Тақырып: Вербальды (ауызша) және литтеральды (жазбаша) шарттар (1 сағат).
Мақсаты: Ауызша шарт ұғымы, стипуляция және литтеральды шарттар, үй кітаптары, синграфтар мен хирографтарды түсіндіру.
Вербальды шарт түсінігі (verbis obligatio). Verbum – сөз. Римде вербальды шарт ерте кезде пайда болған шарт болып табылады. Вербальды шарт – бұл ауызша шарт және оның жарамдылығы үшін белгіленген тәртіптегі сөздерді айту жеткілікті болып табылады. Вербальды шарт міндеттемені сөз арқылы бекіткен, яғни белгілі фразалар мен формулаларды жеткізу арқылы жасалатын шарттар. Вербальды шарттың негізгі түрі стипуляция. Стипуляция тек біржақты міндеттемені туындатты. Стипуляция кезінде несие беруші борышқордан тек қарыз сомасын талап ете алды, және пайыз немесе шығынды талап ете алмайтын.
Стипуляцияның пәні. Стипуляцияның қолданылу аясының кеңеюі. Классикалық кезеңде стипуляциядан туындайтын міндеттеме тоқтатылды. Классикалық кезеңнен кейін стипуляция жазбаша құжат болды, яғни оны құрастыру міндеттеменің пайда болуы үшін мәнді. Кепілділік. Стипуляциядан басқа вербальды шарттың жекелеген түрлері: қалыңдықтан некеге тұратын ер адамға жасау беруі туралы уәде; еркіндікке жіберілген тұлғаның өз патронына адал қызмет көрсететіндігі жөніндегі анты; азаматтық қоғам пайдасына уәде беру.
Литтеральды шарт ұғымы (contractus litteralis). Литтеральды шарт дегеніміз жазбаша шарт, оған кіріс-шығыс кітаптары т.б. жатады. Литтеральды шарттар Рим құқығында б.з.д. 3 – 2 ғасырларды пайда болған. Үй кітаптары. Синграфтар мен хирографтар. Синграф (гр. «жазбаша құжат») – бұл екі дана етіп жасалатын борыштық қолхат. Синграф үшінші жақта толтырылды және оған куәгерлер қатыстырылды. Хирограф – бұл куәгерлердің қатысуынсыз бірінші жақта толтырылатын борыштық міндеттеме.
№ 26, 27 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |