тірі болған» десе, енді бірі «1938 де қайтқан» дейді. Ал сіз не дейсіз? Сіздің ойыңызша Мағжан қай жылы қайтты? Айтпақшы кестенің «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылған жоқ» деген бөлігіне тағы бір «ұпай санын» қосып бермекпін. Тағы бір куәгер бар. Басқалары бір төбе болса, бұл жолғы дерегім бір төбе. Сонымен, ол кім - дейсіз ғой? Айтайын. 2012 жыл. Мен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті ғана болатынмын. Кезек әдебиет сабағы болатын. Пән мұғалімі – Кенжеахметова Зәмзәгүл Сейітқызы. Таныдыңыз ба? Бұл кісіні танымасаңыз мына кісіні танырсыз? Сейіт Кенжеахметұлын айтамын. Сейіт Кенжеахметұлы мен Зәмзәгүл апайды не үшін сабақтастыра, байланыстырып отыр деп ойлап отырған боларсыз. Онда айтайын, Зәмзәгүл апай Сейіт Кенжеахметұлының қызы. Бауыржан атамызды көзімен көрген апайымыз бірі һәм бірегейі осы кісі.


Зәмзәгүл Сейітқызы:
«БАУЫРЖАН АТАМЫЗДЫҢ МАҒЖАНДЫ КӨРГЕНІ РАС»

Зәмзәгүл апайдың сабағы еді. Көп күтпедік, келді. Келгеннен-ақ, «Мағжан...» дегенің деп сөз бастады. Сейіт Кенжеахметұлымен, яғни әкеммен Алматыға, жазушылардың бір жиналысына бардым. Ол кезде әлі бала едім. Бір кезде екі кісі екі қолынан демеп бір кісіні алып келіп, орындығына отырғызып жатыр. Алып денелі, ірі кісі екен. Бала болсам да, Бауыржан атам екенін бірден білдім.



Бауыржан Момышұлының Мағжанды көргені рас. Бауыржан атам Мағжанды алып кетуші еді, бірақ Бауыржан ата әскери киімде болғасын, Мағжан одан қорқып қашып кеткен. Неге десеңдер, Мағжан ол кезде НКВД-дан көп зорлық-зомбылық көрген болатын.

Зәмзәгүл Сейітқызы, соншалықты қорлауына «Тыңшы» деп танылғасын ба, әлде басқа да себептері бар ма?

  • Ол кезде «Үштік» атты Одақ болатын. Кімде кім белсенділік таныта бастаса болды, «Үштік» Одақ соларды апарып қамайтын. «Үштік» Одақ ойына келгенін істей алатын. Билік соларды болды емес пе?.. Көшеде келе жатқан кез-келген кісіге «Сен куәгерсің, мында қолыңды қой» деп қол қойдырып, сол қолдың күшімен «жемтіктерін» «Сен, Совет үкіметіне қарсы шықтың» деп апарып қамап, азаптап, соңында атқан. Ал, Мағжанның айыбы – өлеңі. Оларға өлеңдері үшін де айып тақты. Мағжан басқа «Алашордалықтарға» қарағанда өте бір сондай маржан тісті ақын болатын. Мағжанды қинағанда да тісін жұлып қинайтын. Сондықтан да болар, тамақ іше алмай, аштықтан қайтты.

Зәмзәгүл Сейітқызы, сонда қазақ зиялыларының «сатқындығына» куәгерлік еткен кім?

  • ...танымайсың ғой. Бір өтірікші болған. Торғайлық. Өтірікш болғанда да суайт еді. Әрі араққа жақындау еді. Аты Айса. НКВД-ның адамдары Айсаны ұстап әкеліп, «жемпіктеріне» куәгер ретінде қолын қойдырып алып жібере салатын. Солай қаншама адамдыұрып-соқты, қаншамасын жазықсыз қамады, қаншамасын атып та тастады. (Төмен қарай қарап, мұңайған қалпында «Жер хабар бермесін» деп, бір күрсініп алды)

Сонымен кестені қайта өзгертейін. Жоқ алдымен кестеден бұрын тарихшы-ғалым Талас Омарбековтің пікірін қоса кетейін.

Талас ОМАРБЕКОВ, тарихшы-ғалым:

«Бәрібір ештеңені дәлелдеу мүмкін емес»

- Бауыржан Момышұлының Мағжанды көргені туралы естелігі бары рас. Бірақ бүкіл құжаттарда «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атыл­ды» деп айтылады, солай қабылданған. Енді келіп «Олай емес екен, Мағжан атылмапты» деген әңгіме шығарудың не қажеті бар?! Бә­рібір ештеңені дәлелдеу мүмкін емес.

Жалпы, репрессия туралы ашылмаған ақиқат, айтылмаған әңгіме қалған жоқ. Бәрі жазылды, айтылды. Мағжан ақталды, кітаптары шығып жатыр. Басқа не керек енді?!

Сонымен қай жерге келіп едім. Иа, есіме түсті әлгі көрсеткіші минут сайын өзгеріп жатқан кестеге келген екенмін ғой.



«Мағжан Жұмабаев

1938 жылы атылған жоқ»

«Мағжан Жұмабаев

1938 жылы атылды»

«Атылмсын» мейлі «атылмасын»


1. Бауыржан Момышұлы:

«Мен Мағжанды көрдім...»

1. Шериаздан Елеукенов:

«Оның бәрі – лақап әңгіме»

1. Талас Омарбеков:

«Бәрібір ештеңені дәлелдеу мүмкін емес»

2. Абдулла Абдрахманов:

«1951 жылға дейін мен Мағжанмен Колымадағы Берелех лагерінде бірге болдым»







3. Райхан Жұмабаева:

«Атылды» деп шығарған 1938 жылдан 1951 жылға дейін сол азап лагерінде жүргенге ұқсайды»







4. Шайзада Бекишева:

«Дәйек толық табылғанда ұлы ақынның НКВД жендеттері қолынан емес, Колыма түрмесінде қаза болғаны туралы анық айтылатын болады.»







5. Зәмзәгүл Сейітқызы:

«Бауыржан атамыздың Мағжанды көргені рас»







Ортақ есеп.

5

1

1

Хош, сонымен, басқа - басқа, сіз қандай ойға тоқтадыңыз? Сіздің ше Мағжан қай жылы қайтқан? Бірден жауап бере алмайсыз...

ТҮЙІН

Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қаза тапты. Біз әдебиетті, әдебиетті болғанда да қазақ әдебиетін осылай оқып келеміз. Себебі ұстаздарымыз бізге осылай үйретті. Ұстаздарымызға да осылай үйреткен болар, сірә. Ал біз ше? Өзіміз «өтірік» оқығанымызбен қоймай, ертең киінгі ұрпаққа «өтірік» әдебиетті оқытамыз. Менің мамандығым мұғалім. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндеріміз біздерден әріп үйреніп, ана тілдерімен танысады. Ана тілі басталған сәттен-ақ кейінгі әдебиет өкілдері осы Мағжандармен танысады. Сонда оларға да «өтірік» айтамыз ба? «Өтіріктік құйрығы бір-ақ тұтам» деген де сөз бар. Мен бір ғана қазақ зиялысының өмірін қозғап, қазбаладым. Тек бір ғана Алаш зиялысының өмірінде қаншама былық, қаншама өтірік. Ал басқа да қазақ зиялыларын не істейміз? Әлде тарихшы-ғалым Талас Омарбеков сияқты «Бәрі-бір ештеңені дәлелдей алмаймыз», деп жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырамыз ба? Сіз не дейсіз?



Нұрбол ҚАБИ.



АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет